400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

• Дыбыс, сөз, сөйлем туралы жыл бойы алған білімдерін қорыту;

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы:Қатынас Бөлімі:Сауат ашу Тақырыбы: Қорытынды сабақ Мақсаты: • Дыбыс, сөз, сөйлем туралы жыл бойы алған білімдерін қорыту; • Кеспе әріптерден сөз құрап, қосып оқу дағдыларын жетілдіру; сөйлем құрап, сөйлемді модельдеуге жаттықтыру; • Білім алуға, оқуға ынталарын арттыру. Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: интерактивті тақтадан көрсетуге арналған суреттер, кітап, ара, маса, ит, әр – түрлі дыбытарды айтып тұрған алалар, ірңптерден жазылған түссіз доптар, қызыл. Көк түсті себеттер, ара, шар, нан, лақ және сәйкес сүреттер, «ата, ауа, ана, ала, аша» сөздері. Алдарындағы жеке қорапшада кеспе әріптер, сөз белгілері, әріптер жазылған доптар, қызыл, көк конверттер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу

Тақырыбы: Қорытынды сабақ

Мақсаты:

  • Дыбыс, сөз, сөйлем туралы жыл бойы алған білімдерін қорыту;

  • Кеспе әріптерден сөз құрап, қосып оқу дағдыларын жетілдіру; сөйлем құрап, сөйлемді модельдеуге жаттықтыру;

  • Білім алуға, оқуға ынталарын арттыру.

Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: интерактивті тақтадан көрсетуге арналған суреттер, кітап, ара, маса, ит, әр – түрлі дыбытарды айтып тұрған алалар, ірңптерден жазылған түссіз доптар, қызыл. Көк түсті себеттер, ара, шар, нан, лақ және сәйкес сүреттер, «ата, ауа, ана, ала, аша» сөздері. Алдарындағы жеке қорапшада кеспе әріптер, сөз белгілері, әріптер жазылған доптар, қызыл, көк конверттер.

Іс-әрекет

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

1.Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Күн жылуын жинаймыз,

Достарыма сыйлаймын.

Қайталау

Сырт жағына әріптер жазылған сүретті көрсетеді:

  • Егер мына әріптерді атап шықсаңдыр, сүретті айналдырып, біздің сабағығымызға кім қонаққа келгенін көреміз. Балалар әріптерді атап шыққан соң суретті бері қаратады

Жылулық жеңберіне тұрады.





Суреттегі әріптерді атап шығады.

2. Ұйымдастыру - іздестіру

Қолына кітап ұстаған Біліп ханшасының тақтадағы сүретін көрсетеді.

  • Балалар, бүгін бізге Білім ханшасы қонаққа келді. Ол біздің жыл бойы не үйреніп, не білгенімізді тексеремін дейді. Білімдеріңді көрсетуге дайыңсындар ма?

Білім ханшасының тапсырмалары кезегімен интерактивті тақтадан көрініп тұрады.

1 – тапсырма: «Дыбыстар»

Тақтадан араның, масаның, иттің суреттері көрінеді.

  • Ара қандай дыбыс шығарады?

  • Маса қандай дыбыс шығарады?

  • Ашулы иттер қандай дыбыс шығарады?

2 – тапсырма: «Дыбысты таны» дидактикалық ойыны

Тақтадан балалардың (а) (у) (м) (о) дыбыстарын бейнеленген суреттер көрінеді.

  • Қалай ойлайсындар, мына қыз бала қандай дыбысты айтып тұр? Ал, мына ұл ала ше?

Сұрақтар қоя отырып, балалардың қандай дыбыстарды айтып тұрғандарын, ол дыбысты айтқандағы тіл мен еріннің, жақтын қалпын анықтатады.

3 – тапсырма: «Доптарды өз себетіне сал» дидактикалық ойыны

Тақтадан өткен әріптер жазылған түссіз доптар көрінеді.

Бір шетке қызыл, екінші шетке көк себет қойылған.

Мұндай доптар әр баланың алдындағы қорапшада да бар. Себеттің орнына көнверттер беріледі.

  • А әрпі жазылған допты қай себетке салу керек?

Сергіту жаттығу

4- тапсырма: «Сөздер»

Тақтадан ара, шар, нан, лақтың суреттері мен жазылған сөздер көрінеді. Әр сөзді балаға оқытады, сәйкес суретті тауып, сөзге жақындату керек екенің түсіндіреді.

5- тапсырма: «Сөзді өзгерт» дидактикалық ойыны

Балаларға алдындағы кеспе әріптермен АТА сөзін жазуға тапсырма беріледі, жазып болған соң ол сөз тақтадан көрінеді.

Осы ретпен бір әріпті өзгерте отырып, АНА, АША, АЛА сөздерін жаздырады. Балалар жазып болған соң әр сөз тақтадан көрініп тұрады.

6- тапсырма: «Сөйлем»

Тақтадан күннің сүреті көрінеді.



Білім ханшасының суретін тамашалайды





Сұрақтарға жауап береді.



Жәндіктер мен иттың дауысын естеріне түсіреді:

  • З-з-з-з-з-з-з

  • С-с-с-с-с-с

  • Р-р-р-р-р-р


Тапсыпманы бір бала тақтада, қалған балалар орындарында отырып орындайды.


Әр бала әр сөзді оқып, сәйкес сүретті сол сөздің жанына алып келеді.


Алдарындағы кеспе әріптердін АТА сөзін жазады, тақтадан көрінген жазу бойынша тексереді.


Сурет бойынша сөйлем құрайды.


Қолдарымен күн – көжек жасайды,


3. Рефлексивті - түзетушілік

Қорыту

  • Білім ханшасы сендердің білімді, ақылды екендеріңді түсініп, сендерге қатты риза болды.

Білім ханшасына рақмет айтады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі