400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Айзере қалай жастықпен ренжісті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділік: Балаларға ертегілер еліне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау, ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің міңез- құлқын жеткізуге үйрету. Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл- қозғалысын келтіріп ойнауға баулу, сөздерді анық айтуға, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Тәрбиелік: Балаларды мейірімділікке, қайырыдылыққа тәрбиелеу, досына көмектесе білуге, қолғабыс етуге, жақсылық жасауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Борас орта мектеп- бақша» КММ





Даярлаған: Сулейменова А.Е











Бесқарағай 2018ж



Тақырыбы: «Айзере қалай жастықпен ренжісті?»

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, музыка.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға ертегілер еліне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау, ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің міңез- құлқын жеткізуге үйрету.

Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл- қозғалысын келтіріп ойнауға баулу, сөздерді анық айтуға, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды мейірімділікке, қайырыдылыққа тәрбиелеу, досына көмектесе білуге, қолғабыс етуге, жақсылық жасауға үйрету.

Салеметсіздер ме құрметті қоңақтар! Сіздердің назарларынызға «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері дайындаған «Айзере қалай жастықпен ренжісті?» атты ертегісін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Бір ананың Айзере деген бір ерке қызы болыпты. Анасы қызын ұйықтауға жатқызады.

Назым- анасы: Төсегіне жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой

Ұйықтатады анасы

Еркелетіп баласын

Ұйықтай ғойшы баламау

Ұйықтай ғойшы жанымау

Ұйықтай ғойшы баламау

Ұйықтай ғойшы жанымау


Анасы жастығын жөндеп, көрпесін жауып басқа бөлмеге кетеді.

Айзеренің болса ұйқысы келмейді. Біресе ыстық , біресе суық, біресе жастығы биік, біресе қатты болып көрінеді. Ашуланып кеткен Айзере жастығын жұдырығымен ұрады.

Айзере: ұйықтаудан мен жалықтым

Көзімді жұмғым келмейді

Жастыққа жатпаймын

Көрпені де жамылмаймын

Ұйықтаудан мен шаршадым

Ұйқысы келмеген Айзере далаға шығып, біраз тұрып, бақаның бақылдағаның естіп;

Айзере: Ұйықтамаған қандай тамаша, ұйықтамаған қандай керемет!!

Аулада жүріп- жүріп итіне келеді.

  • Аф, аф бұл кім?

  • Бұл мен Айзере

  • Түнде ұйықтамай , не істеп жүрсің?

  • Мен төсегіме ренжіп қалдым, маған төсекте жату ыңғайсыз. Төсекте ұйықтау мүмкін емеес.

  • Дұрыс айтасын менің үйшігім бәрінен де жақсы. Төсегіме құйрығымды орап алып, тұмсығымды тығып ұйықтағанға не жетсің? Кел, кел мен үйді күзеткенше демалып ұйықтап ал.

Айзере үйшікке кіріп демалды. Ақтөс сияқты екі бүктеліп жатайын десе ыңғайы келмейді, әрі бүктеліп, бері бүктеліп Айзере жата алмады.

Ит: би «Собачий вальс»

  • Аф, аф Айзере мен саған сүйек әкелдім. Енді жақсы ұйықтайсың.

  • Рақмет саған ақтөс. Сенің үйшігін жақсы екен. Бірақта мен бұл жерде ұйықтай алмаймын.

  • Қалай жаман сенің бабынды табу қиын екен!

Ақтөс үйшігіне кірді, Айзере болса тауық қораға бет алды. Тауығы жұмыртқа тапты ма , соны білгісі келді.

Тауықтар: Би «Шөжелерім»

-қыт, қыт бұл кім? Бұл кім?

  • Бұл мен Айзере

  • Түнде ұйықтамай , не істеп жүрсің?

  • Мен төсегіме ренжіп қалдым, маған төсекте жату ыңғайсыз. Төсекте ұйықтау мүмкін емеес.

  • Онда сен бізбен ұйықта. Қанатынды жайып, көзіңді жұмып, бізбен ұйықтаған сондай тамаша. Бізбен кел

Айзере тауықтармен бірге отырып, аяғын жинап, басын мойнына кіргізіп отырды. Бір жағынан тауық, бір жағынан балапан жылы не деген тамаша. Бір кезде Айзере ұйықтап кетіп, құлап түседі.

  • Е, сенде ( тауықтар)

Айзере тауық қорадан шығып баққа бет алады. Жүгіріп жүріп көлге келдеі.

Бақалар шығады

Бақалар: би «Лягушки»

  • Бақ, бақ қандай тамаша! Бұл кім түнде қыдырып жүрген?

  • Бұл мен Айзере

  • Түнде ұйықтамай , не істеп жүрсің?

  • Мен төсегіме ренжіп қалдым, маған төсекте жату ыңғайсыз. Төсекте ұйықтау мүмкін емеес.

  • Е, солайма? Онда бізге кел. Мен саған тамақ беремін.

Айзеренің аяғы су болғандықтан тонды.

  • Мен бақалардан қорқам, суда салқын.

Айзере теріс бұрылып,

-дала қандай суық. Өзімнің жылы, жұмсақ төсегіме барғым келеді.

Айзере аяғының ұшымен өз бөлмесіне келеді. Жерде жатқан көрпесін көтеріп, жастығын орнына қойып:

  • Бұл дүниеде менің төсегіменен артық ештене жоқ.

Хор

Жастықпенен дос болам, Көрпеменен дос бола

Ен жылы да, ең жайлы,Менің ғана төсегім

Әркімнің өз төсегі,Өз –өзіне ыстық қой

Ең жылы , ең жайлы

Оны достар біліп қой

жастықпенен

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі