400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

« Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін табуға есептер шығару»

Материал туралы қысқаша түсінік
Арифметикалық прогрессия
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _____________

Пән мұғалімі: Ускенбай Г.Б. Күні: 20.11.2019 жыл

Пәні: Алгебра Сыныбы: 9 «А» Оқушы саны: 22

Сабақтың тақырыбы

9.2 А. Тізбектер

Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін табуға есептер шығару

Сабақтың мақсаты

9.2.3.5 Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесін есептеу формуласын білу және қолдану.

Күтілетін нәтиже

Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын пайдаланады және оны қолданып есептер шығара алады.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері, есептер шығарудағы іскерліктері, өз бетімен еңбектенуі және білімділігі дамиды.

Табыс критерий

  1. Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау

  2. Зерттеудегі өзіндік үлесін бағалау

  3. Тақырып нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау

  4. «Бас бармақ» әдісі (бас бармақ әдісі арқылы бағалау)

Қолданылатын

әдіс-тәсілдер

«Адасқан тізбектер» топқа бөлу, « Блум түймедағы», «жетістік» баспалдағы,оқушыға арналған бағдарлық карта,т.б.

Алдыңғы білім

Сандар тізбегі, арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесін табу формулалары

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, формулалар, тақта, стикерлер, ноутбук,интерактивті тақта,

Ресурстар

А.Е.Әбілқасымова,Т.П.Кучер,В.Е.Корчевский,З.Ә.Жұмағұлова Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық./1бөлім/ – Алматы: Мектеп, 2019. – 113 бет.

Жоспар

Сабақ кезең-дері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Қызығу-

шылық-ты ояту

«Адасқан тізбектер»

/Топқа бөлу/

Психологиялық ахуал орнату

Сандар тізбегі жазылған парақшалар таратады.

  1. 1;3;5;7;9;11;13;15;17;...

  2. 2;4;6;8;10;12;14;16;...

  3. 5;10;15;20;25;30;35;...


«Қасиеттер жиыны» ойыны

Мұғалім «Ә» әрпін айтса, оқушы бойындағы «Ә» (мысалы, «Әдемі») әрпінен басталатын қасиетін айтады

«Сыншыл дос» таңдау.

Оқушылар парақшадағы тізбектер бойынша үш топқа бөлінеді

І топ «Тақ сандар тізбегі»

ІІ топ «Жұп сандар тізбегі

ІІІ топ «5-ке бөлінетін сандар» тізбегі

Түсіну

Мағына-ны тану
















«Интервью»

әдісі

/Ой қозғау/















«Интервью» әдісі бойынша ашық және жабық сұрақтар қою арқылы өткен материалдарды еске түсіруге ықпал жасайды.








Қайталау сұрақтары

1.Тізбек және оның берілу тәсілдері туралы не білесіз?
2.Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтіріңіз?
3.Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайтынымызды түсіндіріңіз?
4.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын тұжырымдаңыз ?.
5.Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиетін айтыңыз?






Оқушылар топ ішінен «интервью» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беруге жұмыстанады.


Қолдану

































Сергіту сәті

«Сен маған,мен саған» әдісі













Графикалық органайзер
/ақпаратты сүзіп алу әдісі/










Сайтпен

жұмыс

/интернетпен байланыс/

Топтық жұмыс

І топқа берілетін тапсырма

  1. Арифметикалық прогрессияның а8 мүшесін табыңдар:

0,5; -1; -2,5;...

ІІ топқа берілетін тапсырма

  1. Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар:

-13,3; -10,1; -6,9; ...

ІІІ топқа берілетін тапсырма

  1. Арифметикалық прогрессияның а10 мүшесін табыңдар:

-3,3; -1,2; 0,9; ...


Жұптық жұмыс

Оқулықпен жұмыс.№13.1

Оқулықтағы тапсырмалардың қайсысы арифметикалық прогрессия болатынын,қайсысы арифметикалық прогрессия болмайтынын анықтау. (Сүзгіде сүзіп алу керек)


Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Оқулықтан А,В,С-деңгейлері бойынша есептер беріледі

А-деңгей: № 13.3; 13.6; 13.7

В-деңгей: № 13.10; 13.12;13,20

С-деңгей:13,22;13.27


  • www.bilimland.kz сайтынан алынған бейнежазбамен берілген есептің шешімін табу



«Еден-төбе-мұрын» әдісі




Топпен ақылдаса отырып,есепті бірігіп шығарады, келесі топқа тексеруге береді.


Оқушылар топтық бағалау жасайды


Оқулықпен жұмыс жасайды.




Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды және тақтада қорғайды.





Bilimland сайтымен жұмыс жасайды


Талдау

«Блум түймедағы»

/сұраққа жауап арқылы талдау жасау/

«Блум түймедағы»-ның сұрақтары

1.Қарапайым сұрақ: Прогрессия деген сөзі нені білдіреді?

2.Нақтылау сұрағы: Арифметикалық прогрессия формулаларын есептер шығаруда қолдана аласың ба?

3.Түсіндірмелі сұрақ: Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі, қай кезде кемімелі болады?

4.Шығармашылық сұрақ: «Арифметикалық прогрессия өмірде » тақырыбында эссе жазу.

5.Бағалау сұрақтары: Бүгінгі сабақта не жақсы, не жаман болды?

6.Практикалық сұрақ: Берілген сурет бойынша прогрессия құрастыр


Қойылған сұрақтарға жауап береді


Жинақ-тау

Testmoz.kz

/онлайн тест/

Цифрлы Қазақстан жобасы бойынша

Экранда testmoz.kz бағдарламасымен құрастырылған тест жұмысының тапсырмаларын үш топқа көрсетеді

Тест тапсырмалары

1. Арифметикалық прогрессияда а1=3, d=2 болса, оның алғашқы бес мүшесін көрсетіңіз. 
A) 4
; 5; 7; 9; 11;...B) 3; 5; 7; 9; 11;... 
C) 3
;6; 7; 9; 11;... ,D) 3; 6; 8; 9; 11;... 
E) 3
; 5; 7; 9; 12;...
Жауабы: В

2.Арифметикалық прогрессияда а1= –7,3 және

а2= –6,4 болса, 26 саны тізбектің нешінші мүшесі болады? 
A) n=39 ,B) n=38 ,C) n=27 ,D) n=28 ,E) n=30 
Жауабы: B

3. Арифметикалық прогрессияда а1=1, d=3 болса, оның жетінші мүшесін табыңыз: 
A) 9 
,B) 29 ,C) 39 ,D) 19 

Жауабы:D
4.Арифметикалық прогрессияда а3=7,5 , а7=14,3 болса, d мен а1-ді мүшесін табыңыз:

A) d=6,8, a1= –6,1 ,B) d=3,4, a1=0,7 
C) d=1,7, a
1=4,1 ,D) d=1,4, a1=4,7 
E) d=1,6, a
1=4,7 
Жауабы: C

5. Арифметикалық прогрессия берілген:

0,2; 1;...

а9 мүшесін табыңдар
A) 6,6; B) 5; C) 5,6; D) 6

Жауабы: А


Оқушылар тест тапсырмасын ұялы телефон арқылы орындайды.

Бағалау


«Жетістік»

баспалдағы

Т оптық бағалау Өзін-өзі бағалау


«Сыншыл дос» өз ойын ортаға салады.

Оқушылар өздерін бағалайды.

«Сыншыл дос» пікірін тыңдайды


Үйге тапсырма

«5 жол»

әдісі

«Арифметикалық прогрессия » тақырыбына «5 жол» өлең жазу,

Есептер шығару № 13.10,13.12












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі