М.Төлегенов
атындағы ЖББ орта мектебі
Бастауыш
класс мұғалімі Гүлдана Бөлекбаева
Нұргелдіқызы
Ақтөбе
облысы,Ырғыз ауданы,Ақши ауылы
4-класс
(әдебиеттік оқу )
Сабақтың
тақырыбы:
« Дүниеде жамандық неден?» Ы.Алтынсарин
Сабақтың
мақсаты:
1.Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы
білімдерін толықтыру және шығармаларымен
таныстыру, жамандық пен жақсылықты
ажырата отырып ой-өрістерінің кеңейуіне
бағыттау.Оқушылардың сөздік қорын
молайту және өз ойларын толық жеткізе
білуге үйрету.
2. Оқушылардың танымдық
қабілеттерін, тілдік қорларын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
3.Ыбырай
Алтынсариннің шығармаларының маңызын
түсіне білуге, адамгершілікке, топпен
жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:аралас
сабақ
Көрнекі
құралдар
: маркер, А4-форматты қағаз,
стикерлер,интерактивті тақта,бағалау
кестесі,
Сабақтың
әдіс-тәсілі:
«Кубизм» стратегиясы,
«ФИШБОУН»
,
Постер
,
“Аквариумдағы
балық”әдістері,
еркін жазу күнделігі , салыстыру,
әңгімелеу, сұрақ-жауап,
Пәнаралық
байланыс:
дүниетану, қазақ тілі,өзін-өзі тану
Күтілетін
нәтижелер: Мәтіннің
идеясын түсінеді;
Жамандық
пен жақсылықты ажырата біледі, өз сөзімен
әңгімелей алады;Ы. Алтынсарин туралы
білімдері толығады;Жамандық пен жақсылық
туралы сын тұрғысынан ойлай отырып, өз
ойларын еркін жеткізе алады, Топпен
ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірлік, оқушы назарын сабаққа
аудару.
ІІ.Психологиялық
дайындық
«5»болсын
алар бағамыз
Білімнен бақыт
табамыз.
Өнерменен өрістеп
Өсе
берсін санамыз.
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру. (оқушыларды
1,2 – 1,2 арқылы топқа бөлу)
№1
«Кубизм»
стратегиясы
Менің
қолымда кубк бар. Бұл кубтың алты қырдан
тұрады. Осы кубтың қай қыры қай топқа
қараса, сол қырдың тапсырмаларын
орындайды.
1
қыры – зерттеңіз.(
Өлең бойынша сатылай кешенді талдау
жасап зерттеңдер)
1.
Автор: 2. Тақырып. 3. Жанр түрі. 4. Идеясы.
5. тәрбиелік мәні.
2
қыры-Таныстыру.
( Түркістан туралы мәлімет)
3
қыры Сұрақ-жауап;
-Ақын
өлеңде қандай сөзді жиі қолданған?
-
Тұранда ертеде кімдер тұрған?
-Тұранда
хандық құрған кім?
4
қыры Автор
туралы мәлімет.
(М.Жұмабаев
туралы)
5
қыры
Өлеңді мәнерлеп оқу.
6.қыры
Сұрақ-жауап;
-.
Абылай хан қай жерге жерленген?
-Алаш
елі деп қай елді айтып отыр?Толық түсінік
бер.
ІІІ.Жаңа
сабақ
-Мақал
–мәтелдердің жалғасын табу; «Жақсыдан
үйрен.....»
Ыбырай
Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы
ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында
туған. Қазақ балаларына арнап Торғай
қаласында мектеп ашқан. «Қазақ
хрестоматиясы» оқу құралын жазған.
№2
«ПОСТЕР » әдісі
арқылы адам бойындағы жақсы және жаман
қасиеттер туралы жазу.
2.
Оқулықпен жұмыс
№3
“Аквариумдағы балық”әдісі арқылы
топта жұмыс жасау;
№4
Еркін жазу күнделігі (
оқушылар мәтін бөліктерін таңдайды,
мәтіннен өздері түсінген тірек сөздерді
жазады )
......................................................................................................................................................................................................................................................................
....................
№5
Сергіту
сәті
(Оқушылар
І топ «Жамандық» Jamanduq, ІІ топ «Жақсылық
» jaqsylyq сөздерін жаңа әліпби бойынша
жазады),бұл жаңа әліпбиді 2019 жылы бастап,
2025 жылы толық көшіп болу ұсынылып
отыр.Жалпы құрамында 32 әріп бар.
№6
Сахналық көрініс: «
Дүниеде жамандық неден?»
1.Автор
2.Көк кептер 3.Жылан 4.Бұғы
5.Қарға
ІҮ.Сөздік
жұмыс.
Ақжүрек
– адал, ақ ниетті.
Байлаулы
– біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті.
Дүниеден
безу- барлығынан
жалыққан пенде.
Түнемек
болып -
қонатын орын.
Кеңес
құрады-
ақылдасу, пікір алмасу.
Қастық-
біреуге ор қазу.
Тән-
адамның жан дүниесі, болмысы.
Ү.
Қорытынды бөлімі
№7
«ФИШБОУН» әдісі
Ж
ағдаят
Нақты дәлелдеу себептері
Қорытынды
Рефлекция
–
Мен
білдім.......
Мен
үйрендім.......
Маған
ұнады.......
Маған
қиын болды.......
Мен түсіндім.......
Жақсыдан
үйрен,
Жаманнан
жирен. Ақ параққа оқушылар өз бойларынан
кездесетін жаман қасиеттерін жазады.
Жазылған жаман әдеттен арылайық деп
қағазды жыртып тастаймыз.
ҮІ.
Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу, әңгімелеу.
ҮІІ.
Бағалау.
(сабақ барысындағы барлық тапсырмалар
бойынша бағалау )
АҚТӨБЕ
ОБЛЫСЫ, ЫРҒЫЗ АУДАНЫ, АҚШИ АУЫЛЫ
М.Төлегенов
атындағы ЖББ орта мектебі
Пән
мұғалімі: Бөлекбаева Гүлдана Нұргелдіқызы
Пәні:
әдебиеттік оқу
Класы:
4
2018
-2019 оқу жылы