400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« ЕГЕР ЖЕР АЛМА БОЛСА»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды азық өсіру үшін жарамды жердің жетіспеушілігі проблемасымен таныстыру. • Жалпы сыныптық пікірталас барысында осы проблеманы шешу жолдарын оқушылармен талқылау. • Бөлімдер білімін бекіту және жүйелендіру: – Математикадағы «Бөлшектер»; – Дүниетанымдағы «Табиғи жағдайлар мен олардың адамдар тіршілік әрекетіне әсері»; – Әдеби оқудағы «Түрлі көздерден ақпарат алу»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: ЕГЕР ЖЕР АЛМА БОЛСА.

Тәрбие сағатының сақсаты: -Оқушыларды азық өсіру үшін жарамды жердің жетіспеушілігі проблемасымен таныстыру.

• Жалпы сыныптық пікірталас барысында осы проблеманы шешу жолдарын оқушылармен талқылау.

• Бөлімдер білімін бекіту және жүйелендіру: – Математикадағы «Бөлшектер»;

– Дүниетанымдағы «Табиғи жағдайлар мен олардың адамдар тіршілік әрекетіне әсері»;

– Әдеби оқудағы «Түрлі көздерден ақпарат алу»

Қажетті жабдық:

• Үлкен алма

• Пышақ

• Майлықтар

• Басып шығарылған сабақ материалы

Сабаққа дайындық

  1. Жұмыс парақтарының және «Адам және топырақ» анықтамалық материалы көшірмелерінің қажетті санын басып шығарыңыз. Алманы, пышақ пен майлықтарды дайындап қойыңыз.

Сабақтың өзі 2. Оқушыларға адамзат үшін жер ресурстарының қандай маңызды екенін әңгімелеп беріңіз. Құрлықтың аз ғана пайызы азық өсіру үшін жарамды екеніне назар аудартыңыз. Фермерлер көп азық өсіру үшін жер ресурстарын пайдалануға үйренгеніне қарамастан, олардың әдістері зиянсыз емес. Антропогендік әсер топырақтың эрозиясына, құнарлы қабаттың ластануы мен тозуына әкеледі. Сонымен қатар өте көп құнарлы жер қалалар құрылысы мен мал шаруашылығының мұқтаждығы үшін пайдаланылатынын атап өтіңіз, бұл өзі аз ғана топырақ ресурсын қысқартады. БҰҰ бағалауы бойынша 2030 жылға қарай біз Жер халқын (халық 8,2 миллиард адамды құрайтыны күтілуде) тамақтандыру үшін 30%-ға артық астық өсіруге міндеттіміз. 3. Жұмыс парақтарын таратыңыз. Оқушыларға алманы көрсетіп, оның көмегімен планетадағы құнарлы жердің қаншалықты аз екенін көрсететініңізді түсіндіріңіз. Әрекеттеріңізді түсіндіре отырып, алманы Мұғалімге арналған конспектіге сәйкес кесіңіз. 4. Егер оқушылар жылдам оқи алса, «Адам және топырақ» анықтамалық мақаласын таратыңыз. Егер оқушылар әлі оқи алмаса, мақаланы дауыстап оқыңыз. Оқушылармен мынадай сұрақтарды талқылаңыз: - Топырақ эрозиясы немен қауіпті? - Адамдардың қандай әрекеттері құнарлы топырақтың эрозиясына әкеледі? - Жер халқы өсіп келе жатқанда топырақ жай-күйінің қамын ойлаған неге маңызды? - Құнарлы жерді қалай қорғау керек? Құнарлы жерді қорғау бойынша айтылған идеяларды тақтаға жазамыз.

Адам және топырақ Жер – бұл табиғи ресурстарының маңызды түрі. Сапасы мен адамдар пайдаланатын мақсаттарына қарамастан, барлық жерлер жер ресурстарына жатады. Жер планетасының барлық жері құрлық деп аталады, яғни, басқаша айтқанда, құрлық – бұл Жер бетінің сумен жабылмаған бөлігі. Құрлық планета бетінің 29%-ын алады, оның жалпы ауданы – шамамен 150 000 000 шаршы километр (нақты цифра: 148 939 063 км²). Кейбір жерлерде қалалар салынып жатыр, басқаларында – мал азықтандырылады немес азық өсіріледі. Мұлдем пайдаланылмайтын жерлер де бар. Жердің үстіңгі қабаты топырақ деп аталады. Егер жер топырағында қоректік заттар көп болса, біз оны құнарлы деп атаймыз. Құнарлы топырақ азықты өсіру үшін келеді. Жер ресурстары дегеніміз не? Адамдар топырақ жай-күйіне қатты әсер етеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы да, құрылыс та, өнеркәсіп те, көлік те әсер етеді. Егер адамдар топырақты теріс әсерден қалай қорғауға болатынын алдын ала ойламаса, топырақтың эрозиясы, ластануы мен тозуы болады. Эрозия – топырақтың пайдалы заттардың ең көп көлемін қамтитын үстіңгі қабатының бұзылуы. Эрозия – табиғи процесс, топырақ желден немесе қатты жаңбырдан үнемі бұзылады. Бірақ тек жаңбыр мен жел ғана болса, эрозия баяу болады және топырақ өзінің құнарлығын қалпына келтіруге үлгереді. Ал жел мен жаңбырға адамның ойластырылмаған әрекеттері қосылса, топырақ қалпына келтіруге үлгермейді. Адамдар топыраққа қалай зиян келтіреді? Ағаштардың бұтақтары мен жапырақтары топырақты жағбырдан және желден қорғайды, ал ағаштар тамырлары топырақтың орнында қалуына көмектеседі, осылайша эрозияға жол берілмейді. Оған қоса, түскен жапырақтар топырақты қалпына келтіреді: микроорганизмдер жапырақтарды келешек өсімдіктер үшін қоректік заттарға айналдырады. Осылайша, ормандарды шабу қорғаудан, сол сияқтықалпына келтіру ресурстарынан айырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
2024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі