400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" АШЫҚ САБАҚ"

Материал туралы қысқаша түсінік
АШЫҚ САБАҚ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

№23 орта мектебі КММ


Picture 1







Ашық сабақ



Т ақырыбы: «Қосудың терімділік қасиеті. Шаршы»













Бастауыш сынып мұғалімі: Бекембетова Э.И.

Сыныбы: 2 «А»







Тараз қаласы

2 «а» сынып

Сынып жетекшісі: Бекембетова Э.И.


Сабақтың тақырыбы: Қосудың терімділік қасиеті. Шаршы.


Сабақтың мақсаты:


Білімділігі: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып, қосудың терімділік қасиеті мен шаршы және төртбұрыштың қасиеттері туралы мәлімет беру.


Дамытушылығы: ойлау қабілеттерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін жан-жақты дамыту.


Тәрбиелілігі: есептеу дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, оқуға ынталарын арттыру, логикалық ойлауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелу.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, ой қозғау.


Түрі: саяхат сабақ


Типі: жаңа білім беру


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі


Мұғалім: Қара достым, жан-жаққа,

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма, қараңдар,

Кітап, дәптер, қаламдар.

Оқу құралдарын түгелдеу. Балалардың назарын сабаққа аудару.


Оқушылар: Қарадық біз, жан-жаққа,

Дайындықты көрейік

Орнында тұр барлығы

Сабақты бастай берейік.


Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

-Балалар, бізде қазір қай сабақ?

-Математика.

Оқып, білім аламыз,

Біз көңілді баламыз.

Математика пәнінде,

Тапқыр, алғыр боламыз.


ІІ. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма, 89 бет (интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары шығады).


Жаңа сабаққа дайындық.

Оқушыларды бағалау түрімен таныстыру.

(жетондармен бағаланады)


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту.

-Балалар, бүгін біз математика сабағында саяхатқа шығамыз. Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Назарларыңды тақтаға аударыңдар. «Ойлан тап!» ойынын ойнап көрелік. Қай бала ертегіні көп білетінін анықтайтын боламыз.

Ендеше, бүгін біз сол ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында математикадан жаңа ұғымдармен танысып, әрі бұрынғы алған білімдерімізді көрсетеміз.

Бауырсақ ертегісінен үзінді.

-Бұл қай ертегіден? Ал, ертегілердің кейіпкерлерін білеміз бе?

-1-ші бауырсақ неге кездеседі? (қоянға)

-2-ші (аюға)

-3-ші (қасқырға)

4-ші (түлкіге)

-Ал, түлкі не істейді? (жеп қояды)


Егер түлкі жеп қоятын болса, атай бауырсақты жей алмайды ғой. Ендеше біз атайға көмектесейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.


1. – Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Қосудың терімділік қасиеті. Шаршы.

Мақсатымыз: қосудың терімділік қасиетін білу. Шаршының қасиеттерін танып, білу.


2. Математикалық диктант.

Егер сендер диктантты дұрыс жазсаңдар «Бауырсақ» саяхатын жалғастырады.


Қоянның тапсырмасы.

Мұғалім: Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп – түзу отырып,

Көркем етіп жазайық.


Көркем жазу минуты.

21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29.


Математикалық диктант: 5+4, 12-2, 6+7, 13-6, 3+9, 7+9, 15-8, 12-4, 16-8, 7+5, 15-10, 6+8.

Жауаптарын ғана жазады. Дұрыс жауаптары интер белсенді тақтадан шығады: 9, 10, 13, 7, 12, 16, 7, 8, 8, 12, 5, 14.


Аюдың 1-тапсырмада (оқулықпен жұмыс).

1. Суреттегі фигураларды ата. Олардың ішінде неше шаршы бар, тік төртбұрыш нешеу? Нөмірлерін ата.

1 және 3 фигуралар – шаршылар (квадрат).


Аюдың 2-тапсырмасы.

2. Фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

В С К М

Shape2 Shape1



А Д Е N


Сөйлемдерді аяқта.

Тік төртбұрыштардың барлық бұрыштары тік. Шаршының барлық қабырғалары тең.


IV. Сергіту сәті.

Шаршадым «уһ» дедім, Шарасыз «еһ» дедім,

Ренжідім «туһ» дедім, Кейідім «и» дедім,

Қорықтым «ой» дедім Біліп ап «е» дедім,

Өкіндім «аһ» дедім. Қуанып «ха-ха» дедім.


V. Дәптермен жұмыс.

Қасқырдың 1-тапсырмасы. Оқулықтағы 2-ші тапсырма.

ҚShape3 ыз бала – 20

Ұл бала – 10 ? оқушы

Келді - 4 оқушы

Есепті әртүрлі тәсілмен шығару.

1-тәсіл: 20+10=30 30+4=34 (о)

2-тәсіл: (20+10)+4=34 (о)

Жауабы: 34 оқушы болды.


Қасқырдың 2-тапсырмасы.

Түптеуге тиіс – 48 кітап

Түптелді:

Түске дейін - 20 кітап

Түстен кейін – 10 кітап

Түптейтін - ? к.қалды

1-тәсіл: 48-(20+10) =18 (к)

2-тәсіл: 20+10=30 48-30=18 (к)

Ж: түптейтін 18 кітап қалды.


Түлкінің 1-тапсырмасы.

Кім тапқыр? Логикалық қызық есептер.

  • Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?

  • Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?

  • Аулада 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?

  • Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барады?

  • Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал-жабдық сатып алған ол 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп ақшаны беруге болады?


Түлкінің 2-тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс.

Қосындыларды салыстыр. Олардың мәндерін тап. Осыған ұқсас қосындылар құр.

5Shape6 Shape5 Shape4 0+10+20= + + =

5Shape7 Shape9 Shape8 0+20+10= + + =

2Shape11 Shape10 Shape12 0+10+50= + + =

1Shape13 Shape15 Shape14 0+50+20= + + =


Ереже: қосудың терімділік қасиеті (хормен интербелсенді тақтадан оқиды).


Тесттік тапсырма. «Кім жылдам?»

а) Сандардың құрамын тап.

1Shape17 Shape16 3= 5 + 12= 9 +

1Shape19 Shape18 3= + 7 12= + 6

1Shape21 Shape20 3= 9 + 12= + 7


ә) Шаршы дегеніміз – барлық қабырғалары тең болатын фигура.

б) Тік төртбұрыш дегеніміз – қарама-қарсы қабырғалары тең болатын фигура.

в) Бұрыштардың атын жаз.

Shape23

Shape25

Shape28 Shape27 Shape26

сүйір бұрыш доғал бұрыш тік бұрыш


Топпен жұмыс (ауызша).

Жетілдіре оқыту технологиясы.

2, 3, 4, 5, 10-ның көбейту кестелерінен сұрақтар қою.


VI. Қорытынды.

-Балаларым, мен сендерге ризамын. Себебі, менің пісірген бауырсақтарымды аңдарға жегізбей, аталарыңа аман-есен жеткіздіңдер.

Ал, енді сендер бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен бөлісіңдер. Ойларыңды кестеге түсіріңдер.


Білдім

Білгім келеді

Сабақтан алған әсерім








VIІ. Бағалау

Үйге тапсырма. 91-бет №6 тапсырма

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі