Материалдар / " Адам және табиғат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Адам және табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзат дамуының алғашқы, табиғатқа тәуелді кезеңінде талай мыңдаған жылдар бойы жердегі халық саны баяу өсті. Біздің заманымыздың басында Жердегі адам саны 230 млн-ға әрең жеткен. Оның 2/3 Азияда тұрған. Қазір дүниежүзінде 6,4 млрд-қа жуық халық тұрады. Алдағы уақытқа арналған ғылыми болжам бойынша Жердегі халық саны 2025 ж. 8 млрд адамға дейін өседі. 21 ғасыр аяғында ол 10-11 млрд адамға жетіп, тоқтайды.Адам Антарктидадан басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған. Олардың сыртқы түр-түсіне, дене құрылысына, бет пішініне өмір сүрген табиғи ортасы үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да ыстық жақ пен суық аймақ адамдарының сыртқы келбеті бір-біріне ұқсамайды. Осыдан барып тарихи ұзақ кезеңде адамдардың нәсілдік тптары қалыптасқан.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
590
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамзат дамуының алғашқы, табиғатқа тәуелді кезеңінде талай мыңдаған жылдар бойы жердегі халық саны баяу өсті. Біздің заманымыздың басында Жердегі адам саны 230 млн-ға әрең жеткен. Оның 2/3 Азияда тұрған. Қазір дүниежүзінде 6,4 млрд-қа жуық халық тұрады. Алдағы уақытқа арналған ғылыми болжам бойынша Жердегі халық саны 2025 ж. 8 млрд адамға дейін өседі. 21 ғасыр аяғында ол 10-11 млрд адамға жетіп, тоқтайды.Адам Антарктидадан басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған. Олардың сыртқы түр-түсіне, дене құрылысына, бет пішініне өмір сүрген табиғи ортасы үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да ыстық жақ пен суық аймақ адамдарының сыртқы келбеті бір-біріне ұқсамайды. Осыдан барып тарихи ұзақ кезеңде адамдардың нәсілдік тптары қалыптасқан.

Адамзат үш үлкен нәсілге бөлінеді. Олар: еуропалық түрдегі (ақ), монғолдық түрдегі (сары) және негрлік түрдегі (қара) нәсілдер.Әр түрлі нәсілдердің өкілдері бір-бірінен дене бітімі, шашы, терісі, көз қиығы, бет пішіні, т.б. жөнінен ерекшеленеді.Негрлік түрдегі нәсілге жататындардың терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біршама шығыңқы келеді. Бұл нәсілдің өкілдері Африка және Аустралияда тараған. Монғолдық түрдегі нәсіл адамдарының терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш болады. Сары нәсіл Азияның көп жерін қамтиды. Оған Американың үндістері де жатады. Еуропалық түрдегі нәсілге жататындардың терісі ақ, мұрны қырлы, ерні жұқа, шашы толқынды немесе жатық болып келеді. Бұған Еуропа, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның халқы жатады.Нәсілдердің бұл айтылған белгілері тұрақты және олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, тұқым қуалайды.Әр түрлі нәсілдерге жататын адамдар бір-бірінен табиғи ортаға бейімделген сырт кельеті жөнінен ғана ерекшеленеді. Олардың көру, есту және ойлау қабілеттері бірдей. Нәсілдік ерекшеліктер қоғамның дамуына, халықтардың іс-әрекетеріне ешқашан әсер етіп көрген жоқ.

2.Табиғат ресурстары пайда болуы жағынан литосфералық, гидросфералық, атмосфералық және биосфералық; пайдалануы бойынша өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және көпмақсаттылық; сарқылу дәрежесіне байланысты сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Адамның әрекетінің әсерінен табиғатта түрлі өзгерістер болып жатыр. Оған себеп – адамның күнкөрісі табиғатпен байланысты. Ол табиғаттан керегін алмай, оны пайдаланбай отыра алмайды. Жер қойнауынан пайдалы қазбалар өндіру, металл қорыту, егін егу, су энергиясын пайдалану және сол сияқтылар табиғатқа тікелей әсерін тигізеді. Мәселе – табиғатқа тимеу емес, оны жағымсыз өзгерістерге ұшыратпау. Ол үшін табиғат құбылыстары мен заттарын зерттеп, дұрыс пайдалана білу керек. Табиғат ресурстарын қорғап, оны ұтымды пайдаланғанда ғана адамзат өзінің Жердегі тіршілігін мұнан әрі жалғастыра алады. Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану өндірілген өнімдер мен бұзылған жерді екінші қайтара іске асыру; көмір, мұнай, газ қорын үнемдеу және ауаны ластанудан сақтау; өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және сақтау; қуат көздерін іздеу шараларын қамтиды.Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық,климаттық,су,жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобынга ажыратылады.Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайрандары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, XXI ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мумкін.Табиғат байлықтарының ішінде адамзаттың ең көп пайдаланатыны – су. Жер шарында пайдаланылатын тұщы су қорының 70%-на жуығы тек егіс алқаптарын суландыру мақсатында жұмсалады. Сонымен қатар, өнеркәсіп орындары мен тұрмыс қажетіне пайдаланылатын су мөлшері де тез өсіп келеді. Жер шарындағы әрбір қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л су жұмсайды, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Планета халқы 6 млрд-тан асып отырған қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы су тапшылығы байқалады. Сондықтан Антарктидадағы мұзтауларды ауыз су тапшы елдерге тасымалдау, мол сулы өзендерді шөлді аудандарға бұру, теңіз суын тұщыландыру жобалары іске асырылуда.

Ауыл шаруашылық өнімдерін морлайту үшін қажетті табиғат байлықтарының бірі- топырақ. Оның құнарлылығы табиғат зоналары бойынша әркелкі болып келеді. Топырақ тез өзгеріске ұшырайтын компанент болғандықтан оған ұқыптылықпен қарап, тиімді пайджалану қажет.Адамдардың шаруашылық әрекетін барынша дамытуға климаттық жағдайлар да күшті әсер етеді. Жер шарының жылу мен ылғал жеткілікті, топырағы құнарлы жерлерінде ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алуға болады. Ал климаты мейлінше қолайлы аймақтарда тіпті жылына бірнеше рет өнім алуға болатынын білесіңдер. Бірақ ол үшін тек қолайлы климат жағдайы жеткіліксіз, сонымен қатар топырақты қосымша тыңайту, қажет болса суару, ауыл шаруашылық машиналарын қолдану қажет.Жер шарының ең басты байлықтарының бірі- өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қалпына келе алатын мүмкіндігіне байланысты оларды ұтымды пайдалануға болады. Орман байлықтары адамның көптеген шаруашылық қажетін өтейді. Жер бетінің30%-на жуығын алып жатқан ормандар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтаумен қатар, адамдар мен жануарлардың тіршілігі үшін де өте маңызды. Сонымен қатар орман алқаптары жер бетіне әсем көрік береді. Адам әрекеті нәтижесінде ормандардың аумағы жылдан-жылға қысқарып келеді. Табиғи өсімдіктер өсетін үлкен алқаптар жайылым ретінде пайдаланылады. Жер шарының 1\3 бөлігін егістіктер, бау-бақша, шабындық пен жайылымдар аалып жатыр. Адамзат тіршілігіне қажетті өнімдердің едәір бөлігін мәдени өсімдіктер береді. Дүние жүзінде 3 мыңнан астам мәдени өсімдіктер өсіріледі.

3.Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда “үй, қоныс” деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізген. Экология алғашында тіршілік пен оның мекен ортасының қарым-қатынасын сипаттайтын биологиялық ғылым саласы болған. XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылымының ауқымы кеңейіп, табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына айналды. Сондықтан табиғи ортаның жай-күйі көбінесе “экологиялық жағдай” ұғымы арқылы сипатталады.Кез келген табиғат кешені біртұтас құрылым болып табылатынын білесіңдер. Табиғи ортадағы бір компаненттің өзгерісі оның басқа компаненттеріне де әсерін тигізеді. Нәтижесінде жалпы экорлогиялық жағдай өзгереді. Әсіресе атмосфераның жай-күйі ғалымдарды алаңдатуда. Ғаламшарымызды оттегімен қамтамасыз ететін ылғалды экваторлық ормандардың айаусыз кесілуі, өнеркәсіптің қарқымды дамуы атмосфера құрамындағы оттегінің мөлшерін азайтып, керісінше көмірқышқыл газы мен шаң-тозаңдардыпң үлесін арттырады. Ол өз тарапынан полярлық аймақтарда мұздықтардың еруін тездетуде. Соның әсерінен Дүниежүзілік мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп, халық тығыз қоныстанған ждағалық жазықтарды су басуда.Дүниежүзілік мұхит қайраңдарында мұнайдың өндірілуі және тасымалдануы нәтижесінде су бетінде мұнай қалдықтарының жұқа қабаты түзіледі. Ол мұхит пен атмосфера арасындағы ауа алмасуын қайраңдар балықтардың уылдырық шашып, көбейетін орны болғандықтан Дүниежүзілік мұхит суындағы балықтардың өнімділігі төмендеуде. Бұл өз тарапынан теңіз жануарлары арасындағы қоректік тізбектің бұзылуына әкеліп соғуда. Жоғарыда келтірілген мысалдар адамдардың табиғатқа кері әсер етуінен табиғи ортада экологиялық тепе-теңдік бұзылатынын дәлелдейді.Географиялық қабықтың біртұтастығына байланысты ортақ үйіміз- Жер ғаламшарының кез келген түкпіріньдегіо экологиялық зардаптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Оған сендер материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барысында көздерің жетті. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, ұлттық және халы қаралық деңгейде қатар ұйымдастырып, жүргізу қажет. Өздеріңе таныс “Семей-Невада”, “Гринписс”, қозғалыстарының басты мақсаты да осы шараларға негізделген. Жер шарындағы барлық елдерге ортақ байлық болып табылатын атмосфера мен Дүниежүзілік мұхит суларын қорғау мақсатында қабылданған халықаралық келісімдердің маңызы зор. Халықаралық табиғат және табиғат байлықтарын қорғау қоғамы ұйымдастырған Халықарлық қызыл кітап 1968 жылдан бастап, Жер шарындағы жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды тіркеп, оларды қорғау шараларын ұйымдастыруда.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!