400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Алғашқы қар "

Материал туралы қысқаша түсінік
Maқсaты:Қоршаған ортамен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Алғашқы қар »

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Керекті құралдар: Қыс мезгілінің суреті, мақта, қар.
Қос тілді компонент: Қыс - зима, қар - снег, аққала - снеговик.
Қызығушылықты – ояту

- Балалармен бірге шеңбер бойына тұрғызып әнұран айту.
- Балалармен шаттық шеңберін құрып бір - бірлеріне бүгінгі күнге жақсы сөздер айтады:
Сен бүгін қандай әдемісің.
Көйлегің қандай әдемі,
Шашың қандай жақсы.

Мақсаты: Сыйластыққа, әдептілікке, татулыққа тәрбиелеу.
- Балаларды орындарына отырғызу.
Ұйымдастыру -кезеңі:
- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
* Балалар, мына суретке қараңдаршы, бұл ненің суреті?
* Иә, балалар, қардан аққала жасауға болады.
Қазір бәріміз бірігіп, аққала жасаймыз.

Ойын. «Аққала»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту.
Шарты: Балалар үш топқа бөлініп, аққаланың дөңгелек бөлшектерін мақтадан жасайды, барлық бөлшектерді бірге құрастырады.
Рефлективті түзету:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қардан біз не жасадық?
- Қардың түсі қандай?
Белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі