400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Дәнді дақылдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дәнді- дақылдар туралы түсінік беру.Дәндерді ерекшеліктеріне қарай ажырата білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дәнді дақылдар»

Мақсаты: Балаларға дәнді-дақылдар түсінік беру.Дәндерді ерекшеліктеріне қарай ажырата білуге үйрету.Соның ішінде ел байлығы бидайдың нан болып дастарқанға қалай келетінін түсіндіру арқылы,үлкендердің еңбегін құрметтеп,бағалай білуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Дәнді дақылдардан түрлі заттар жасау арқылы шығармашылық,логикалық,эмоционалдық қабілеттерін дамыту

Әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,зерттеу-зерделеу,ғажайып сәт.

Жылулық шеңбері:

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Дұрыс балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің айларын атайықшы. Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Біздер қыс мезгілінде қалай киінеміз?

1.Құмырсқа: бидай дәннен шығады

2.Құмырсқа: Жоқ бидай нанның ұсағынан шығады

1.Құмырсқа:Жоқ,жоқ бидай дәннен шығады

2.Құмырсқа: Кім айтты саған бидай нанның ұсағынан шығады

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме ?

Сендер кім бодыңдар ?

Неге даулассып жатырсыңдар ?

1.Құмырсқа: Мен Зизимін

2.Құмырсқа: Ал мен Мимимін

Тәпбиеші: Ой, керемет Зизи мен Мими

Ал сендер неге дауласып келе жатырсыңдар ?

1.Құмырсқа: Мен бидай дәннен шығады десем,

Мими нанның ұсағынан шығады деп жатыр

Ал,сіздіңше кімдікі дұрыс?

Тәрбиеші: Ой,мынау қызық сұрақ екен?

Ал,балалар сендер қалай ойласыңдар?

Бидай дәннен шығады ма?

Әлде нанның ұсағынан шығады ма?

Балалардың жауабы....

Балалар осы сұрақтың дұрыс жауабын алу үшін біз бір тәжірибе жасаған болатынбыз.Қазір сол тәжірибенің нәтижесін көрейік.Стаканға өнген бидай дәнімен, стаканға салынған нан уағын салыстырып,айрмашылығын айтып,дұрыс жауабын атайды.

Тәрбиеші: Бидай жайлы толық мәлімет беріп,дастарқанға нан қалай келетіндігі жайлы түсінік береді (слайд)

1.Құмырсқа:Ой,балалар біздер бидайды қалай болса солай жейтін едік

2.Құмырсқа:Ал сендер бидайды түрлі жолдармен дәмді етіп пісіріп жейді

екенсіңдер

1.Құмырсқа:Балалар бізде енді бидайды пісіріп жейтін боламыз.

Бірақ,біздің бидайларымыз басқа дәндермен араласып кеткен

2.Құмырсқа:Сендер бізге дәндерді ажыратуға көмектесесіңдер ме?

Балалар:Ия,(балалар дәндерді ажыратады)

Тәрбиеші:Сол арқылы балалар орталықтарға бөлінеді

1.Қызыл бұршақ

2.Ақ бұрщшақ

3.Жүгері

4.Бидай

«Құмырсқа мен бидай дәні» ертегісі

Автор -Егінді түгел жинап алғаннан кейін,бидайдың жалғыз дәні жерде қалып қойған еді. Қыс түспей тұрып өзіне топырақ астынан пана іздейді. Сол кезде жанынан өтіп бара жаткан құмырысқа бидайдың дәнін көреді де қуанғаннан бұл олжасын

илеуіне қарай домалата жөнеледі. Қабырғасы қайысып, көп азапқа түскен құмырысқаға бидай дәні:

Бидай : -Әй құмырсқа,сен бұлай көп азапқа бата бермесеңші.Мені таста да кете бер.

Құмырсқа : -Мен сені тастап кетсем қыста азықсыз қаламынғой.Біз көппіз,осылай әрқайсымыз бір дәннен апарсақ,қысқа көп азық жинап аламыз.Сөйтіп құмырсқа илеуі қазынаға толады.

Автор : -Сонда бидай дәні аз ойланып тұрды да былай деді:

Бидай : -Әй еңбекқор құмырсқа менің сөзімді тыңдашы өзің.

Автор : -Құмырсқа арқасындағы бидайды түсіріп,дем алып отырды.Дән айтты:

Бидай : -Кел құмырсқа екеуіміз шарт жасасайық.Менің бойымда ғажайып жасампаз ұлы күш бар.Менің игі мақсатым бойымнан жаңа дән шығару.Онда да көөп дән.Кел сол үшін шарт жасасайық

Құмырсқа : -Қандай шарт?

Автор : -Құмырсқа таңдана қарады

Бидай : -Тыңда олай болса, мені илеуіңе апармай осында тастап кетсең, келесі жылы менен бір дәннің орнына жүз дән аласың.

Автор : -Бұл сөзге таңқалған құмырсқа басын шайқады

Бидай : -Еңбекқор құмырсқа менің адал да ақ сөзіме сен

Құмырсқа : -Бір дәннің орнына жүз дән ә?

-Осында да ғажап болады екен ау.Сен қалайша жүз дән боласың?

Бидай : -Құмырсқа бұл өмір құпиясы.Мені топырақ астына жасырып кет,келесі жылы қайта орал.Мен жүз дән болып өсіп тұрамын.

Автор : -Құмырсқа жыл өткізіп қайта оралса,бидай дәні берген сертінде тұрған екен.

5.Ұлттық бұрышта балалар «Бестемше» ойынын ойнайды

Сергіту сәті. Саусақтарым билеңдер

Қане қамыр илеңдер

Былай-былай билеңдер

Былай-былай илеңдер.

« Асық ату» ойыны. Бұл ойында балалар бүгінгі алған білімдерін нақтылайды. Дәнді дақылдар жайлы өз білгендерін айтып береді. «Додокаэдр» ойыны арқылы бүгінгі іс-әрекет қортындыланады. Бидайдан ұн алатын боламыз. Ежелде бидайды тас диірменге тартып, жасаған. Қазіргі кезде әр түрлі техникамен жасалады. Біз өзімізге ыңғайлы блендр арқылы ұн дайындатын боламыз. Міне ұнымыз дайын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.05.2025
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12