" Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының маңызы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету басты мақсат болды. Оқыту сабақтарында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, көптеген сұрақтарға жауап ала білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

БҚО, Орал қаласы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Гизатова Айзада Нурболатовна

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының маңызы.

Бүгінгі таңда балалардың қауіп­сіз­дігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы – басты назарда.

Президентіміз : «Әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау – әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі», деген еді.

Елімізде көптеген отбасы балаларды толыққанды тәрбиелеу мен дамыту, олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасай алмай отыр. Өкінішке қарай, зерттеулердің нәтижесі қоғамда отбасы институты әлсіреп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлтымызға сай отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің жоғалып бара жат­қанын анықтады. Бұл олқылықтың орнын білім беру ұйымдары ата-аналармен бірлесіп толтырмақшы. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі зор. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуын­ша, сапалы білімді, патриотизмді, на­ғыз маман болуды, үнемшілдік пен еңбекқорлықты қалыптастыруға оқушы – мұғалім – ата-ана бірлесе жұмыс атқаруы шарт. Сол себепті министр тәрбие жұмысының рөлін күшейту мақсатында республикадағы мектептерде 2023-2024 оқу жылында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ашуды тапсырған болатын.

Маңызы бар жобаның міндеті – балалар­дың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мә­дениетін, психологиялық және әлеу­мет­тік құзыретін дамыту болды.

Ашылғаннан бастап орталық оқу жылының соңына дейін ата-аналарға ұлттық құн­дылықтарға негізделген оқыту сабақтарын, кеңес сабақтарын, тренингтер өткізді.

Бұл сабақтарда ертегі, аңыз-әңгімелер, батырлар жырларынан үзінділер келтіру, мақал-мәтелдер, халық әндері, дала ділмарларының шешендік сөздері, жыраулар шығар­ма­шылығы, салт-дәстүрлер мен ғұ­рыптардың, ұлттық киімдердің ма­ңызы, ұрпақтар тізбегі (шежіре), ер мен әйелдің қоғамдағы орны, туыстық қаты­настардың ерекшеліктері қамты­лды.

Сонымен қатар жоба аясында «Даналық мектебі» клубы құрылды. Клуб мектептің нақты сұраныстарына сәйкес «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секілді секцияларды ұйымдастыру ар­қылы ұлтымызға тән туыстық қарым-қатынастарды ұрпақ бойына сіңіруді мақсат етеді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы мектеп-ата-ана-бала үштігінде нәтижелі жұмыстардың бірі болды. Көпті көрген ата, әжелеріміз өскелең ұрпаққа өсиет сөздерін айтып, бағыт-бағдар беруде үлкен көмек болды.

Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету басты мақсат болды.

Оқыту сабақтарында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, көптеген сұрақтарға жауап ала білді.

Алдағы оқу жылында орталық жұмысын жалғастыру жоспарланды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2024
344
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі