Сабақтың
тақырыбы: « Батылдар,
шапшаңдар, ептілер »
Сабақтың
мақсаты:
- Оқушылардың білімін қорытындылау,
сыныптағы алғыр да тапқыр
оқушыларды
анықтау.
-
Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін,
шығармашылығын дамыту.
-
Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жолдастық
қарым- қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлемдесу, сайысты ашу, топқа бөлу.
Шарты:
Әр топ өздерін таныстырады және ұрандарын
айтады.
І топ
ІІ топ
Жүргізуші:
Әділ
- қазылармен таныс болыңыздар. (қазылар
таныстырылады)
Домбырада
ән шашу; Апешов Арсен «Қазағымның
дәстүрі» әні.
ІІ
Сайыс
бөлімдерімен , шартымен таныстыру.
1-бөлім:
«Бәйге»
2-бөлім:
«Көкпар»
3-бөлім:
«Шеберлік сәті»
4-бөлім:
«Алғырлар мен тапқырлар» алаңындағы
тапсырмалар орындалады.
Жүргізуші:
-Бәйгеге
түсіп жарыспай,
Жүйріктің
бағы жанар ма.
Білім
мен өнер жарысып,
Тәрбие,
тәлім табар мән.
Бұл бәйге
ойдың бәйгесі
Кім
жүйрік ойға, сол алда; -дегендей ой мен
білім жарысын бастаймыз.
Жарысқа
қатысушылармен таныс болыңыздар.
(Сайыскерлер
ортаға шығады).
Жүргізуші:
Таныстыру
(ұрандары)
І топ –
«
»
Өнер
– өзен, жан – тәніңді шаятын,
Өнер
– өріс, рухыңды жаятын.
Өнер
– өмір, әлдилейтін санаңды,
Өнер
– өткел, серуендейтін саятың.
ІІ топ-
«
»
Еңбектің
өзек, тамыры,
Төселген
шебер қолында.
Тартылмас
табыс жанары,
Қайнаған
қызу жолында.
1-бөлім.
«Бәйге»
Ойынның
шарты; жауап беруге дайын оқушы қызыл
белгі көтеру арқылы жауап береді.
Сұрақтар:
1. Ағаштың
құрылысын ата? (Тамыр, дін, бұтақ, бөрік
басы)
2.
Технология сабағындағы ереже? (Мұғалімнің
рұқсатынсыз еш нарсеге тиспеу)
3. Ағаш
шебері қолараларының түрін ата? (Жіңішке,
енді, уатқыш, жақ тәрізді)
4. Тамақ
әзірлеуде сақталатын ереже? (тазалық)
5. Тігіс
түрлерін ата? (Көктеп тігу, айқас тігіс,
торлама тігіс )
6. Торсық
неден жасалады? (Теріден)
7.
Құралдармен жұмыс кезіндегі техникалық
қауіпсіздік ережелері? (құралды қолға
беру, жұмыс соңында құралды орнына қою)
8. Шеге
түрлерін ата? (Сәндік, жалпақ, жабындық
таралық шеге)
9. Көркем
өрнек салудың кескіндемеден айырмашылығы
неде? (Кескіндеме түрлі түсті бояумен
араластырылып орындалады, ал өрнек бір
түсте орындалады.)
10. Бұйымды
жасау үшін бірінші нені орындау керек?
(Эскиз)
11. Тоқыма
талшықтарын қалай алуға болады? (табиғи
және жасанды жолдармен)
Бағалау:
(Әділ-қазылар шешімі)
2-бөлім.
«Көкпар»
Ойынның
шарты; 2 минут ішінде қай топ бөлімдерге
көп мақал-мәтел айтады.
Мақал-мәтел
1.
Еңбек
2.
Денсаулық
3.
Білім
4.
Тәрбие
5.
Батырлық туралы.
Бағалау:
(Әділ-қазылар шешімі)
Ойын
Шарты:
Топ басшылары музыка әуеніне қарай
аталған жеке дене мүшелерімен билейді.
3-бөлім:
«Шеберлік
сәті».
Шарты;
үй жұмысын орындау және қорғап көрсету.
Сынып
жұмысын орындау:
Ұлдар
- робот жасайды
Қыздар
– ине қадағыш құрал жасайды.
Нәтижесінде:
Сәйкестігі, әсемдігі, сапалылығы.
Бағалау:
(Әділ-қазылар шешімі)
4-бөлім:
«Алғырлар
мен тапқырлар»
Ойынның
шарты; Топ ұйымдасып геометриялық
денелерден отырған адамды бейнелеп
шығады.
Тапсырма:
Жауабы:
Бағалау:
(Әділ-қазылар
шешімі)
Көрермендермен
ойын:
Ойын
: «Біреуі артық» көрермендер
мен ойын
Шарты:
Әр топтан және көрерменнен 2 адамнан
шығып музыка ырғағына билей жүріп
орындыққа таласады.
ІІІ.
Қорытынды: Жеңісті
анықтау (әділ - қазылар шешімін шығарады).
Білім
–теңіз, мектепті кеме дейміз,
«Білім
мен тәрбие – егіз» неге дейміз?!»
Әдебі
мен тәлім үндесетін,
Жастарды
болашаққа еге дейміз.
«Қош»
дейміз, әлі талай жарыстар бар.
Өнерлерің
өрлей берсін қайыспаңдар.
Ойлы
орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен
елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей
отырып бүгінгі жарыс сабағымызды
аяқтаймыз.