400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Біз тәуелсіз ел ұланымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Біз тәуелсіз ел ұланымыз» 

Топ:№ 1 «Қуаныш» ересек тобы.
Мақсаты:
Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. 
Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. 
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. 


Күй әунемімен қолына тоқымасыбар әже келіп отырады,қасында немересі атқа мініп ойнап жүреді.

Бала: Әже не істеп отырсыз?

Әже: Е, құлыным мен тоқып отырмын. Кел қасыма отыр шаршаған шығарсын ойыннан.

Бала: Әже біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Мемлекеттік әнұран орындадық. Әже «Тәуелсіздік» деген не?

Әже: Құлыным «Тәуелсіздік» бұл үлкен әңгіме.Тәуелсіздік үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешті, батыр аға-апаларымыздың арқасында егеменді еліміздің Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар.

Бала: Әже мен шаршадым мен кішкене ұйықтап алайыншы.Ұйықтай ғой қулыным. (музыка әуенімен бала ұйықтайды әже шығып кетеді.

Музыкамен слайдтан Батыр сөйлейді (баланың түсіне енеді.)

Бала: Ассалаумағалейкум ата ! Сіз кім боласыз?

Батыр: Мен сендердің бабаларың болам.

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аялаған жұрттың нанын тұзбенен

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген. - Балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін.

(бала оянады)

Бала: Әже, әже!

Әже: Құлыным не болды? Түс көрдің бе?

Бала: Маған бір ата жанып тұрған шырақ берді.

Әже: Ол жақсы түс қой. «Шырақ» бейбітшілік заман, еліміздің биіктен көрінуі.

Бала: Әже, әже, жарқырап күн шықты.

(балалар залға кіреді)

Жалпы би: "Жаса Қазақстан"

Жүргізуші: О,тәңірім бақыт құсы қонып бір,

Деп тіледік бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

- Тәрбиеші: Құрметті қонақтар мен балалар егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 22 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Енді назарларымызды слайдқа аударайық.

Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.
Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған ән мен тақпақтарды тыңдаңыздар:
 

Ән: 16 желтоқсан

Әмір: Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік
 
Жазира мен ляззаттың
 
Арымен келген еркіндік
 
Қасірет пен қайғының
 
Бәрімен келген еркіндік
 

Ясмин: Он алтыншы желтоқсан, Тәуелсіздік алған күн. Ерекеше боп мәңгілік, Ел жадында қалған күн. Он алтыншы желтоқсан, Ел мерейі тасыған, Қазақ деген қалың жұрт, Бәрін кешті басынан. Естіген ел үніңді, Дүние түгел естісін. Тәуелсіздік туыңды, Биік көтер жас ұлан.

Данай: Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өрендер ақталады. Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Нариман: Егемендік - бұл елімнің елдігі, Егемендік - бұл елімнің елдігі, Егемендік - елін, жерін қорғаған, Ербол менен Қайраттардың ерлігі, Желтоқсаным - тәуелсіздік тірегі. Желтоқсанды қадір тұтып тұр еді, Есте сақтап ағалардың ерлігің, Жүректерге сақтау керек үнемі.
Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігінің арқасында Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Биыл тәуелсіздікке 26 жыл толды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.  Өзіміздің Ата заңымыз, рәміздеріміз қабылданды. Олай болса қысқаша мағлұмат берейік. Ұлас: Елдігімнің – реңі, 
Тендігімнің – тірегі
 
Мүддесінен халықтың
 
Ажырамас бір елі.
 
Алтын заңым – арай таным!
 
Нияз: Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды, ортасында күн шуағы, астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені. Амина: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Шаңырақ отбасы ошағы бейнелейді. Қанатты тұлпар - мәңгілік өмір, болашақ самғау биігі. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз бар. Елтаңбаның астында Қазақстан деген жазу бар. Жүргізуші:(М).Мың бұралап би билеп, Шығамыз біз ортаға

Би : «Домбырамен » 

Жүргізуші:(А)Тәуелсіздік 11әріптен құралған

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

Талай дара, даналардың көз жасы

Қанымен атты таң боп бізге алдан

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл...

Т – білдіреді теңдікті (Нұрали)

Ә- әдептілік,елдікті (Нұрсұлтан)

У- уайымсыз уақытты (Адиля)

Е- егемен елдікті (Арлан)

Л- лайым тыныштықты (Жарсын)

С- сенімділік секілді (Захар)

І - ілтипат ізет қой (Нұртілеу)

З- зиялылық тілек қой (Алихан)

Д- шақырады достыққа (Айназ)

І -ілгері бол сақтыққа (Ұлас)

К- дейді күн бол көктегі (Данай)

(хормен) көз алартпа көршілерге қол сұқпа.....

Жүргізуші: Ал кәнекей тұрмайық,

Қызықты ойын бастайық

Ойын:«Бәйтерек»

Балалар ортаға шығады әуенмен билеп жүреді әуен тоқтағанда Бәйтеректі жасап тұрағалады.
Ертөстік:
Сәлеметсіздер ме балалар! Мені таныдыңдар ма?

Балалар : Иә, сіз батыр Ертөстіксіз ғой.

Ертөстік: Мен сендерді тәуелсіздікпен құттықтай келдім. Және Астанамыз қалай көркейіп жатқанын өз көзіммен көруге келдім.

Жүргізуші: Олай болса біздің жас құрылысшыларымыз Астана қаласын қалай көркейтіп жатқанын тамашаланыз.

Би: "Құрылысшылар"

Ертөстік: Тамаша, тамаша!!! Енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Достарыммен бірге атқа мініп теңге алу ойынын ойнайтынмын, соны сендермен бірге ойнағым келіп тұр.

Ойын : «Теңге алу»

Ертөстік:Балалар сендердің өнерлеріңді көріп риза болып тұрмын. Қазақстан Республикасында осындай азаматтар өсіп жатқанына қуанып тұрмын.

Жүргізуші: Олай болса туған жерімізге арнап ән айтып берейік.

Ән: "Бақытты Қазақстан"

Ертөстік: Балалар рахмет сендерге! Менің енді қайтуым керек.

Болашақта білімді азамат болыңдар,Отанымның болашағы сендерсіңдер! Сау болыңдар.

Жүргізуші:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық
 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
 
Отан үшін болуға да құрбандық.

 Жүргізуші:Біз қандай мерекені тойладық? Тәуелсіздік жолында құрбан болған қандай батыр аға- апаларыңды білесіңдер? (Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызы)Тәуелсіздікке қол жеткізген күніміз құтты болсын! Еңсесі асқақтаған Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, "Біз Тәуелсіз ел ұланымыз" атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. «Атамекен» әнімен балалар залдан маршпен,шығып кетеді.





































Ертөстік:Сәлеметсіздер ме балалар! Мені таныдыңдар ма ?

Балалар : Иә, сіз батыр Ертөстіксіз ғой.

Ертөстік: Мен сендерді тәуелсіздіктің 25жылдығымен құттықтай келдім, Және ойын алып келдім.

Ойын :«Күш сынасу»

Балалар ортаға шығады әуенмен билеп жүреді әуен тоқтағанда Бәйтеректі жасап тұрағалады.

Ертөстік:Балалар сендердің өнерлеріңді көргім келеді.

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыз.

Тақпақтар.....

Жүргізуші:Ал енді біздің балалардың биін тамашалаңыздар.

Би: « »

Ертөстік:Балалар рахмет сендерге! менің енді қайтуым керек.

Болашақта білімді азамат болыңдар,Отанымның болашағы сендерсіңдер! Сау болыңдар.

































Күй әунемімен қолына тоқымасыбар әже келіп отырады,қасында немересі атқа мініп ойнап жүреді.


Бала:Әже не істеп отырсыз ?.

Әже : Е қулыным мен тоқып отырмын. Кел қасыма отыр шаршаған шығарсын ойыннан.

Бала: Әже біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Мемлекеттікән ұранды орындадық.Әже «Тәуелсіздік» деген не ?

Әже : құлыным «Тәуелсіздік» бұл үлкен әңгіме.Тәуелсіздік үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешті,батар аға-апаларымыздың арқасында егеменді еліміздің Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар.

Бала : әже мен шаршадым мен кішкене ұйықтап алайыншы.Ұықтай ғой қулыным. (музыка әуенімен бала ұйықтайды әже шығып кетеді.Музыкамен слайдтан алтын адам сөйлейді(бала түсіне енеді.)

Бала :Ассалаумағалейкум ата ! Сіз кім боласыз?

Батыр:Мен сендердің бабаларың болам.

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттың нанын тұзбенен

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.Балақай,қазақ халқының болашағы сендерсіңдер соққан жүректерің осы ауладай мәңгі өшпесін.(бала оянады)

Бала :Әже,әже!

Әже :қулыным не болды ? Түс көрдің бе?

Бала :маған бір ата жанып тұрған шырақ берді.

Әже :Ол жақсы түс қой «Шырақ» бейбітшілік заман,еліміздің биіктен көрінуі.

Бала:әже,әже,жарқырап күн шықты.(балалар жалаушалармен залға кіреді балалардың орындауында)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі