жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
" Бағдаршам "
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні, айы,жылы: 31.10.2018 ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты:
Білімділік – Балалардың құрастыруға деген ынталарын арттырып, жол белглері ережелерін есте сақтауға үйрету. Әр түрлі материалдарды пайдаланып бұйымдар жасауға үйрету.
Дамытушылық –бағдаршам жасауға балалардың шығармашылық ойларын дамытып, оны іс жүзінде асыруға үйрету.
Тәрбиелік – жұмыс барысында бір – біріне кедергі жасамауға, бастаған істерін тиянақты аяқтауға үйрету.
Көрнекіліктер: Аюдың суреті, мысықтың суреті, бағдаршамның суреті.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын, тапсырма.
Қос тілділік: бағдаршам – светофор;
Іс – әрекет кезеідері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушы кезең |
Жылулық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз! Жайнай түсті даламыз! Қайырлы таң достарым! |
Балалар тәрбиешімен бірге жылулық шеңберін орындайды. |
Ұйымдастырушы – ізденушілік кезең |
Ғажайып сәт:
Әңгімелесу:
Тақтадағы сурет арқылы әңгімелеу.
Сергіту сәті: «Бағдаршам» Қызыл көзі жанғанда, Сынық – сүйек баспа алға. Сары көзі жанғанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзі жанғанда, Жүре бергін жасқанба.
Дидактикалық ойын «Қай көліктің даусы?»
Бағдаршам құрастыру. дөңгелек пішіннен құрастыру. Жұмыс барысы:
|
Таң қалады.
Балалар аюды мұқият тыңдайды.
Балалар суретке қарап жол ережесі туралы, бағдаршам туралы тәрбиешімен бірге аюға түсіндіріп, көрстіп айтып береді.
Қимыл арқылы сергіту сәтін орындайды.
Ойын ойнайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар, дөңгелек түсті (қызыл, сары, жасыл) қағаздан бағдаршам құрастырады Балалар жұмыстарын аяқтайды. |
Рефлексиялық – коррекциялаушы кезең |
|
Балалардың жауаптары тыңдалады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жол ережелері, бағдаршам туралы.
Нені игерді:Бағдаршам көздерінің түстерін.
Нені меңгерді: Бағдаршамның көздерінің орналасу реттілігін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген