жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
" Алғыс айту - игі іс". ашық сабақ 8-сынып
Шымкент қаласы білім басқармасы Сайрам көмекші
мектеп-интернаты
Тақырып: 1 Наурыз «Ризашылық пен алғыс айту күні»
Мұғалім: Ибрагимова Санабар Пайзирахмановна
25.02.2019жыл
Сабақтың тақырыбы: " Алғыс айту - игі іс".
Сабақтың мақсаты: Балалардың "сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- улкен - кішігу деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ресурстар, оқулық, суреттер.
Дәйексөз: "Өмірге риза болып, алғыс айт".
Шаттық шеңбері: - Сәлеметсіңднр ме, балалар! Бәріміз шеңбер бойлай кезегімен өміріміздің тағы бір тамаша күні үшін өз ата-аналарымызға және Табиғат-Анаға ризашылығымызды білдірейік. Осы күнді жақсы өткізуге ойша уәде берейік. Бугінгі сабақты " Ризашылық әнімен" бастайық:
Ризашылық әні.
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Әңгімелесу: - Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Мұғалім: - Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Мәтінмен жұмыс:
Алғыс. М.Төрежанов.
Қан қызыл қызынаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:
- Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет! - деді.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!
Балалар бақшаға жүгіріп келді де, қызанақ өсіп тұрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады:
-Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар!
Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:
- Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рақмет!
Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп:
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді, - деді.
Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:
- Рақмет саған, жомарт бұлт! Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рахаттандық! -деп айқайлады.Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар!
Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыспен:
- Уа, әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейірімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көп-көп рақмет!
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, - деді күн күлімдеп тұрып. Қызанақты отырғызып, дамылсыз баптаған адамға алғыс айтыңдар! Қызанақты дәмді еткен - адамның еңбегі!
Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып:
- Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнім береді.
Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді.
Сұрақтар: Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?
Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
Түйіндеме
Сабақта Данышпан атаның айтқан бата сөздері түйіндеме ретінде ұсынылады:
Рақмет! Мұратыңа жет!
Өнерің өрге жүзсін!
Жасың ұзақ болсын! Азамат бол!
Таудай бол! Еліңе қорған бол!
Өркенің өссін! Айың ойыңнан тусын!
Бақытты бол! Алла разы болсын!
Білімді бол! Мерейің устем болсын!
Өнерлі бол! Нұр жаусын!
Бағың жансын!
Сахналау: Данышпан атаның осы алғыс сөздерін қазір сахналау кезінде қолдануымыз тиіс.
Оқушыларды 2 топқа бөлінеді.
Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.
1- топ: Сыныптас қыз баланың туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;
2- топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау.
Дәйексөз: "Өмірге риза болып, алғыс айт".
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рақмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Жаңа ақпарат: Ризашылық - "Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз". Ал балалар қазір кімдерге озіміздің алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.
Оқушылар орындауында тақпақтар:
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шащты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Біздің тілек.
Бізге ашық күн керек, Тыныш болып жер беті,
Аспан керек мөп-мөлдір. Түршікпесін денеміз.
Қуанышқа тұр бөлеп Азамат боп ер жетіп,
Бақытты өмір төккен нұр. Ағаларға ереміз.
- Ал қазір бір-бірімізге бүгінгі күн үшін алғыс пен достық сезімдерімізді білдірейік.
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, "Рахмет" деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар.
Жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
Құрметті оқушылар бүгінгі сабақтан жақсы әсерлеріңізді жүректеріңізге орналастырып қойыңыздар. Рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген