жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
. «Асыл анам»
«Қызғалдақ» ересектер тобы. «Асыл анам» мерекелік ертеңгілік.
(Ұл балалар көңілді әуенмен залға кіреді, қолдарында аналарына арналған жүректері бар. Қыздар қолдарына гүлдер ұстап кіреді, қатарласа тұрып би-билейді.)
1бала-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар. Сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!!!
2бала-Қадірлі ана көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі,
Шаттыққа, шаттық ұлассын. 3бала-Құрметті аналар, бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөздер, күмбірлеген күй, шырқалатын әндер сіздерге арналады.
4бала-Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздерінен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр-бір күнің, әр айың!
Жүр.-Жарайсыңдар балалар, не деген жақсы тілектер, не деген құттықтаулар, міне нағыз жігіттер осындай болу керек.
5бала-Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Мейрам күні бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
(Әдемі музыка орындалады, балалар бір-бір гүлден алып аналарына сыйлайды) .
Жүр.-Ананың әр-бір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейрімі тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың гүлдерін қабыл алыңыздар!
Жүр.-Енді аналарымызға арнаған ақ тілектерімізді тарту етейік.
7бала- Ана, ана, ана-не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз.
8бала-Ана-ең жақын, әрі ыстық адам!
9бала-Ана-ең аяулы жан!
10бала-Ана деген бәйтерегі өмірдің!
11бала-Ана-деген қуанышы көңілдің!
12бала-Ана-деген әр-бір үйдің жылуы!
13бала-Ана-деген мөлдір жандар бұлақтай!
14бала-Ана-деген асыл жандар болаттай!
15бала-Қандай бала болмайық,
Анамызға дәріміз.
Көтерсінші көңілін,
Ән салайық бәріміз!!!
Ән. «Апатайым анашым».
(Әнді орындап болғаннан кейін, ұл балдар қыздардың қолдарынан ұстап орындықтарға отырғызады).
Жүр:- Қош келдің, төрлет Ару Көктем,
Еріді дала, қар, мұзың.
Бәйшешек жарды ақ гүлін,
Гүлденді жайнап жер жүзің!
- Олай болса, балалар көптен күтіп сағынған шуақты да, жарқыраған Ару Көктемді қарсы алайық! (Көңілді музыка әуенімен Ару көктем келеді, құшағы толы гүлге, қолында хаты бар.)
Ару Көктем: - Мен көңілді көктеммін, Дән болып жерге себілем
Былтыр келіп кеткенмін. Жаңбыр болып жауам да,
Көзін ашып бұлақтың, Нұр болып көктен төгілем.
Түбіне тал еккенмін, Шуағымды төгіп әлемге!!!
Гүл болып қырда егілем,
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қымбатты да, сүйікті аналар! Сіздерді көктемнің алғашқы күні 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Жүр:- Қош келдіңіз Ару Көктем! Төрлетіңіз.
Мерекелі көктем келді,
Берекелі көктем келді.
Тақпақ айтып балалар,
Қуантайық ананы.
(балалар көктем мезгілі, анала, әжелер туралы тақпақтар айтады)
Ару Көктем:- Жарайсыңдар балалар, қандай керемет тақпақтар айтып бердіңдер. Ия, балалар қазір өзімнің мезгілімде жер дүниені аралап тіршілік табиғатқа жан бітіріп, адамдарға нұр мен жылулығымды сыйлап жүрмін. Және бүгінгі мерекеге шақырғандарың үшін көптен-көп рахметімді айтамын. Енді сендердің сыңғырлаған дауыстарыңнан әдемі ән тыңдағым келіп отыр.
Жүр:- Дала гүлге оранады,
Түрлі-түске боянады.
Нұрлы көктем келген кезде,
Табиғатта оянады.- Балалардың орындауында «Көктемде» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Көктемде»
Ару Көктем- Керемет, өте тамаша ән шырқадыңдар. Байқап тұрмын бәріңде сондай өнерлі, талантты екенсіңдер, жарайсыңдар.
Жүр:- Ару Көктем! осы жерде сіздің үш айыңыз балаларыңызды көріп отырмыз. Балаларыңыздың қонақтарға көрсететін қандай өнерлері бар?
Ару Көктем- Менің балаларым өздерінің мезгілдері туралы өнерлерін көрсетеді. Мінекей балалар мына үйшік көктем мезгілінің үйі. Оның ішінде менің үш балаларым бар. Ал, мына үйшік Қыс мезгілінің үйі. Қыс мезгілі қазір өзінің отбасымен ұйықтап жатыр.Ал, енді менің ботақандарым! Менің сүйкімді, мейірімді, шырайлы айларым! Менің жайдарлы өмірім! Келіңдер!
(көңілді музыка әуенімен Көктемнің үш айы би-билеп үйшіктен шығады.)
Наурыз айы- Сәлеметсіз бе, анашым! Мен сізді қуантқым келіп тұр! Сізге керемет ән салып берейін.Күннің көзі бұл әнді естісе, өзінің шуағын жер бетіне молырақ шашады.
Наурыздың әні:
Мен көктемгі айымын,
Құбылмалы күн райымын.
Тамшы көңіл тамшылайды,
Күн еркелеп жарқырайды,
Балғын наурызым-ай,} 2р.
Еркелеген еркем-ай. }
Көктем- Менің тұңғыш әрі сұлу айым! Наурыз, сенсіз жер бетіне көктем келмейді.Сенің болғаның қандай тамаша! Табиғат сенің келуіңді тағаттана күтеді.
Сәуір айы - Ал, менсіз көктем жалғасын таба алмайды! Қарды ерітіп, жылғалардан суды ағызатын мен боламын!
Сәуірдің әні:
Мен көктемгі айымын,
Күн шуағы жып-жылы.
Табиғатым оянды.
Жаңбырда құяды.
Сәуір деген тамаша-ай!}2р.
Еркелетке, еркем-ай! }
Көктем- Сәуір сен сондай кереметсің!
Мамыр айы – Анашым! Бәрінен де керемет мен боламын! Мамыр айында алуан түрлі гүлдер гүлдейді, ал олардың аңқыған жұпар иістері қандай десеңші!
Көктем- Мамыржан, сен де ән салшы, әніңді тыңдайық.
Мамырдың әні:
Мен көктегі айымын,
Күн шуағы жып-жылы.
Гүлдер шешек атып тұр,
Балалар далада ойнап жұр.
Мамыр деген әсем-ай,
Еркелеткен, еркем-ай!
Қандай кремет! Қандай тамаша!
( Ортада үшеуі би-билейді. Осы кезде суық желдің дыбысы естіледі. Үшеуі Көктемнің қасына барып тұрып қалады. Суықтан тоңып тұрады)
Наурыз- Суытып кетті ғой, жаурап барамын.
Сәуір- Шыныменде суытып кетті.
Мамыр – Неліктен суық түсті?
(осы кезде музыка әуенімен екіші үйшіктін ішінен Қыс мезгілінің баласы Ақпан айы оянып келеді)
Ақпан айы– Төңіректі мен суыттым! Бұл менің үскірігім. Анашым маған ұйықта деп бұйырған еді. Ал мен болсам, оның ақылын тыңдамадым.
Наурыз айы- Сен кімсің? Есімің кім болады?
Ақпан айы – Мен қыс мезгілінің баласы Ақпан боламын.
Сәуір айы – Ақпан?! Ал сенің анаң «Қыс» қайда?
Ақпан айы – Менің анам ұйықтап қалды. Ал, менің ұйқым келмейді! Айтпақшы! Сендердің әндеріңді естіп, таң қалып тұрмын. Сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер.Меніңде сендермен ойнап, ән айтқым келеді.
Ақпанның әні:
Менің есімім Ақпан,
Мнің ағам желтоқсан.
Орташы ағам қаңтар,
Біз сүйеміз аппақ қар.
Менің райым қатаң,
Міне, сондай суық ақпан.
Көктем – Ақпан сен айтшы анашыңнан сұрандың ба?
Ақпан айы – Жоқ, сұранған жоқпын. Мен өзім білемін.
Көктем – Ақпан оның дұрыс емес, үлкендердің тілін алып жүру керек!
Ақпан айы – Мен асыр салып, көңіл көтеріп ойын-ойнағым келеді. Келіңдер ойнайықшы.
(Ақпан мамыр айының қолынан ұстап ойнамақшы болады, ал мамыр ойнамайды)
Мамыр айы – Ақпан, мен сенімен ойнамаймын. Менің гүлдерім солып қалады.
(Ақпан сәуірдің қасына барады. Сәуірде ойыннан бас тартады)
Сәуір айы – Меніңде сенімен ойнағым келмейді.
(Ақпан айы ренжіп қалады. Наурызды ойынға шақырады)
Наурыз айы – Мен де сенімен ойнай алмаймын. Мен көктем айының алғашқы айымын. (Ақпан ренжіп жылайды. Орындыққа отыра қалады.)
Ақпан айы- Менің досым жоқ! Ішім пісті.Не істеймін енді.(орнынан тұрады)
-Ой, ой мен еріп барамын. Анашым мені құтқарыңдар. Мен еріп барамын. Құтқарыңдар! (Ақпанның қаына Ару Көктем келеді)
Ару Көктем- Үлкендерді тыңдамаған неге алып соғатынын көодің бе? Сен еріп кете жаздадың! Казір көктем мезгілі ғой, саған далада ойнауға болмайды! Ал сенің уақытың да ұзамай – ақ келеді. Ал, қазір үйіңе бар. Анашыңды сыйлап жүретін бол!
Ақпан айы- Әрине! Мен өз сүйікті анамды әр қашанда сыйлап жүретін боламын!
Хормен – Сүйікті әрі мейрімді анамызды әр қашанда сыйлап жүреміз!
Жүр:- Жарайсыңдар балалар.
Ару Көктем- Енді менің сендерге алып келген бір тосын сыйым бар. (қолындағы үлкен хатты көрсетеді, тәрбиешіге береді). Мына хатты тәрбиеші әпкелеріңе беремін. Бұл хаттың ішінде көпдеген тапсырмалар бар. Ал, мен қайтайын, көктемгі жұмыстарымды әрі қарай жалғастырайын, көріскенше сау болыңдар балалар! (көктем шығып кетеді.)
Жүр:- Қанекей хатты алып оқып көрейік. (хаттың ішінен гүлдің жапырақтары күлтелері шығады. Әр-бір гүлдің күлтелерінде тапсырмалар жазылған. Хатты алып оқиды.) - Құрметті «Қызғалдақ» тобының балалары мен тәрбиеші әпкелер, бұл хатты балалардың ата-аналарының өтініші бойынша жаздым. Хаттың ішінде гүлдердің күлтелерінде әр баланың анасының тапсырмалары жазылған. (хаттың ішіндегі гүлдердің күлтелерін алады) – О, қандай әдемі гүлдер. Ата-аналар шыныменде мына гүлдің күлтелеріне сіздерме, тапсырмалар жазған?
Ата-аналар: - Ия, ия біздер Ару Көктемге өтінішімізді айтып хат жазып жолдаған едік.
Жүр:- Әрине, ата-аналар сіздердің балаларыңыз үшін әр-бір өтініштеріңізді орындаймыз. Олай болса, мына гүлдің күлтелерінде қандай тапсырмалар жазылған екенін оқып көрейін. (бірінші гүлдің күлтесін алып оқиды.)
-Алтыным деп мақтаған,
Жүрегімде сақтағам.
«Анашым» деп хорменен,
Айтып берсін асқақ ән.- Олай болса, аналарымыздың құрметіне балалардың орындауында «Менің анам алтын» әнін шаттана шырқайды.
Ән: «Менің анам алтын»
(әнді орындап болғаннан кейін бірінші гүлдің күлтесін тақтаға жапсырып қояды)
Жүр:- Аналарымыздың екінші тапсырмаларын оқып көрейін.
Қуанып шаттана,
Ойнайтын бақшада.
Балалардың ойынын,
Көрейік мақтана.- Балалар бұл тапсырмада аналарымызды ортаға шақырып көңілді ойын-ойнайық. Ортаға жігіттердің аналарын шақырамыз.
Ойын: «Анаға гүл сыйлау»
(ойыннан кейін екінші гүлдің күлтесін тақтаға жапсырып қояды)
Жүр:- Ал, балалар мерекемізді әрі қарай жалғастыра отырып аналарымыздың үшінші тапсырмасын оқып көрейін.
Мың бұрала билесе,
Әсем қыздар айналып.
Раушандай болып гүлдесе,
Кетерме еді жайқалып.- Өте тамаша тапсырма, біздің әсем қыздарымыз көңілді «Мысықтар» биін билеп береді.
Би: «Мысықтар»
(биден кейін үшінші гүлдің күлтесін тақтаға жапсырып қояды)
Жүр:- Балалар енді төртінші тапсырмағада кезек келіпті, оқып көрейік.
Шырқататын, ән салатын,
Естігендер тамсанатын.
Қыздар келіп бір ән салса,
Аналарға арналатын.- О, бұл тапсырманы қыздардың аналары жазған ғой. Әрине ортаға қыздардың аналарын шақырамыз. Қыздардың орындауында «Ақ мамам» әні шырқалады.
Ән: «Ақ мамам»
(Әннен кейін төртінші гүлдің күлтесін тақтаға жапсырып қояды)
Жүр:- Енді балалар аналарымыздың бесінші тапсрмасын оқып көрейін.
Тұла бойы толған бір,
Өнерлі ме екен балалар.
Шеберлігін көрсек деп,
Асығуда аналар.- Аналар бұл тапсырмаларыңыз өте қызықты және көңілді болмақ, себебі біздің қыздардың шебер билерін тамашалайсыздар. Қыздардың орындауында «Гүлдер» биі.
Би: «Гүлдер» (Биден кейін бесінші гүлдің күлтесін тақтаға жапсырып қояды. Тақтада әдемі гүлшоғы пайда болады.)
Жүр:- Міне балалар сіздердің ата-аналарыңыздың арқасында мынадай әдемі көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектің гүлшоғы пайда болды. Қандай керемет, қандай әдемі. Ата-аналар сіздерге мың алғыс! Сіздердің құрметтеріңізге тамаша бір әнге береміз.
Жүр:- Гүл-гүл жайнап бәріміз,
Кіреді біздің сәніміз,
Аналардың тойында,
Ән де салып береміз.- ___________ орындауында_________________________
Жеке ән:_____________________________
Жүр:- Би сұлулық, әсемдік,
Сымбаттылық бұл-дейді.
Біздің балалар ғажап билейді,
Табаны жерге тимейді.- ________________________________________ биін тамашалаңыздар.
Би: _____________________________
Жүр:- Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шоқтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.- Құрметті аналар мен апалар балалардың орындауындағы «Анаға сыйлаймыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Анаға сыйлаймыз».
Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген