Материалдар / " Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
• Күз мезгілінің ерекшеліктерітуралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну. • Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту. • Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

31 «Күншуақ» МДҰ











«Алтын күз»

Мерекелік ертеңгілік

5 «Нұршуақ» ересектер тобы





Тәрбиешілер: А.Ж.Жуканова

Д.С Нурмагамбетова

Саз жетекшісі: Л.И.Муканова



















Ақтөбе -2019ж

«Алтын күз»

Мақсаты:

  • Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

  • Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

  • Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп

Тойға бөлеп елімді күзім келді.

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз.

Ән: «Ой қандай күз, қандай күз»

Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.

Күз аруы: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты.

Ел егінін орыпты.

Алма, өрік, шиелер,

Себеттерге толыпты.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.

Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Алтын күз» мерекемізге қош келдіңіз!

Күз аруы: Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы көретін күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?

Балалардың жауаптары: (күн суытады, күн жаңбырлы болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жемістер мен көкөністер піседі, қамбаға астық толады т,б.).

Күз аруы: Балалар, менің сүйікті мезгілім туралы білімдеріңіз өте жақсы екен.

Жүргізуші: Күз аруы, сіздің құрметіңізге балалар өнерлерін тамашалаңыз.



Тақпақтар:

1. Ислам: Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.


2.Гүлдана: Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық



3.Мырза:Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

4.Мейірлан: Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі қыз.

Жер қазығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.

5.Алдияр: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Ән: «Кап- кап, тук- тук!»

Күз аруы: Менің көйлегімде де, залда күздің ерекшелігі сары, қызыл жапырақтар екен. Ал олар қай ағаштан түскендерін тани аласыздар ма?

Ойын: «Өз ағашыңды тап»

Шарты: Үлкен суретте қайың, емен, терек ағаштары бейнеленген. Шашылған жапырақтардан өз ағашына сай жапырақты таңдап іліп қою керек. Кім тез болады, сол жеңеді.

Күз Аруы: Біздің балалар ағаштар жапырағын білгеніне риза болдым

Би: «Күзгі вальс»

Музыка әуенімен Алмұрт ата мен Сәбіз бөбегі бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.

Сәбіз: Мен тәттімін!

Алмұрт: Жоқ, мен тәттімін дедім ғой!

Ару Күз: Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап көріңдер.

Алмұрт: Балалар, сәбізге айтыңдаршы мен тәттімін ғой!

Сәбіз: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!

Күз аруы: Онда балалардан сұрайық. Сәбіз бен Алмұрттың қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптары: Алмұрт -тәтті, дәмді, жұмсақ. Алмұрттан тосап және шырындар дайындайды. Ол да дәрумеге бай. Сәбіз – қатты, бірақ дәруменге бай.Тамақтың дәмін келтіреді. Салаттар дайындайды.

Жүргізуші: Сендер енді келісесіңдер ғой балалардың жауаптарымен? Екеулеріңіз де пайдалы, тәтті екенсіздер!

Күз аруы: Балалар, мен сендерге қуанып отырмын, бәрін біледі екенсіңдер.

Жүргізуші: Жақсы рахмет, балалар бәрін үйреніп жатыр,енді сіз өнерлерін тамашалаңыз.

Би: «Көкөністер»

Жүргізуіші: Келесі кезекті әсем әнімізге береміз.

Ән: «Күзгі әуен»

Тақпақтар:

1.Сайда: Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлайық.

2.Алина: Қарашы күз келді,күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Көңілсіз неткен күз еді.


3.Ахмет: Падают, падают листья

В нашем саду листопад.

Желтые, красные листья

По ветру вьются летят

4.Айша:

Би: «Жемістер»

Күз аруы :Ой керемет биледіңдер қыздар.

Күз аруы : Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Біз басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп келейік. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Сау болыңдар, достар!

Жүргізуші: Балалар, «Алтын күз» мерекесі осымен аяқталды. Жомарт күз бізге тобымызға сыйлық тастап кетіпті, соны алайық. Өнерлеріңе рахмет!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!