400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған !»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: мерекелі берекелі күз,балалар күздің бізге берері мол екенін түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған !»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 

Жүргізуші:  Қарсы алайық бәріміз,

  Жасымыз бен кәріміз.                          

      Қырдан кепті қыдырып,    

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,  

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар
? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

Балалардың тақпақтарын тындайық:  

Ән: «Алтын күз»

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:   Сәлем менің достарым,
                                Өмірге көп қосқаным,
                                Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                              Молшылыққа кенеліп,
         Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық.  (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да .(Бидай)

 



Жүргізуші : Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Балапан»

Күз ханшайымы:  Балалар!енді барлығымыз бір ойын ойнайық, бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Күз ханшайымы: Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Күз ханшайымы  саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.

Інжудің орындауында ән.

Күз ханшайым: Рахмет балалар сендердің өнерлеріңді тамашаладым !Енді мен қайтайын ,келесі кездескенше сау болыңдар!

Ән: «Күз келгенде »
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі