400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Біз бақытты баламыз "

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мақсаты : Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,тақпақ ,өлең , әндерді

нақышына келтіре айтуға үйрету.

Балабақша алаңы 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне сай безендірілген. Түрлі-түсті шарлар,балалардың салған суреттері және «1маусым балаларды қорғау күні» атты банер ілінген.

Жүргізуші : Бақшаға біз гүл ексек,

Балдырғаным, сен үшін,

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным , сен үшін

Жігіт болар, күн ертең

Балдырғаным , гүл еркем

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең !

Құрметті ата-аналар және бүлдіршіндер !

1маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған « Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. 1маусым –Балаларды қорғау күні құтты болсын ! Барлығыңызға ашық аспан ,бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз!

Балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер!

Бүгінгі ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін бөбекжай меңгерушісі Раушан Жанатбекқызына сөз береміз.

Жүргізуші : Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн ?»

Балалар : «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» (хормен)

Жүргізуші : Балаларды қорғау дегеніміз-Әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұл мереке 1-маусым 1950 жылдан бастап-Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді.





Жүргізуші : Қабыл алшы өнерлерін баланың

Тілектері орындалсын ананың

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп

Өздеріңсін жалғастырар бабамның

Біз өнерсіз баламыз ба ?!

Көрсін аға, әкпелер

Көрсін апа, анамызда

Ырза болсын балалар.

Хор : «Қошақаным»

Әуен ойналып, ортаға қолында шарлары бар Күлдірген шығады.

Күлдірген : Алақай ! Бүгін сенің мейрамың,

Ән-думанға, бал-думанға

Сән-сауыққа өте бай!

Жермен, көктен, серуендеткен,

Жазғы демалыс күндер-ай !

Көңіл күйлерің қалай балақайлар ?

Балалар : Тамаша, өте көңілді !

Күлдірген : Олай болса той-думанды бастайық .

Ортаға жаз айлары кейіпкерлері : Маусым,Шілде,Тамыз келеді.

Маусым айы : Баршаңызға күннің шуағын сыйлаймын.Күннің нұры, қырдың гүлі ,бүгін күн тамаша!

Шілде айы : Қуан шаттан алақай, қуанатын күн бүгін !

Тамыз айы :Балабақша балақай, бүгін мейрам алақай !







Би : «Ертегілер» биі

Жүргізуші : Енді балалардың тақпақтарын тамашалайық.

Аяна : Алақай-ау, алақай

Той тойлайық, балақай

Қызарғанша алақан

Кел, соғайық, балақай

Нұрәмір : Денсаулық ол күлуің

Көңіл күйің жадырай

Денсаулық ол жүруің

Ешбір жерін ауырмай

Бекарыс : Ән айтайық қосылып

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалар деп үлгілі

Нұртілеу : Басты қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз

Аяулым : Келді міне тағы жаз

Күн шуағымен жылытып

Жылуын төгіп бізге

Бәрімізді қуантып







Нұрым : Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Күлдірген : Жан-жағымның бәрі гүл,

Гүлді қыздар теріп жүр,

Жұлуға аяп біреуі,

Жай қызықтап көріп жүр.

( гүлді иіскеп ойнап жүрген көбелектің бір қанаты жарақаттанып , ұша алмай қалады)

Күлдірген : Балалар, қараңдаршы мынау көбелек жарақаттанып қалыпты,біз

не істеуіміз керек ?

Балалар :Айболитті шақыру керек ?

Күлдірген : Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен телефонмен қоңырау соғып Айболитті шақырайын. Алло, бұл Айболит пе ? Сәлеметсің бе

Айболит : Алло, сәлеметсіздер ме. Мені кім іздеп жатыр ?

Күлдірген : Айболит бізге сенің көмегін қажет. Біздің мекенжайды жазып алыңыз ?

(Айболит келіп көбелекке жедел жәрдем көрсетеді. Көбелек ризашылығын айтып ұшып кетеді.)

Күлдірген : Айболит, саған мың алғыс !

Ендеше біздің сыйлы қоңағымыз бол, төрлет.

Ойын : «Кім жылдам»

Ойын шарты : Бірінші ойыншы қолындағы допты алып, жүгіру арқылы белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға допты береді.Ойын жалғасады. Қай топ бірінші аяқтаса сол жеңіске жетеді.





Жүргізуші : Жан иірімі біле білсең би деген

Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген

Қазағымның би өнерін паш етіп

Алдымызда аруымыз билеген

Би : «Ча Ча»

Жүргізуші : Балалардың тақпақтарын тыңдасақ.

Бексұлтан : Арманы бір, үні бір

Аға ардақты, іні гүл

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл

Айдана : Құшағымыз қызыл гүл

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі сәні әлемнің

Кәусар : Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша

Айбар : Біз бақытты баламыз

Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз







Айару : Бала , бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз

Айболит : Балалар сендерге жасырар жұмбағым бар.

Жұмбақтар : Ауыздағы қос қамалдың,

Тазалаймын ысып бәрін.

Тазалағыш сол құралды,

Көмекшімдей көрем дәйім.

Ол не құрал ?

Балалар : Тіс щеткасы

Жұмбақ : Шаш сәні, онсыз келмес,

Шатысуға жол бермес.

Балалар : Тарақ

Жарайсыңдар балалар .

Жұмбақтың шешуің дұрыс таптыңдар.

Жаз айлары : Бізде қарап тұрмайық. Қане балалар ойын ойнайық.

Ойын : «Жемістер мен көкөністерді жинау»

Ойын шарты : Жемістер мен көкөністерді бөлек карзинаға жинау.

Ән : «Әр қашан күн сөнбесін»

Би : «Қуыршақ» биі

Жүргізуші : Бүгінгі « Біз бақытты баламыз » атты ертеңгілігіміз осымен

аяқталды .





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
1731
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі