« Экологиялық жұмыс жүргізуде отбасы мен
балабақша сабақтастығы »
-
Балабақша ауласын көгалдандыру, ата – аналар мен
балалар еңбегі.
-
Мерекелік шаралар өткізілетін.
-
Экологиялық ойындар ойнау.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып , суын ішіп
отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы,
табиғи қажеттілік. Сондықтан да балаларды айналадағы табиғи ортамен
.немі қарым – қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын
қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі
балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып
табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты – табиғатты
аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім
бере отырып, тірі және өлі табиғатты құбылыстар жөнінде қарапайым
ұғымдар қалыптастыру.
Бағдарламада балаларға экологиялық тәрбие беру
мақсатында ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде қарастырылған.
Мысалы: Көркем әдебиет арқылы мезгілдеріне сәйкес «Күз», «Жаз»,
«Көктем», мезгілдеріне сәйкес «Күз», «Жаңбыр», «Көктемгі күн»,
«Жазғы күн» сияқты тақырыптар арқылы балаларға жалпы біліммен қатар
экологиялық тәрбие бірлесіп ол әрмен қарай мерекелік шаралармен
ұштасып, білім мен таным өзара үйлесімде нақтылана түседі. Сонымен
қатар тіл дамыту, бейнелеу өнерң пәндер арасында тақырыптарға сай
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болады. Мысалы: Тіл дамыту пәнінен «
Жануарлар әлемі » тақырыбын өткен кезде балалар жұмбақтар шешу
арқылы тірі табиғаттың бірі жануарларменде танысты. Балалар
жануарларды бірнеше топқа бөле отырып , олардың бір – бірімен
ұқсастығымен қатар айырмашылықтарында анықтады. Сонымен бірге
жануарларды күтіп баптау оларға қамқорлық жасаудың не үшін
қажеттілігін олардың адамдар,өсімдіктер өмірімен тығыз байланыста
екенін білдік.Сонымен қатар ата-аналармен бірлесе отырып экскурсия
жүргіздік,ол оқу іс-әрекеті таза ауада жүргізілді.Біз мындай оқу
іс-әрекетін жылдың төрт мезгілінде өткіземіз.Әр маусымға сай
өзгерістерді байқау,таза ауамен демала отырып,ата-аналармен бірге
балалар өз назарларын аударар жағдайларды шығармашылықпен
бақылайды.Осы кезде балаларға түрлі сұрақ қою арқылы таза
ауа,өсімдік жәндік сұлулық туралы білімдерін кеңейту.Ата-аналармен
бала-бақшада әр түрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру – экологиялық
мәдениетке жетіудің даңғыл жолы.Мереке балаларға ерекше коңіл-күй
сыйлайды.Балаларды таза ауада шынықтыру экологиялык тәрбиенің бір
түрі болып табылады.Осы мақсатта «Қыс қызығы» атты қысқы шарасы
болып өтті.Ондағы мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы
баланың денсаулығын сақтау және нығайтыу қозғалыс ептілігі мен
дағдыларын жетілдіру,салауатты өмір салтын сақтайтын тұлға
қалыптастыру.Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Жасыл ел»
бағдарламасының іске асыуына көмектесе отырып, «Ағаш ек,туған жерді
түлет» ұранын алға ұстап қазіргі таңда балабақша топтарын,ауласын
көгалдандыру ағаштар,гулзарларға гүлдер егу жұмыстары жолға қойылып
келеді.Әрине жергілікті жердің қолайсыздығына қарамастан осындай
жұмыстар жолға қою үлкен еңбекті қажет етеді.Осы ретте топтағы тірі
табиғат бұршындағы гүлдерді,құстармен балықтарды күтіп баптау топ
бөлмесінен бастау алып,балабақша ауласындағы балалар еңбегімен
жалғасады.Ата-аналардың топтастыра отырып,ауланы тазарту жұмыстарын
жолға қойдық.Бұл ата-аналарға экологиялық және эстетикалық әдіс
тәсіл болып табылады.Балалар өлі табиғатты бақылау барысында
топырақтың ауа-райының өзгермелі болатынын байқады.Мысалы:Құмның
алғашқы қалпы сусымалы болатын,оған су құю арқылы саз балшыққа
айналатындығын корсетіп,одан балалар әр түрлі бейнелер жасау арқылы
шығармашылық қабілеттерін дамыттады,қардың суға айналуы,оның
қасиеттін,қатты жұмсақ ұлпа және салқын болатынын ажыратады.
Сонымен қатар гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ
бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде
өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай – ақ
аквариум тазартады,өсімдіктермен жануарларды дұрыс күтумен олардың
жақсы жағдайда болуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі.
Табиғат мүйісінің эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі
аударып отыру. Бұл жерде картиналарды, диафильмдер пайдалану арқылы
әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы
өз елінің табиғатын қорғап,қамқор бола білу қасиеті бойына
сіңіріледі.