жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
« Асыл анашым » ертеңгілік
Тақырыбы : « Асыл анашым »
Мақсаты
: -
мерекелік көңіл - күйін құру;
-
ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын
қалыптастыру;
-
балалардың назарын жалпы әрекетте
қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық
қабылдауын ынталандыру;
-
өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,
мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Жүргізуші, Аю мен қонжық.
Ертеңгілік
өткізуге қажетті құрал - жабдықтар:
Безендірілген әсем зал, аю, қонжық,
ертегі шырмасы, сыйлықтар, әсем әндер
жазылған үнтаспа, т. б
Ертеңгіліктің
барысы:
Балалар музыкамен залға кіреді.Ертегі әлеміндей сөйлеу.Отырады.
Жүргүзуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,асыл әжелер,қызғалдақ қыздар.Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз әжелер, аналар, кыздар мерекесімен кұттықтаймыз. Балалар естідіңдерме қыс өтіп көктем келді.Демек,аналар мерекесі де келіп жетті. Балалар сендер аналарыңды жақсы көресіндерме ?Аналарыңа арнап ән айтайық.
Ән: «Құттықтаймын мама» хор
Қонжығын іздеп жүрген аюдың дауысы естіледі.
Жүргізуші : Бұл ненің дауысы,балалар ? Балалар : Аю Жүргізуші : Балалар бұл қонжықтың аю анасы екен. Аю: Мында не болып жатыр? Сендер кімсіңдер ? Сендердің әндеріңді естіп,қуанып кеттім.Сендер менің қонжығымды көрмедіңдер ме? Ол әлі ұйқысын аша алмай жүр.Бір жерде ұйықтап қалған шығар - деп жылады. Жүргізуші : Аюжан сен уайымдама,біз қонжықты ұйқыдан оята аламыз,табуға да көмектесемін.
Аю : Жарайды. Жүргізуші: Балалар,қонжықтың анасы әбден уайымдап жүр. Көрдіңдерме,аналарымыз балаларын қатты жақсы көреді. Ендеше,аналарымызға арнап тақпақ айтып берейік. Айсана: Мені жақсы көреді
Күндей күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Нұрзат: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Милана: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Айналайын анашым
Медина:Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Еркежан : Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам
Алдияр :Бөбегімнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым.
Інкәр : Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Айзере: Анам мені айым дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Бексұлтан : Менің әжем мейірбан,
Мені әжем жаксы көрді.
Инабат : Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең
Самир : Құтты болсын нашым.,
Құтты болсын мрекен
Димаш: Анам,анам,ақ мамам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда баоамын. Жүргізуші : балалар естіңдерші,мынау ненің дауысы?(қарылдаған қонжықтың дауысы)
Балалар : Қонжық Жүргізуші : Қонжық тұра ғой,сені анаң іздеп жүр.Қонжық тұрмайды.Балалар,ендеше,біз қонжықты әнмен тұрғызайық. «Аю, Аю тұршы» (қимылмен орындату) Аю оянады. Балалар сендер не істеп жүрсіңдер? Неге әдемі болып кеткенсіңдер ?
Балалар: біз аналар мерекесін тойлап жүрміз,сені ұйқыдан әрез ояттық,сені анаң іздеп жүр.
Қонжық : Ойбу,мен анама сыйлық та дайындамадым.Сендер аналарына қандай сыйлық дайындадыңдар ? Жүргізуші : Біздің балалар өнерлі,ән де, тақпақта біледі, біздің өнеріміздің өзі аналарымызға сый кәне онда қыздар аналарымызға арнап би билеп берейік.
Би: « Матрешка» Қонжық: қандай тамаша би. Сендер өнерлі екенсіңдер,тағы қандай аналарына тосын сыйларын бар?
Жүргізуші: балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Ойнайсындар ма ?
Балалар: ия Жүргізуші: ендеше құлағымыз жақсы ести ме екен тексерейікші? Құлағымызды түрейік. Кімнің дауысы екенін тауып алайық. Ойын : «Кімнің дауысы?» Шарты: Аналарымыздың балаларын еркелетіп, шақырған дауыстары қосылады, ал балалар болса сол дауыстың кімнің анасыныкі екенін табуы қажет.
Аюдың дауысы естіледі
Жүргізуші: балалар бұл ненің дауысы? Иа, бұл аюдың дауысы
Аю мен қонжық бір –бірімен табысады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, аналарымыздың тамаша дауыстарын естіп бір қуанып қалдық. Еді аналар сіздермен ойын ойнайық, сіздер де балаларымыздың дауысынан танып көріңіздер.
Шарты: аудио жазбаға жазылған балалардың дауысын ажыратып айтып беру керек.
Жүргізуші: Бәрекелді аналар енді біздің топтың ұлдары аналарға арнап, дайындаған тамаша биін қабыл алайыңыздар
Би: «Аспазшы»
Балалар, аспазшы биінен соң аналарына гүл шоғын сыйға тарту етеді.
Аю: балалар сендерге үлкен рахмет, менің сендерге сыйлығым бар, сендер ақылды, өнерлі екенсіңдер мына сыйлықты қабыл алыңдар
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше,
Осымен мерекеміз аяқталды.
Мерекелеріңіз құтты болсын.Әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді,ең қамқор адам осы отырган сіздерсіздер.Дендеріңіз сау,көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Сау болыңыздар.
Мерекемізді тамашалағаныңызға көптен көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген