«Ана-өмір
шуағы » атты ән байқау
сценарийі
Мақсаты: Жас ұрпақтарды шығармашылыққа баулып,
оқушылардың бойындағы өнерімен талабын арттыра түсу. Оқушыларымызға
өнер мәдениетін ұғындыру, алға қойған мақсатқа жету жолдарын үйрете
білу және өнерлерін шыңдау. Оқушыларымыздың ән өнеріне деген
қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Шарлар, тақырыптар, музыкалық
апаратура.
1 -
жүргізуші: Армысыздар, құрметті ән сүйер
қауым!
2 - жүргізуші: Салеметсіздерме құрметті де аяулы
біздің ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз.
1 -
жүргізуші: Бүгін сіздермен бірге жүргізушілер
Әйгерім және Нұғыманова
Самал
2 -
жүргізуші: « Өзін –өзі тану» Махаббат пен шығармашылық
педагогикасы » атты онкүндік аясында 5 – 11сыныптардың арасында
өткізіліп отырған «Ана –өмір шуағы» атты ән байқауына қош
келіпсіздер!
1 -
жүргізуші: Өнерпаздар жарысып, сан
– салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуеленген әсем ән жолданады.
Мектебіміздің
мұғалімі Жанабаев Сұлтанбектің орындауында «Анашым» әні қарсы
алыңыздар.
2-жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға
катысушыларды ортаға шақырамыз.
(Музыка
әуенімен сайыскерлер ортаға шығады)
1 -
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.Әділ –қазылар алқасының төрайымы-Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары- Зинаида
Султанқызы
2. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі- Брянова Ажар
Кентаевна
3.Музыка пәні мұғалімі -
2 –
жүргізуші: Байқау шарты бойынша оқушылар АНА туралы ән шырқауы керек
және сахна мәдениеті,орындалатын әнге байланысты киім үлгісі
қаралады.Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім
бойынша аңықталады.Балдық ең кіші ұпай саны 5, ең үлкен балдық жүйе
10. Ал енді үміткерлерімізге сәттілік
тілейміз.
1 - жүргізуші: Ал, олай болса, Самал ендігі кезекті біздің
оқушыларымызға берелік
1-
жүргізуші: Ән көңілдің ажары,
Бөлейтұғын шаттыққа.
Қуаныштың базары,
Тарқамасын аптықпа.
Арман қуған жастарым,
Кеудеңе үміт нұрланар.
Ән шырқалсын келіңдер,
Талаптарыңа нұр жауар.
Ортада
өзі бестікке оқитын, жан – жақты өнерлі қызымыз 5 а сынып
оқушысы Қуанышова Мәншүк «Әке- ана» әнімен қарсы
алыңыздар.
2 –
жүргізуші: Сыныптың ерке жігіті, ән десе жанын берер жігітіміз 5 б
сынып оқушысы Қуатов Елнұр «Кешір ана» әнімен қарсы
алыңыздар.
1 –
жүргізуші: Алдарыңызда сыныпта салмақты, өнерлі, сөзін тура айтатын
жігітіміз 5 ә сынып оқушысы Болатов Әділбек
«Анашым» әнімен қарсы
алыңыздар.
2 –
жүргізуші: Өзі салмақты, әнге жан дүниесі құмар ару қызымыз 6 а
сынып оқушысы Ботагөз «Ана».әнімен қарсы
алыңыздар
1 –
жүргізуші: Сыныптың аруы, бір бойынан мың өнер табылатын сұлу
қызымыз 8 ә сынып оқушысы Таңатарова Аяулым
«Асыл ана» әнімен
ортада.
2 –
жүргізуші: Өзі ерке,сөйлеген сөзі өтімді, әнге құмар сұлу қызымыз 8
а сынып оқушысы Берікова Дилназ « анашым» әнімен қарсы
алыңыздар.
1 –
жүргізуші: Сөзінде тұратын,өзіне қарата білетін жігітіміз 9 ә сынып
оқушысы Кеңшілік Нұрдәулет «ана» әнімен қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші:Ән десе жаның беретің, айтқанынды екі
етпейтін сұлу жігітіміз 10 а сынып
оқушысы Махамбетов
Данияр «АНА» әнімен қарсы
алыңыздар
1 –
жүргізуші: Ал ендігі сөз әділ – қазы алқаларына береміз.(
марапаттау)
2 –
жүргізуші: Рахмет.
1 –
жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген әншілеріміз алдағы уақытта
көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен
талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге
тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер
талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап,
өркендете берейік дегім келеді.
2 –
жүргізуші: Арайлап атса келешектің ақ таңы,
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса жастар,
Қазақтың ертеңі мен мақтаны
1-жүргізуші: Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп
рахмет!
1-2 –жүргізуші: Сау – саламатта
болыңыздар!
Дайындаған:Султанаев Н.