400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Ермексаз әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 ҰОҚ. Ермексаз әлемі

Мектеп / МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Мектепалды даярлық сыныбы / топ:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.1.1. Затқа қарап және елестету арқылы, ермексаздың, сазбалшықтың және басқа да материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып, таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-жидек, жануар, құстардың модельдерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде жасау.

0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

• мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды атап көрсете алады;

• материалдармен және құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіріп, іс жүзінде қолдана алады;

• мүсіндеудің түрлерін атап бере алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

• ауызша нұсқау бойынша жұмыс істей алады;

• шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындай алады; • ермексазды үнемдеп пайдалана алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

• мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен орындау технологияларын атап береді;

• тапсырма тақырыбына қатысты қосымша ақпаратты есте сақтайды; • қарапайым геометриялық фигуралар негізінде заттар жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

• өзінің және өзгелердің жұмысын талқылап, баға беру; • пікір алмасу;

• қорытынды сұрақтарға жауап беру және өзінің ҰОҚ-дегі жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: ермексаз – пластилин – plasticine.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Жұмыс орны, ермексаз, ермексаз кескіш, майлық, қауіпсіздік техникасы, мұқияттылық, үнемшілдік, ою-өрнек.

ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқыланатын сұрақтар:

– Сендер мүсіндеудің қандай түрлерін білесіңдер? – Жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет?

– Ою-өрнек дегеніміз не?

Өткен ҰОҚ-нен алған білім, білік

Ермексазбен жұмыс істеу дағдысы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Жұмыс істеуге жағымды көңіл күй қалыптастыру



0 – 1минут

(Ұ) Педагог жұмыс істеуге қолайлы жағдай қалыптастырады. Балалармен бірге «Ермексаз әлеміне» саяхаттайтын ертегі кейіпкері – мүсінші Ермекпен танысуды ұсынады.



(Ө) Ойын түріндегі жаттығу: балалар өздерін қызықтыратын дүниелер жайлы әңгімелейді, «Ермексаз әлеміне» саяхатқа аттанып, онымен жақынырақ танысуға қызығушылық танытады.

Музыкалық сүйемелдеу.

II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау. 2 – 5 минут

(Ұ) Тақпақ тыңдау.

«Ермексаз әлемі» – тәрбиеленушілер кішкентай мүсінші атанып, өз туындыларын жасауға талпыныс білдіреді.



(Ұ, Ө, Т) «Миға шабуыл»: мүсінші Ермек балалардың саяхатқа дайындығын анықтау үшін тапсырма береді.



(Ө) Зерттеушілік қызмет: «Ермексазбен достас» ойын жаттығуы.



(Т, Ө) Әліппе-альбомда орындалатын жұмыс: мүсіндеуде пайдаланылатын құралдарды атап көрсету және олардың қандай мақсаттарда пайдаланылатынын түсіндіру; иллюстрацияларды қарап, мүсіндеудің түрлері туралы айтып беру.



(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-нің не туралы болатынын түсінеді. Зерттеудің тақырыбы мен мақсатын анықтайды.















Әліппе-альбом.

ҰОҚ-нің ортасы III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 25 минут

(Ұ,Т) Мүсінші Ермек балаларды бұйымның бастапқы пішіні – шармен танысуға шақырады.



(Т) Әліппе-альбоммен жұмыс. «Шарлар мен жіптердің сиқырлы өзгерісі»: шар неге айнала алады?



(Т, Ө) Ой-қорытынды: шарды түрлі заттарға айналдыруға болады; одан жіп (жгутик) жасауға болады, жіптен түрлі ою-өрнектер құрастырамыз.



(Ұ) Талқылау:

Ою-өрнек дегеніміз не?

Тәрбиеленушілер қазақ халқының ою-өрнектері туралы білімдерін бекітеді. Оюлардың түрлерімен танысады.



(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс істеу. Үлгісін көрсету.

Тәрбиеленушілер әліппе-альбомдағы сілтемені негізге ала отырып, мүсіндеудің түрлерін және қандай тәсіл қолданылғанын атап көрсетеді.





Әліппе-альбом.










Қазақтың

ою-өрнектері.









Әліппе-альбом.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
913
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі