" Ата Заң
- ел дамуының
кепілі" - атты 30 тамыз Конституция
күніне арналған мерекелік іс-шараның сценариі.
Өтетін күні: 28.08.2020жыл
Өтетін жері: ОЖҮ-нің акт залы
Уақыты: 21.00
Мақсаты: Қазақ қоғамының
жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін
аңғарту, жетістіктеріне тоқталу. Қосымша материалдардан мысалдар
келтіре отырып,өз ойларын айтқызу. Өз елінің, жерінің
жетістіктеріне сүйсіне білуге, тәрбиеленушілерді ұлтжандылыққа
баулып, құқықтық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: бейнеролик, слайд, нақыл
сөздер, тәрбиеленушілердің мерекеге арналған
челленджі.
Тәрбие сағатының түрі: Байқау – сабақ.
1-жүргізуші:
— Армысыздар, құрметті тәрбиеші мен
тәрбиеленушілер! Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жиырма
тоғыз жылдығына орай өткізіліп
отырған «Ата
Заң - ел
дамуының кепілі» атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !
Қазір сіздердің алдарыңызда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әнұраны.
Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп,
Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп,
ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, дамудың
даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер
күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік
белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында
әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы,
саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң
қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы
Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi
бүгiнiмiз бен келешегiмiздiң кемелдiгiнiң көрiнiсi. Рас, бұл мереке
жыл сайын мемлекеттiк деңгейде аталып өтiлетiнi белгiлi. Десек те,
биылғы мейрам ерекшелеу болғалы тұр. Өйткенi, Ата-Заңымыздың 25
жылдығы мемлекет пен халық тарапынан айрықша тойланады. Себебi,
құқықтық саясатымызда
Тәуелсiздiгiмiз бен Конституциямыз тайға таңба
басқандай ажырамас егiз ұғымға айналған. Бiрiнсiз
бiрi толыққанды мазмұнға ие бола
алмасы анық.
Тақырыпқа сай екі тілде бейнероликтер
көрсетіледі.
2-жүргізуші:
Келесі кезекте көрермендерге сұрақ-бізден,
жауап-сізден (сұрактар екі тілде теледидардан қатар көрсетіліп
отырады):
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы және қалай
қабылданды? 1995 ж. 30 тамыз, Бүкілхалықтық Референдум;
В каком году и как была принята Конституция
Республики Казахстан?
-
Азаматтықты куәландыратын құжат? Куәлік,
төлқұжат.
Документ удостоверяющий
гражданство.(Удостоверение личности,
паспорт).
-
Жасөспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан
бастап тартылады? (16 жастан, өте ауыр
қылмыс істеген жағдайда 14 жастан)
-
Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы
не? (Отан қорғау, әскери борышты
өтеу).
Что является священным
долгом каждого гражданина перед Родиной? (Защита Отечества, погашение военного
долга).
-
Егер
адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады?
(Туу туралы куәлік,
ата-анасының төлқұжаты)
Чем подтверждается его
гражданство, если лицо не достигло 16 лет? (Свидетельство о рождении без паспорта)
-
Қазақстан біртұтас мемлекет болып табыла ма?
Унитарлы " дегеніміз не? (бөлінбейтін)
Является ли Казахстан унитарным государством? Что значит
"унитарное"? (неделимое)
-
Мемлекеттік биліктің жалғыз көзі кім?
(халық)
Кто
является единственным источником государственной власти?
(народ)
-
ҚР мемлекеттік билік не негізінде жүзеге
асырылады? (Конституция
негізінде)
На
основе чего осуществляется государственная власть в РК? (На
основе Конституции)
-
Мемлекеттік және жеке меншік қалай танылады
және қорғалады? (Тең
түрде)
Как
признаются и защищаются государственная и частная собственность?
(Равным образом)
-
Қ.Р.-ның жері кімнің меншігі болып табылады? (мемлекеттің)
В чьей собственности находится земля в Р.К.? (В государственной)
-
Қ.Р.-ның қай тіл мемлекеттік тілі болып
табылады? (Қақаз тілі)
Какой язык является государственным в Р.К.?
(Казахский)
-
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік рәміздерін атап
шығыңыз.
Назовите символы Р.К.? (Герб, гимн, флаг)
-
Әнұранның авторы- Шәмші Қалдаяқов.
Назовите авторов гимна Р.К.(Ж.
Нажимеденов, Н. Назарбаев, Ш.Калдаяков)
-
Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов
Назовите авторов герба Р.К.
(Ж.Малибеков, Ш. Валиханов)
-
Тудың
авторы- Шәкен Оңласнұлы Ниязбеков.
Назовите авторов флага Р.К.
(Ш.Ниязбеков)
1-жүргізуші:
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс
негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі
мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын
мемлекеттік заң. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін
халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата
заң аясында алтын дала- Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық
реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, әр түрлі
ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік
мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.
Ата-бабаларымыз қолданған дала заңы ежелден-ақ
құқықтық саясатымыздың негiзi болғанын ұмытпауға тиiстiмiз. Біздің
Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер
асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз. Осы әділ Заң аясында көп ұлтты
Қазақстан халқы бір анадан туып, бір ананы емгендей тату-тәтті
бақытты өмір сүріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, байлығын
молайтып, қорғаныс қуатын арттырып келеді. «Қасым салған қасқа
жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы сияқты
тарихи дала заңынан бастау алған Ата Заңымыз қабылданған 25 жыл
ішінде өзінің әділдігін, өміршеңдігін көрсетті.
2-жүргізуші:
1993 жылы қаңтарда тәуелсіз
Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қабылданды. Еліміздің
Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау
қажет болды.
1995 жылы 30 тамызда
Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа
Конституциясы қабылданды. Биыл Ата заңның қабылданғанына 25 жыл
толып отыр.
Конститутция 9бөлім, 98 баптан
тұрады Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар мен
өзгертулер енгізілген. Кез - келген азамат еліміздің негізгі заңы -
Конститутцияны міндетті түрде оқып - танысып, керек баптарын жатқа
білуі тиіс.
Суреттермен жұмыс (конституциның баптары мен бөлімдері, бала құқығының
конвенциясы туралы және Ата заңымыздың шығу тариына
тоқталу).
1-жүргізуші:
Келесі
"Да и
нет" ойыны орыс ұлт
өкілдерімен жүргізіледі. Себебі тәрбиеленушілердің 60-70 пайызы
өзге ұлт өкілдері болғандықтан қазақ, орыс тілі де пайдаланылды.
Бұл ойында тез, әрі нақты ия немесе
жок деп жауап беру
керек.
2-жүргізуші:
И
сейчас игра "Да и нет"
(каждый команде по вопросу, отвечать надо
"да" и "нет")
Вопросы 1 команде:
-
Парламент является высшим представительным органом РК (+)
-
Полномочия Парламента могут быть прекращены досрочно. (+)
-
Парламент состоит из 3-х палат (-)
Вопросы 2 команде:
-
Мажилис состоит из ста десяти депутатов (-)
-
Депутат Парламента может одновременно быть членом обеих палат
(-)
-
Срок полномочий депутатов Сената - 9 лет (-) 6.
Вопросы 3 команде:
-
Срок полномочий депутатов Мажилиса - 5 лет (+)
-
Депутат Парламента приносит присягу народу Казахстана (+)
-
Законы РК выступают в силу после их принятия Парламента (-)
предписания
2-
жүргізуші: Сабақ соңында тәрбиеленушілер
екі тілде тақырыпқа сай өлеңдер оқылады.
Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда -
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
Нашу большую игру я хочу закончить
стихотворением:
Благодарен будь Отчизне,
Ведь небезмятежна жизнь страны.
Не держи в душе к ней укоризны,
И подари ей все цветы весны.
Не смотри на Родину сурово,
Верь в её прекрасный взлет.
Обратись к ней с добрым, нежным
словом,
И успех к тебе волнующий
придет!
Не жди ты чьих-то пламенных
призывов,
Вложи в страну дела свои с
душой.
И на глазах твоих свершится диво
-
Гордиться ты начнешь самим
собой!
Станет милей тебе страны
рассвет
И ты поймешь степи
неповторимость.
И навсегда храни ты в сердце солнца
свет,
Казахской Родины родительскую
близость.
Қорытындылау. Қ.Р. Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат
өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның
нормаларын пайдалана алады. Сонымен, Қ.Р.-ның Конституциясы – елдің
басты саяси құқықтық құжаты.
Заңға бағыну – тәртіп,
ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер
бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып,
сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін
сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.