: «Ғарыш әлеміне саяхат».

Тақырып бойынша 31 материал табылды

: «Ғарыш әлеміне саяхат».

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру. Ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін одан әрі қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шамурадова Мадина Алпамысовна

«№11 « Назерке» бөбекжайы» тәрбиешісі

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы,Теңге кенті

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат».

Мақсаты: Балаларға ғарыш туралы түсінік беру. Ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін одан әрі қалыптастыру. Ғарыш әлеміне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Ойын ойнау арқылы балалардың дене белсенділіктерін арттыру, көңіл-күйлерін көтеру. Сөздік қорын байыту.

Қәне балалар қонақтар мен амандасайық,

Сәлеметсыздар ма.

Балалар бүгін бізде ерекше, әрі қызықты іс-әрекет балалар қараңдаршы тобымыз қандай әдемі болып кеткен. Балалар бүгін біз «Ғарыш әлеміне саяхат» жасаймыз. Балалар біздер жер бетінде өмір сүреміз. Ғарыш әлемі дегеніміз?

Аспан әлемі, аспан әлемінде ғаламшарлар бар, олар күннің айналасында, немесе жанында бірінен- соң бірі айналып жүреді.

Күн бізге өзінің жылуын, жарығын, шуағын шашады.

Ай, күн батып түн кіргенде көрінеді, және жұлдыздар жарқырап шығады. Балалар осы көріністі өздеріңіз көргілеріңіз келеме?

Бұл телескоп, бұл құрал бізге алыстағы заттарды жақындатып көру үшін қажет, қәне балалар бір қайталайықшы телескоп... Қәне балалар көрпешелерге өз ыңғайыңызға қарай отырып, қолдарыңызға телескопты алыңыздар аспан әлемін тамашалайық.

Балалар не көріп тұрсыздар?

Күннің түсі қандай екен?

Жұлдыздар көп па?

Балалар күнді айнала қоршаған ғаламшарларды көріп тұрсыңдар ма?

Балалар бұлардың әр-қайсысының атауы бар. Меркурий, Марс, Нептун, Сатурн, Юпитер, Уран, Шолпан. Бұл жайлы мектеп табалдырығына барғансоң біліп аласыңдар, кәне телескоптарыңызды маған береқойыңыздар. Балалар аспан әлемін тамашалап болдықпа? Енді сол аспан әленміне ұшып барып өз көзімізбен көріп келеміз бе?

Ғарыш әлеміне бару үшін өзінің арнайы ұшатын жері және арнайы көлігі бар ол зымыран деп аталады. Балалар Қазақстаннан ғарышқа ұшқан ғарышкерлер бар, олар Тоқтар Әубакіров, Талғат Мусабаев олар біздің мақтаныштарымыз. Ғарышқа ұшу үшін Қазақстан еліміздің Байқоңыр қаласынан ұшады екен екен. Олай болса барлығымыз зымыранға мініп аспан әлеміне ұшып барып келейік, жәйлап асықпай мінеміз.

(Ғарышкермен кездесу)

Балалар ғарышкермен амандасамыз бізге ғарыш әлемі туралы жақыннан таныстырып айтып береді.

Ғарышкермен балалар амандасады, ғарышкер аспан әлемі туралы түсінік береді.

Ғарышкердің бізге тапсырмалары бар екен сол тапсырмаларды жерге оралған соң тобымызда орындайтын боламыз.

Балалар біздің кететін уақытымыз болды қәне бәріміз зымыранға отырып алайық, ұшуға дайынбыз ба?

Балалардың жауаптары.

Балалар жергеде ұшып келдік асықпай түсеміз, ендеше ғарышкердің беріп жіберген тапсырмаларын орындағыларыңыз келеме? Қәне көрейік қандай тапсырма екен тапсырманы орындамас бұрын біз топқа бөлініп алайық.

Мына жерде берілген стақандардың ішінде суреттер жасырылған сол суреттер арқылы топқа бөлінеміз.

Балалар топқа бөлінеді. (ай, жұлдыз, күн)

1-тапсырма: Балалар бұл құрастыратын суреттер, суреттердің үлгісіде бар екен.Олай болса әр-бір балаға магнит тақтайша беріп жіберіпті сол тақтайшаға берілген үлгіде ғарышкердің киетін арнайы киімі,аспан әлемінде жейтін тамақтары және зымыраны бейнеленген берілген бейнеге қарап магнит тақтайшаға суретте берілген бейнелерін ұсақ бөліктерді бір-біріне қосып құрастырып бейнесін құрастырып шығамыз.

2-тапсырма: Балалар аспан әлеміне біздер қандай ғаламшарларды көрдік, және одан басқа қандай ғаламшарларды көрдіңіздер?

Балалардың жауаптары.

Ия күнді, айды, жұлдызды, әр түрлі пішіндегі жұлдыз,жер, ай,күн,бейнелері берілгенсол берілген бейнелерді жіптің көмегімен бейнесін, түсін сәйкестендіріп кестелейміз.

3-тапсырма: Балалар қәзір сендер бірге аспан әлеміндегі ғаламшарлардың бейнесін салатын боламыз. Ол үшін бізге дөңгелек пішіндер керек, сол пішіндерді жасаймыз алдымен үрілген дөңгелек пішіндегі шар керек, шарды үріп дайындап қойдық, шар бетіне біздер желім және щетка көмегімен жағып бір реттік майлықты бірінен соң бірін қабаттап жапсырып дайындаймыз, бұл кеуіп желім сіңіп дайын болған кезде шарды жарып дөңгелек пішінге сурет салуға болады.Біздің сурет салатын дөңгелек пішінге сурет салуға болады. түлі-түсті бояулар бар сол түрлі –түсті пайдалана отырып аспан әлеміндегі ғаламшарларды түсімен сәйкестендіріп бояймыз.

Балалар тапсырма орындап шаршап қалдыңыздар ма? ендеше бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Байқоңыр» биі.

Балалар сергіп болсақ келеқойыңыздар,балалар біздер көптеген ертегілер білеміз,сол ертегілердің ішінен «Айдар ғарышта» ертегісін есімізге түсіріп әңгімелеп берейікші қонақтарға. Балалар ертегіні әңгімелеп айтқан соң ертегіні суреттер мен ұштастыруларың керек. Суреттер арнайы жасалған көрнекі құралдары бар ол үшін шаршыға салынған суреттерді айналдырып қозғау арқылы ертегі мен сурет сәйкес болғанға дейін шаршыны айналдырамыз. Мысалы: Ерте ерте ертеде Айдар ғарышқа ұшышқысы келеді. Қәне кім бастайды Мейірбек келеғой.

Балалар ғарышқа кез келген бала бара алмайды, себебі дені сау,еңбекқор, ұялы телефон көп ұстамайтын, спорт пен айналысатын, ең бастысы ақылды балалар бара алады. Балалар

«Ғылым таппай мақтан ба.» балалардың орындауын да.

Қорытындылау:

Балалар біз қайда ұшып бардық?

Ия дұрыс аспан әлеміне

Аспан әлемінде кімді көрдік?

Ия дұрыс ғарышкерді көрдік.

Ғарышкердің берген тапсырмалары сендерге ұнадыма?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңыздар біз сендерді осындай тәттімен марапаттағым келіп тұр. Алдымен бізге келген апайларды 8-Наурыз халық әйелдер мерекесімен құттықтағымыз келіп отыр, қәне балалар барлығымыз бірге құттықтайық.

Жанарына сыр тұнған,

Жүрегінде жыр тұрған,

Құтты болсын мерекең,

Қызғалдақтар құлпырған.

(Балалар қонақтарға гүл шоқтарын табыстайды).

Балалар бүгінгі ашық іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар, балаларды мақтау мадақтау.

Балалар ендеше келген қонақтармен қоштасайық.

Қонақтармен қоштасайық:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-сәламат болайық.

Қош сау болыңыздар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі