Сабақтың тақырыбы: Елін
сүйген Елбасы
Мақсаты: Бүгінгі
жас
ұрпаққа
Елбасының
ерекше қасиет-қадірін,
тұлғалық
тұғырын
түсіндіру,
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың өмір
жолдары
туралы
түсінік
беру,
ерен
еңбегін
мақтаныш
сезіммен
оқушылар
бойына
сіңіру.
Көрнекілігі:
интербелсенді тақта,
слайдтар,
Елбасының
суреттері.
Барысы:
Әнұран
орындалады.
Мұғалім:
Кіріспе. Сәлеметсіңдер ме құрметті
қонақтар оқушылар . Бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені біз елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев туралы мағлұмат аламыз.
- Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты
тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы
жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес
болып отырады.Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды
«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға
қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер
қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен
жетістіктеріміздің бірі.
- 1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан
Президент күніне орай «Біздің тұңғыш Президентім» атты сынып
сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім
.
Слайдтар бойынша
түсіндіру.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өміріне тоқталу.
Балалық
шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле
Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан
Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған
әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан
бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді
тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі
Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі
бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі
барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып
қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан
Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың
байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі
Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы
Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш
Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана
емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ
және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып
тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс
болды.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай
ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге
келді.
Мемлекет басшысы биік
мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып –
«Мен үшін елімді дамыған елдердің қатарына тұрғызып, санатына
қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық
қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те,
перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі –
машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай
мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН.
Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен
ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет
болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш
Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж
Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз
айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.1995ж
Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің
барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де
барған.
Осының бәрі ел қамы, ел
болашағымен байланысты. Достық қарым
–қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз
еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй
данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір
үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор
беделі.
Викториналық
сұрақтар:
1. Қ. Р - ның президентті кім?
(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда
туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған
ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан
туған? (6 шілде, 1940 жылы
туған)
4. Біздің елбасы қалай
оқыды? (4
пен 5 - ке)
5.
Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаевтың бойында
қандай қабілет бар? (адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін
адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан
президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991
жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары
қандай? (Целиноград, Ақмола.)
9. Елбасының
балалары
10. Халықаралық Бөбек балалар
қайырымдылық қорының президенті кім?
11. Назарбаевтың ата –
анасының аты кім? (Әбіш, Әлжан)
12. Елбасының атын кім қойған?
(Әжесі Мырзабала)
13. Назарбаевтың туған жері
қазір қалай аталады? Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр
жері.
Балалар , Нұрсұлтан Назарбаев
кім? Қай жердің тумасы? Қай жылы дүниеге
келген?
Постер
құрастыру
Мұғалім:
Елбасы
мәртебесін бекіту
шын
мәнінде
дұрыс
болды.
Халықтың
жүрегінен
шыққан
бұл
шешімді
мен
ұлт
болып
ұйысуымыздың,
жұрт
болып
жұмылуымыздың,
ілгерілеуіміздің,
ел
ретінде
жаңа
деңгейге
көретілуіміздің көрінісі
деп
қабылдадым.
Елбасы
туған
халқын ,
сайын
,даласын
жанындай
сүйетін
кісі.
Мұнысын
Нұрекең
сөзімен
де,
ісімен
де
жүрегін
жарып
шыққан
әндерімен
де,
өлеңдерімен де
дәлелдеп
келді.