400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Әдептілік әліппесі "

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әдептілік әліппесі»

Мақсаты: Оқушылардыадамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігінарттыру.

Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

І.Өсиет мақалдар.

1.Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

2.Жаманға айтқан ақылың,

Далаға атқан оқпен тең.

3.Татулық – табылмас байлық.

4.Жақсы адам-елдің ырысы,

Жақсы жер- жанның тынысы.

5. Әдептілік ар-ұят,

Тұрпайы мінез тағы жат.

ІІ. Құпия хаттармен жұмыс.

Әдептілік, адамгершілік туралы.

1.Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

2.Әдепті бала болғың келе ме?

3.Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

4.Әдепсіз бала қандай болады?

5.Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: Сонда адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата-баба салт-әдеттерін үйренеміз.

Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерін ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.




Ақыл әліппесі.

1-оқушы:Атан-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.




2-оқушы:Әдептілік дегенің,

Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.

3-оқушы: Спортпенайналыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

4-оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

5-оқушы: Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды қылық байқайсың.

ІІІ. Сұрақ жауаптар.

Суреттер бойынша жұмыс жасау.

ІҮ. Жалғастыр ойыны.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және жалғастырады.

1.Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

2.Құстарды атуға болмайды.

3. Кішкене баланы жылатуға болмайды.

4. Қыз баланы ренжітуге болмайды.

5. Сабақтан кешігуге болмайды.

6. Сыныпта айғайлауға болмайды.

7. Үлкен кісіні сыйлау керек.

8.Үлкеннің тілін алу керек.










Ү. Құпия хаттарға жауап беру.

ҮІ. Қорытынды:

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан?!

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағанша.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі