400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Ертегілер әлеміне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Дамытушылық. Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Тәрбиелік. Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы





Пәні

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

« Ертегілер әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.   Дамытушылық. Кітапқа деген оқушылардың  қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін        дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

1.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру; 2. Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сілтеме

Оқушылардың әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;

Сабақта қолданылатын материалдар:

балалар әдебиетінен кітап көрмесі, суреттер, кітаптар.

Оқыту әдістері:

саяхат сабағы

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

     І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

     ІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақ түрімен және мақсатымен таныстыру.          

Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа қош келдіңіздер!

     Балалар кітапхана сөзінің мағынасы араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.

Білесің бе кітап білім ұясын,

          Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

          Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа

          Терең білім, ой маржанын құясың.

          Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,

          Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.

          Көп үйреніп, көп оқыған баланың

          Анық тағы білімпаз боп шығары.


Қызығушылығын ояту

-Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң-шешен,

Ақылы асқан көсем.

(Кітап).

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.

(Кітап).

-«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.

Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап -бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.

Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.

Кітап-ең сабырлы ұстаз.


Жаңа сабақ
























Кітапхана – кітаптардың ордасы,

Білсең кітап – нағыз жолбасшы.

Ал, білімің – кітап нағыз,

Қанып ішсең сусыныңды қандырады.

Кітап – ұстаз,

Кітап – үйретуші.

Кітап – нағыз дос, жолдас,

Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.

     Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)

Оқушымен жұмыс

















Жұмбақ шешу
Ал, енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?

1. Орман жанында

Үшеуі бір үйдетұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане, олар кімдер?     (үш аю)

2.     Ұшып келіп батпаққа түсті

Батпақта оны ұстап алды.

Кім жасыл қабыршақты шешіп,

Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды?    (патшайым, бақа)

3.     Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған.    (бауырсақ)

4.     Жерден аспанға ұшу үшін

Оған үлкен сыпыртқы керек.    (мыстан кемпір)


Шығармшылық жұмыс

-    Балалар, қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді?

Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.

     Ойын «Иә-жоқ». Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер.

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған  жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ»,  Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».

     Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсе;

1.     Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2.     Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парғы түсіп қалады.

3.     Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.

4.     Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.

5.     Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6.     Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.

Ал, оқушылар сендер кітаптапрмен дос болғыларың келе ме?


VIII. Қорытынды

Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.          Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.


Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ислам Шұғаев

«Кітап – әр адамның өмірлік досы» демекші . Сендер кітаптарды оқып кітаптар мен дос боласыңдар деп ойлаймын. Балалар сендер кітапхананың оқырманы болуға лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік ұстазымыз
.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі