жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
: Ермексаз және тұқымдардан біріктірілген жұмыстар
Сабақ жоспары
Күні: 20.11.2015
Оқытушы: Турлыбаева Г.О.
Топ: 31 «м»
Пәні: Технология және оны оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Ермексаз және тұқымдардан біріктірілген жұмыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушылардың ермексаз және тұқымдар туралы білімдерін кеңейту, ғылыми терминдердің мағынасын, ермексаз бен тұқымдардан біріктірілген жұмыстардың технологиясын, әдіс-тәсілдерін меңгерту және олардан жасалатын сәндік бұйымдардың түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Ермексазбен және тұқымдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасын ескеруге дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау, топпен жұмыс істей білуге машықтандыру, көркемдік талғамдарын арттыру, болашақ маман ретінде мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі әдістемелік біліктіліктерін жетілдіру
Тәрбиелік: Экологиялық, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу, табиғи материалдарды үнемді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім мен білікті қолдану сабағы
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-иллюстративтік, әңгімелесу, сөздік, практикалық, синквейн, эссе, ойқозғау, «Топтастыру», «Түртіп алу», «Еркін жазу», «Автор орындығы» стратегиялары, кері байланыс
Сабақтың көрнекі-құралдары: компьютер, интерактивті тақта, дыбыс күшейткіш құрылғы, тақырыптық презентация, ермексаз бен тұқымдардан әзірленген жұмыстардың үлгілері, шаблондар, қобдиша
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қатырмақағаз, желім, ермексаз, кескіш құралдар, өсімдік тұқымдары, пластикалық құтылар, қорапшалар, А4 форматтағы қағаздар, ватман, маркерлер
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология, әдебиет, педагогика, музыка
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру.
а) Білім алушылармен амандасу, білім алушыларды түгелдеу
ә) Сабаққа керекті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру
б) Сабаққа назарларын аудару
Психологиялық дайындық. «Ғажайып дорба» ойыны
Ойынның мақсаты: Тұқымдар туралы жалпы білімдерін еске түсіру
Ойынның шарты: Дорбада бірнеше дәнді дақылдар мен бақша дақылдарының дәндері бар. Әр топтан екі білім алушы шығып, көзін жұмып, дорбадағы дәннің қай өсімдіктің тұқымы екенін ажырата білуі керек. (формасы, түсі т.б. жайында баяндауы керек).
Топқа бөлу. Дәнді дақылдардың, бақша дақылдарының суреттері бойынша 2 топқа бөлінеді.
Топқа бөліп, топпен жұмыс істеудің мақсаты – топтарды бір-бірімен жарыстыру.
1-топ: «Диқаншылар» тобы
2-топ: «Бағбандар» тобы
Топ атауларын мамандықпен байланыстыра айту.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақ соңына дейін қай топ белсене қатысып, көп ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.
1-топ астық дақылдарының суреті арқылы бағаланады. Ұпай жинаған сайын қамбаға астық құйылады.
2-топ бақша дақылдары арқылы бағаланады. Ұпай жинаған сайын бақша дақылдары қоймаға жиналады.
Астықтың қамбада, бақша дақылдарының қоймада сақталатынын айту.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Алдыңғы сабақта «Жапырақтармен жапсыру» тақырыбы өтілген.
1-топ: «Диқаншылар» тобы
Жапырақтардан ашықхат жасау және жапырақтармен жұмыс туралы синквейн құрастыру.
2-топ: «Бағбандар» тобы
Жапырақтардан жапсырылған панно жасау жапырақтармен жұмыстың баланың дамуындағы рөлі туралы шағын эссе
Әр топтан 2 білім алушы жасаған және жазған жұмыстарын қорғайды.
«Ыстық орындық» стратегиясы. Сұрақтарға жылдам жауап берілу керек.
Жапырақтармен жапсыру жұмысы балабақшаның қай тобында жүргізіледі?
Жапырақтарды қалай жинап, кептіріп, сақтау керек?
Панно деген не?
Аппликация туралы не білеміз?
(Үй тапсырмасы бойынша білім алушылардың еңбегін және жауабын БАҒАЛАУ).
ІІІ. Жаңа сабақ.
(Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Тақтаға күн ретін, сабақтың тақырыбын, жоспарын жазып қою)
Жоспар:
1.Ермексаз және тұқымдар туралы жалпы түсінік. Оларды дайындау және сақтау
2.Ермексазбен және тұқымдармен жұмыс жасау технологиясы мен ережесі, еңбек гигиенасы
3.«Ермексаздан фон» салу, оны тұқымдармен әшекейлеу әдістемесі
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Астана, 2010
2. Ф.Н.Жұмабекова, А.А.Ойшыбаева «Құрастыру және қол еңбегі». Әдістемелік құрал. Ересек топтарға арналған. А:«Алматыкітап» 2014, 96 б
3. Э.К.Гульянц, И.Я.Базик «Что можно сделать из природного материала» Книга для воспитателя детского сада. Москва: «Просвещение» 1991, 175стр
Ойқозғау. «Топтастыру» стратегиясы
1-топ: – Мектеп жасына дейінгі балалар ермексаздан қандай жұмыстар жасай білуі керек және ермексазбен жұмыс мектеп жасына дейінгі балалардың қай тобында жүргізіледі? (Ермексазбен жұмыс 1 сәбилер тобында жүргізіледі).
2-топ: – Мектеп жасына дейінгі балалар тұқымдардан қандай жұмыстар жасай білуі керек және тұқымдармен жұмыс мектеп жасына дейінгі балалардың қай тобында жүргізіледі? (Тұқымдармен жұмыс ересектер тобында жүргізіледі).
(Білім алушылардың жауаптарын БАҒАЛАУ).
Мағынаны тану. Слайдтар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
(«Түртіп алу» стратегиясы бойынша білім алушылар өздеріне қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып алады).
Қол еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Ермексазбен және тұқыммен жасалатын жұмыстар балабақшаның ересектер тобында жүргізіледі. Ермексазбен және тұқымдармен жасалатын жұмыстар қол еңбегіне жатады. Қол еңбегіне 16 сағат берілген. Оның
Қағазбен жұмысқа – 6 сағаты;
Пайдаланылған қажетсіз заттармен жұмысқа – 5 сағаты;
Табиғи материалдарға – 5 сағат бөлінген.
Мектепалды тобында қол еңбегі құрастыру сабақтарымен кезектесіп, екі аптада
бір рет өткізіледі.
Қол еңбегіне баулуда тәрбиешінің жүзеге асыруды көздеуге тиіс міндеттері:
Еңбек әрекеті ережелерін сақтау;
Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Ұқыптылыққа, пайдаланатын материалдарды үнемдей білу дағдыларын қалыптастыру;
Балалардың ой-қиялын дамыту, іс-әрекетке қызығушылығын арттыру.
Қол еңбегін ұйымдастыру ережелері:
Қол еңбегімен айналысатын арнайы құрал-жабдықтар болуы керек. Олар көркемдік талғамға, гигиеналық талаптарға сай болуы және баланың пайдалануына ыңғайлы, жас ерекшелігіне сай болуы керек.
Ересектер тобында қол еңбегіне арналған арнайы бұрыштар болуы қажет. Қол еңбегіне қажетті құрал-жабдықтар сөрелерде, жабық шкафтарда жинақталады.
Жоғарғы жағында үнемі ауыстырылып тұратын көрмелерге қажетті заттар (ұлттық және сәндік қолданбалы өнер туындылары, ата-аналар мен балалардың жасаған жұмыстары) |
Келесі бөлігінде картон қағаздар мен түрлі түсті қағаздар, бояулар, қарындаштар, үлгілер, мақта, маталар, паралон, пенопласт, ине, жіп т.б. қажетті құралдар |
Төменгі бөлігінде табиғи материалдар мен қажетсіз заттарды орналастырған тиімді. |
Ермексазбен жұмыс туралы видеоролик көрсету және мәлімет беру.
Ермексаз - илеуге, созуға ыңғайлы жұмсақ материал. Ол тазаланып, ұнтақталған саз ұнтағына балауыз, малдың майы және басқа да құрғап қалудан сақтайтын заттардың қосылуы арқылы жасалады. Ермексаз мүсін жасағанда кішігірім фигуралардың жобасын жасау мақсатында қолданылады. Ермексаздың қатты, жұмсақ түрлері бар. Қатты ермексазды түрлі мүсіндер жасау үшін қолданады. Қатқыл ермексаз жасау керек болса, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады. Ол зауытта әр түрлі түстерге боялады. Бастапқыда оның түсі сұр болатын, кейін төрт түсті етіп жасалды.
Ермексазбен жұмыс істеу үшін қажет құрал-жабдықтар: тақтайша, кескіш қалақшалар, ермексазды бөліп алуға арналған жіп, ылғал қол сүрткіш.
Ермексазды ойлап тапқанға дейін балалар сазбен ойнап, саздан неше түрлі бейнелер сомдаған. Саз балшықтан қолөнер шеберлері құмыра сияқты түрлі бұйымдар жасаған.
Ермексаз ХІХ ғрасырдың аяғында пайда болған. Кім ойлап тапқанын дәл айту қиын. Себебі, оның авторы ретінде Францияда Франц Колбты, Ұлыбританияда Уильям Харбутты атайды. 1897 жылы Англияның өнер мектебінің оқытушысы Уильям Харбут ермексазды мүсін жасау кезінде кеуіп қалмайтын материал ретінде жасап шығарды. Америкада ермексазды ойлап тапқан Джо Маквикер деп біледі. Ермексаздың артықшылықтарын жоғары бағалап, оны балалардың ойын құралына айналдырған балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген Джо Маквикердің туысқан қарындасы дейді. Содан бері ермексаз сазбен қатар қолданыла бастады. Ермексазды алғашында тұсқағаз бетіндегі дақтарды кетіру үшін жасаған.
Балабақшада ермексаздан басқа саздан, тұздалған қамырдан жұмыстар жасатуға болады. Балалар шығармашылығы үшін өсімдік негізінде жасалған ермексазды қолдану қауіпсіз. Ермексазбен жұмыс істеу арқылы балалардың саусақ бұлшықеттері дамиды, икемділіктері мен епсектіліктері қалыптасады.
Ермексаздың тиімді және тиімсіз жақтары
Тиімді жақтары |
Тиімсіз жақтары |
Ермексаз жұмсақ, илеуге тез көнеді |
Баяу кебеді |
Жапсырмаланған дене деформацияға (созылмайды) ұшырамайды. |
Қолға, киімге жұғады, күйдіруге келмейді |
Мүсіндеу үшін өте ыңғайлы, қолға жабыспайды |
Түрлі химиялық қоспалардан жасалады |
Ермексазбен жұмыс істеу арқылы балалардың саусақ бұлшықеттері дамиды. |
Саз, балауыз, ермексаздан жасалған мүсіндер тез тозады, сондықтан көбіне гипстен көшірме жасалады. |
Балалардың қолдануына өте қолайлы. |
Шаң жұққыш келеді, ыстықта ериді, кейбіреулері жанып кетеді. |
Ермексазбен жұмыс істеу ережелері:
Ермексазбен жұмыс істегенде жеңімізді түреміз.
Ұсақ бөлшектерін әшекейлеп, артық ермексазды қыру үшін қырғышты пайдаланамыз.
Ермексазбен жұмыс кезінде қолымызды сулап отырып жасасақ, қолымызға жабыспайды.
Ермексазды арнайы қорапқа салып, салқын жерде сақтау керек.
Тұқымдармен таныстыру. Тұқымдардың түрлерін көрсету.
Тұқым – тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі. Тозаңданған гүлдің орнына тұқымы бар жеміс пайда болады. Жеміс өсіп, оның ішінде тұқым жетіледі.
Тұқымды жинау және сақтау. Тұқымды әбден піскен кезде және дақ түспеген таза күйінде жинайды. Тұқымдық дән бұзылып кетпеу үшін оны құрғақ, салқын жерде сақтайды. Егер жақсы кептірілген бүтін дәнді нөл градусқа дейінгі температурада сақтаса, онда оны 5-10 жыл, тіпті одан да көп уақытқа дейін тұқымдық қасиетін жоймайды. Тәрбиеші өсімдіктің тұқымдарын жаз және күз мезігілінде өзі немесе мүмкіндік болса балалармен бірге жинап, тазалап, кептіріп, сақтап қояды. Сосын жыл бойы пайдалана беруге болады.
Тұқымдарды желіммен жапсыруға болады. Бүгінгі сабақта тұқымдарды ермексаздан жасалған фонға жапсыруды балаларға үйрету жолдарын қарастырамыз.
Интерактивті тақтадан ермексаз және тұқымдарды біріктіру арқылы жасалған жұмыстардың үлгілерін көрсету
Аудиторияның бір бұрышында ұйымдастырылған КӨРМЕМЕН таныстыру. Көрмеге балабақшаға арналған бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды, және үйден жасап келген бұйымдарын, жаңа сабаққа қатысты заттарды қою (өсімдік дәндері, ермексаз, ермексаз бен тұқымдардан біріктіріліп жасалған жұмыстардың үлгілері, қобдиша т.с.с.)
Практикалық жұмыс. «Қобдиша» тақырыбына оқу-іс әрекетін ұйымдастырып көрсету (үлгі ретінде)
Оқу-іс әрекетінің тақырыбы: Қобдиша әзірлеу
Мақсаты: Балаларды тұқымдармен таныстыру, ермексазбен және тұқымдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; пластикалық құтылардан немесе қағаз қорапшалардан қобдишалардың сыртына ермексазды жабыстырып, фон жасауды және оны тұқымдармен безендіруді үйрету; оған қажетті құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру; ермексазды орынды пайдалануға үйрету; жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар мен материалдар: тұқымдар (бидай, жүгері, бұршақ, тары, күріш, қарбыз бен асқабақтың дәндері және т.б.), ермексаз, тақтайша және кескіштер, қобдишаның үлгілері, пластикалық құты немесе қағаз қорапша
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ермексазбен қапталып, тұқымдармен өрнектелген қобдишаны көрсету, талдау жасау, ермексазды пластикалық құтыға немесе қағаз қорапшаға жабыстырып фон жасау, тұқымдармен безендіру жолдарын көрсету
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: ермексазды және тұқымдарды алдын ала дайындау, қобдишаның суретін көрсетіп әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: қобдиша, фон (негізгі түс), безендіру, пластикалық құты
Сабақтың барысы:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Қобдиша туралы жұмбақ жасырады. Қобдишаның суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, балаларға әңгімелеп береді. Қобдиша – ұсақ әрі құнды заттарды салуға арналған шағын сандықтың бір түрі. Қобдиша ағаштан, металдан, пластмассадан жасалып, терімен, қымбат матамен қапталады. Сүйекпен, асыл тастармен безендіріліп, қақпағы ілгекпен бекітіледі. Қобдишаның тарихына тоқталсақ, ғалымдардың айтуы бойынша қобдиша ең алдымен әшекей бұйымдар салу үшін пайдаланылған. Жапония мен Қытайдың талантты шеберлері 2000 жыл бұрын ағаштан түрлі формадағы қорапшалар дайындап, оны арнайы бағалы ағаштың шайырымен әрлеген. Шеберлер уақыт өткен сайын қобдиша жасаудың жаңа технологияларын тауып отырған. Осылайша, қобдиша қарапайым ағаш қорапшадан сырты бағалы матадан, сүйектен, асылтастардан көмкерілген сәнді әрі бағалы затқа айналды. Содан бері қобдишаны пайдалану заңдылығы өзгерген жоқ, бірақ уақыт ағымына қарай оны жасайтын материал түрі жаңаланып, жасалу технологиясы жетілдірілді. Ерте кезде қобдиша бай адамдардың сұранысына ие болып, бағалы заттарын сақтау үшін пайдаланылды. Қарапайым халықтың қолы жете бермейтін бағалы зат болды. Ағаштан, мәрмәр тастан, пілдің сүйегінен жасалған қобдишалар әрқашан өз құпиялылығын сақтады. Арнайы тапсырыспен жасалған қобдишалардың сырты қымбат тастармен әшекейленіп, іші жібек матадан астарланды. Мұндай қобдишалар ішіндегі бағалы заттардан да құнды болды. Қазіргі кезде қобдишаның түрі көп және ол қолжетімді зат. Қыздар үшін өте керек бұйым, оған қыздар әшекей бұйымдарын, басқа да ұсақ-түйек заттарын сақтап қояды. Ермексаз бен тұқымдарды біріктіру арқылы жасалған бір қобдишаның үлгісіне талдау жасайды. Шағын топтарға бөледі.Әр топқа жұмысқа кірісу үшін не істейтіндерін сұрайды. |
Балалар жұмбақтың шешуін ойланып табады. Суреттерді, үлгілерді көреді, қарайды. Шағын топтарға бөлініп, жұмыс жасау жолдарын келіседі. Алдымен қобдишаның суретін салып алады. |
Ұйымдастыру шылық-ізденістік |
Пластикалық құтыға немесе қағаз қорапшаға ермексазды жапсырып көрсетеді. Фон бір түсті болуы керектігін, фон мен салынатын суреттің түсі, жабыстырылатын тұқымның түрі, формасы үйлесім табуын ескертіп, көркемдік талаптарға сай болуын қадағалайды. Ермексаздан жапсырылған фонның бетіне түрлі тұқымдардан өрнек салып, безендіру жолдарын көрсетеді. Қауіпсіздік ережесі мен еңбек гигиенасын сақтауды ескертіп отырады. |
Пластикалық құтының немесе қағаз қорапшаның бетіне қалыңдау етіп ермексазды жапсырады. Салынған суреттерге сәйкес дәнді дақылдардан: күріш, қарақұмық, тары, бидай пішініндегі материалдарды алып, ермексаздан жасалған фонға жапсырады, әдемілеп, мазмұн бере отырып орналастырып, әшекейлейді. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог қобдишаның ермексазбен қапталып, тұқымдармен безендірілуіне бағыт беріп, басшылылық жасайды, қобдишаны қалай күтіп ұстау керек екендігі, оның қажеттілігі, қолданылуы туралы сұралады. Қобдишаға керекті заттарды салып қоюға немесе сыйлыққа беруге болатыны айтылады. Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталып, бағаланады. |
Әр шағын топ балалары өздері жасаған қобдишаның жасалу жолдарын, мазмұнын қобдишаның қолданылуы туралы әңгімелеп береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ермексазды пайдаланып фон жасауды, фонды тұқымдармен безендіруді үйренеді.
Игереді: қобдиша туралы түсінікті игереді.
Меңгереді: қобдишаны көрсетілген үлгі бойынша безендіруді, ұқыпты жұмыс жасау іскерлік-дағдылары қалыптастырылады.
(Үлгі ретінде көрсетілген оқу іс-әрекетінің үзіндісі туралы білім алушылар талдауы тиіс).
1-топ: Бұл іс-әрекетті ұйымдастыруда қандай мақсат қояр едің?
Осы жұмыс балабақшаның қай тобында жүргізіледі?
2-топ: Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда қандай әдіс-тәсілдер қолданылды?
Ермексазбен жұмыста қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек?
(Жасаған жұмыстары және үлгі сабақты талдауы бойынша БАҒАЛАУ).
Қол еңбегіне баулуда дидактикалық ойындардың педагогикалық маңызы
бірінші кезекте тұрады. Орыс ғалымы А.С.Макаренко оқытуды ойынмен байланыстыруды көздеген. Ол баланың өмірін ойынмен «шынықтырып», ойынды еңбекке баратын жолға көпір етіп қойған. «Балалардың ойыннан алған жақсы сезімдері, олардың шығармашылық эстетикалық қуанышы немесе үлкен жеңісі болып есептеледі» деген. Дидактикалық ойындар оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді және сабақта алған білімдерін бекітіп отыру үшін қажет. Ойын кезінде баланың қиялына ерік беріледі, балалар ұжым болып ұйымдасады. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда «Қай өсімдіктің дәні екенін тап», «Мынау қай ағаштың жапырағы?» деген сияқты дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Сергіту сәті. Еңбек, өнер туралы және сабақ мазмұнына байланысты мақал-мәтелдер айтып 2 топ жарысады. (БАҒАЛАУ)
Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән.
Еңбек үйренемін десең жалықпа.
Баппен бастап, талғаммен аяқта.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Топпен жұмыс. Екі топ бір ертегі бойынша оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын жасап, ертегі бойынша композиция құрастырып, сосын оны қорғайды. Композиция құрастыруға 5 минут беріледі.
(Білім алушылар топпен жұмыс жасап жатқанда баяу әуен қойылады. Сағат көрсетіледі)
2 топ жұмыстарын аяқтаған соң бір-бірінің жауаптарын, композицияларын бағалайды.
Бағалауда мән беру керек:
1.Тақырыптан ауытқымау;
2.Жасаған жұмыстарының эстетикалық талапқа сай болуы;
3.Тақырыптың, мазмұнының ашылуы;
4.Әдістемелік талаптарға және балалардың жас ерекшелігіне сай болуы;
5.Уақытты тиімді пайдалану
V.Сабақты қорытындылау.
Ойтолғаныс.
1-топ: «Диқаншылар»
«Еркін жазу» стратегиясы. Білім алушыларға сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екені жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіру тапсырылады. Жазуға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кезде білім алушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
2-топ: «Бағбандар»
«Автор орындығы» стратегиясы. Білім алушыларға болашақта тәрбиеші болған кезінде балабақша балаларына ермексаз бен тұқымнан қандай жұмыстар үйрететіндігі, үйрету жолы, әдіс тәсілдері жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіру тапсырылады. Жазуға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кезде білім алушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
2 топтың жауаптарын БАҒАЛАУ
Кері байланыс.
Сабақтан алған әсеріңіз:
Ұсынысыңыз:
Тілегіңіз:
VI. Бағалау.
Оқушылардың білім деңгейін, еңбегін бағалау. Бағалауда жасаған еңбектерінің көркемдік жағын, өлшемге сай болуын, түстердің үйлесімді болуын, экономикалық тиімділігін, білім алушының жеке және топта жұмыс істеуін ескеру.
VII. Үйге тапсырма:
1. Э.К.Гульянц, И.Я.Базик «Что можно сделать из природного материала» Книга для воспитателя детского сада. Москва: «Просвещение» 1991, 175стр. оқу, конспектілеу
2. «Күзгі орман» тақырыбында топ бойынша композиция құрастыру
3. Мектепке дейінгі балалар орындай алатын ермексазбен және тұқыммен орындалатын жұмыстардың нұсқаларын жинақтау. Шығармашылық үлгі бұйымдар әзірлеу, эскиздерін жасау, жинақтау
КЕРІ БАЙЛАНЫС ПАРАҒЫ
Сабақтан алған әсеріңіз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсынысыңыз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тілегіңіз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
КЕРІ БАЙЛАНЫС ПАРАҒЫ
Сабақтан алған әсеріңіз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсынысыңыз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тілегіңіз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
«
ДИҚАНШЫЛАР»
«БАҒБАНДАР»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген