«Роботты техника
негіздері»
2017 жылдың тамыз айының 14
жұлдызында «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚБАИ ОҚО бойынша филиалы базасында
«Роботты техника негіздері» тақырыбында физика, математика,
информатика пәндері мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру
курсы басталды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31
қаңтардағы халыққа арнаған Жолдауында «Ең
алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз
– білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына
айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз
бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге,
IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты
дамытуға баса көңіл бөлу керек» - деген болатын. Қазіргі таңда
қарқынмен дамып келе жатқан жоғары
технологиялар – ғарыш, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық
қауіпсіздік, қорғаныс және көптеген басқа барлық салаларға еніп
отыр. Қазақстан Республикасындағы жаңа технологиялардың шалқып
өркендеуі, өнеркәсіптің жылдамдатылған индустрияландыруы келешек
ұрпақтың жоғары білікті техникалық кадрлар дайындауын талап
етеді.
«Роботты
техника негіздері» бағдарламасының басты мақсаты роботты техника
саласындағы педагог кадрлардың білімін жетілдіру.
Міндеттері:
-
педагогтерді роботты
техника жөніндегі білімдері деңгейін арттыру үшін жағдай
жасау;
-
роботтар алгоритмдерін әзірлеудің практикалық
дағдыларына жету;
-
роботтар әрленімін әзірлеудің практикалық
дағдыларына жету.
Күтілетін
нәтиже:
-
роботты техника
негіздерін меңгеру үдерісінде математика, физика, геометрия және
информатика пәндерінің сабақтастығын
ұғыну;
-
топтық және жобалық
жаттығулар уақытында алған білімдерін тәжірибеде
қолдану;
-
бірнеше көздерден алынған
ақпараттарды жинақтау.
«Басқару және білім беру
сапасы»
кафедрасының аға
оқытушысы Садыкова Г.