Материалдар / " Әкем ,анам және мен"

" Әкем ,анам және мен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкем анам және мен атты ашық тәрбие шарасы өтті. Бұл тәрбие шарасы мектеп пен ата -ана арасындағы байланысты нығайту .Өз баласының мектептегі деңгейңн білу
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Әкем анам және мен

Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың тілін дамыту, алған білімдерін тиянақтау, тексеру; есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту: ата-ана, мұғалім, оқушы пән арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

  1.Кіріспе сөз.

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар,! Бүгін сіздер «Әкем, анам және мен» атты жанұялық, танымдық кешке жиналып отырсыздар.

Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол  әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын  түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-анасы.   Бүгін бізг е қонаққа ата-аналарымыз келіп отыр . Алдарыңыздағы шарларды жару арқылы топтарыңыздың атын анықтайсыздар

1 –топ Берекелі отбасы

2-топ Белсенді отбасы

3-топ Тапқыр отбасы

4-топ Өнегелі отбасы

1 Берекелі отбасына

1Отбасы дегенді қалай түсінісіздер?

2.Балаңыздың туған күні

3Балаңыздың сүйікті асы қандай?

2 Белсенді отбасына

1.Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?

2.Отбасыңыздың басшысы кім?

      3. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні.

          №3 Тапқыр отбасына

   1.Мектептің мекен-жайы

      2.Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды.

       3.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

4.Өнегелі отбасына

1.Отбасы қандай болуы керек?

3.Балаңыздың парталас көршісі кім?

3.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

4. еркелетіп қандай сөз айтасыз

Оқушылар келесі кезек сиздерде ата-аналарымызға арнап айтар өлең жырларымызды ортаға салайық



1-оқушы  

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

2-оқушы

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

3-оқушы

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

4-оқушы

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

5-оқушы

Әкем шытса қабағын,

«Байқа, балам» дегені

Алған көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны.

6-оқушы

Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді

7-оқушы

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

8-оқушы

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

9-оқушы

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген

10-оқушы

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

11- оқушы

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

12- оқушы

Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анамене данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген,

Дүние қымбат екен анаменен

Ән: Бала тілегі орындайтын Сагидоллаева Мадина ,Мухамбетова Фаризат , Хамидолла Назерке

: «Сезім гүлі»
Бала деген кім?
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын
жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б


Біз екеуміз бірге

? Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»

-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

Би Ха-фа –на на

Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай болса, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. б Біздің баларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек

ІХ. Бұлттың тапсырмасы

Әріптер жасырылған Әр топтан бір бір ата-ана шығады

А- АЛТЫНЫМ АЖАРЛЫМ АРАЙЛЫМ АРЫСЫМ АҚ МАҢДАЙЛЫМ АҚЫЛШЫМ АҚ ПАТШАМ

Қ –ҚОШАҚАНЫМ,ҚҰЛЫНЫМ ,ҚАРҒАМ .

Ж-ЖҰЛДЫЗЫМ,ЖАНЫМ ,ЖАПЫРАҒЫМ ЖАЛҒЫЗЫМ ЖАРЫҒЫМ

Б-БОТАМ БАҚЫТЫМ , БАЛАПАНЫМ БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ

Көркем сөз Әке –анам! Оқитын Адебиет Нүрай

Жүректен жүрекке

Оқушылар ата-аналарына арнаған тілектерін білдіреді.


Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік дей келе бүгінгі Әкем анам және мен атты танымдық кешімізді жабық деп жариялаймыз. Қатысқан ата-аналарымызға көптен көп алғыс білдіреміз. Әрбір шаңыраққа жанұя бақытын баланың шаттығын күндеріңізді шуақтылығын тілеп ата-аналарымызға марапаттаулар ұсынамыз.






     



ЖИ арқылы жасау
11 Қараша 2018
1274
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі