« Батыр ағаларға құрмет»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Батыр ағаларға құрмет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Батыр ағаларға құрмет»

Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру. 
2.
Тәрбиелік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу. 
3.
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын,тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.

Би «Жеңіс күні » (ұлдар мен қыздар)

1 - Жүргізуші : 
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе силап қырдың гүлінен

 Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

2 – Жүргізуші:
Құрметті балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр  ұлы Отан соғысында елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды. 
Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.
Мерекені Мемлекеттік Әнұранмен бастайық !

Жүргузіші: Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» (Слайт көрсету)

 Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. Ендеше ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут үнсіздік жариялаймын.

Тақпақтар:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды Айару


Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға. Диасыл

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз. Дильназ


Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы. Салтанат


2 - Жүргізуші:

Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отаның да, ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз

Ән «Ел қорғауға әзірміз» Хор

Ойын «Эстафета» Кедергілерден өту.

Тақпақтар:

Құтты болсын жеңіс күні ағайын

Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.

Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,

Ата - бабам намыс бермей айқасқан Іңкәр



Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған

Ардагерлер, ағаларға мың алғыс. Нұрай


Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды. Камила

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән беріп Алихан


Қосамыз біз өлеңге

Айтамыз біз ән қылып,

Мәншүк әпке ерлігі

Ұымытылмасын мәңгілік Альбина


Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп,

Жиырма сегіз батырыды

Ұмытпайды ел мәңгілік Сабина

Би «Калинка» Ережепова Дильназ

1 Жүргізуші :

Батыр ұл есімдері ақталады

Жыр болып жүректерде сақталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады

Ән : «Момышұлы Бауыржан» Хор

2- Жүргізуші:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды. - Келесі кезекті

Би қыздар «Журавли » биіне берейік!

Ойын «Мерген» кеглиді допен дәлдеп құлату.

1 – Жүргізуші:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары – деп келесі кезекті

Ән «Желбіресін жеңіс туы» атты әніне береміз!

2 - Жүргізуші :

Батыр ұл есімдері ақталады

Жыр болып жүректерде сақталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады

Би ұлдар « Сарбаздар » атты биіне берейік!

1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекті барша халайық қолдасың!

2-Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «« Батыр ағаларға құрмет»

» әлемде» атты кешіміз аяқталды. Қонаққа келген әжелерімізге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

 



КМҚК «Дәншік» балабақшасы









9 –мамырға арналған ертеңгілік

Тақырыбы: « Батыр ағаларға құрмет »

«Қарлығаш » ересек тобы





Тәрбиеші: Корпешова.Ш.Т

Маут Риза

Саз жетекшісі: Бекмұрат.А









Самар ауылы 2018 жыл















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі