400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Ертегілер әлемі!»

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы. Шет ауданы

Жарылғап батыр ауылы

Алтайбаев негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Мукашева Мейрамкул Саулебекқызы


Сайыс-ойын: « Ертегілер әлемі!»


Мақсаты:
1. Оқушылардың ертегі туралы білімдерін тиянақтау, ертегінің түрлерін ажырата білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету.
2. оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ертегіні сүюге, көп оқуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізушінің сөзі: -Сәлеметсіздер ме, балалар және келген қонақтар! Біз бүгін бесінші сынып арасындағы «Ертегі әлемінде» деген ойынды тамашалаймыз.


Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли-были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай,
«Бар екен де, жоқ екен,
Бөре бақауыл екен
Түлкі жасауыл екен,
Ертек, ертек, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Құйрығы келте екен,
Құйрығы қызыл екекн,
Құйрық жүні ұзын екен», - деп, біз де ертегі әлеміне кірейік, ойындарға, жеңіске жетейік.


Алдымен үш топқа бөлініп, ертегіге байланыстыра командамыздың атын қояйық.

1- тапсырма. «Сөзжұмбақ»
1. Кім сыпырғыда ұшады?Қай ертегіде барлық аң бір үйге сыйып кетеді?
2. Аленушканың інісі неге айналды?
3. Үш басты жануар?
4. Қыста ұйықтайтын аң?
5. Апасы мен атасынан не қашады?
6. Қасқыр лақтарға ненің өлеңін айтады?
7. Қызыл телпек нені кездестірді?
8. Түлкі: - балықты құйрығыммен ұстадым – деп нені алдады?
9. Кім сыпырғыда ұшады?

2- тапсырма «Көрініс»
Әр топ ертегілерден бір көрініс қою үшін оқушыларды ортаға шақырайық.


3- тапсырма. «Ойлан, тап».
Ертегіден алынған сөздерді оқимын, ал топтар қай ертегі және кейіпкерлері кім екенін атаулары керек.


1. Ол жақта жауын үздіксіз жауады, ал бұл жерде құрғақшылық. (Толағай)
2. Келші, менің мұрныма отыршы, соңғы кезде менің құлағым нашар естіп жүр. (Бауырсақ)
3. Әй, шал, мен ханша болғым келеді, -деді кемпір. (Алтын балық)
4. Үш баласы өз оқтарын әр жаққа атып, сол оқтармен бірге қалыңдықтарын алып келу керек. (Ханшайым бақа)
5. Әжей, сіздің мұрныңыз неге үлкен? (Қызыл телпек)
6. Аю аспанна: - «Отырма, демалма, самсаны жеме» деген дауысты естіді (Маша мен аю)
7. «Менің сақам қайда» - деп, жылады бала. (Алтын сақа)


4- тапсырма. «Кім жылдам!»
Менде үш конверт бар, ішінде сурет бар, соған байланысты қысқаша ертегі құра.


5 тапсырма. «Суретшілер».

Бір ертегіге сурет салу.


Осымен бүгінгі «Ертегі әлемінде» деген ойын сауығымыз аяқталды.

Қош сау болыңыздар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 тамыз
1119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі