Материалдар / " Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі . "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі . "

Материал туралы қысқаша түсінік
ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
481
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрманғазы Сағырбайұлы

атындағы жалпы орта мектеп







Ата-аналар жиналысының жоспары



Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі.






















2020 оқу жылы

Ата-аналар жиналысының жоспары


Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі: 20.11.2020 жыл

Ата-ана саны:__20___

Мұғалiм: Е.Г.Абуева

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі.

Сабақтың түрі: Онлайн сабақ

Мақсаты: Жас ұрпаққа рухани- адамгершілік тәрбие беру ата-ананың басты парызы екендігін және отбасы тәрбиесі адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы сатысы екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру.

  • Ата-аналардың жалпыадамзаттық құндылықтарды бала тәрбиесіне және тұлға бойын дұрыс қалыптастыра білу дағдыларын дамыту.

  • Ата-аналардың бойында отбасындағы бір-біріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.


  1. Жалпыадамзатттық құндылықтар

  2. Тәрбие тал бесіктен

  3. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  4. Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі. Ұл балалар және қыз балалар тәрбиесі.

  5. Бейнеролик көрсету «Бала тәрбиесі туралы»

  6. Топпен ән айту.



Ата – ана жиналасының барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».

Жағымды көңіл - күйге келудің мәні мен мақсаты таныстырылады.

1.Тыныштық сәтін өткізу: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді оятып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарап барады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, аяқтарыңызға да тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек жақсы, ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттайық: барлық адамдарға, олардың да жүрегі нұрға толсын. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жайымен көзіңізді ашуға болады.

Бүгiнгi семинарымызды бастамас бұрын, ең алдымен бiр-бiрiмiздiң көңiл-күйлерiмiздi бiлiп алайық /ата-аналар кезектесiп өзінің көңіл-күйін айтып шығады, Мысалы: Менiң көңiл-күйiм жақсы. Бүгiн семинар-тренингтің қандай дәрежеде өтетiнiн ойлап, ептеп қобалжу, толғаныстамын. Сондықтан сiздердiң белсендi қатысуларыңызды сұраймын ата-аналар.

Ендi құрметтi ата-аналар, қазiр сiздердерге дайындалған бiрнеше сұрақтар ұсынылады. Сiздердермен пікірлесіп ой-бөлісу-біздер үшін үлкен бақыт.

1.Ең тиімді құндылықтар жүйесінің жіктемесін ғалым Т.И.Петракова ұсынған, ол құндылықтарды үш түрге: табиғи , жүре пайда болған және абсолюттік деп бөлген.

Абсолютттік жалпыадамзаттық құндылықтар-ол уақытқа бағынбайтын, белгілі бір адамдардың шеңберіне тәуелді емес, бүкіл адамзат үшін маңызды құндылықтар.

Адамның жаны тыныш болса, отбасында татулық орнайды Отбасында тыныштық болса, қоғамда татулық орнайды Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте татулық орнайды Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде татулық орнайды.

Сондықтан, Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Құндылық ағашы: адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштық пайда болады, ішкі тыныштығы бар адам ешкімге қиянат жасамайды.

  1. Отбасы - ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.

Отбасында тыныштық болса - үйде тыныштық болады;

Үйде тыныштық болса - мемлекетте тыныштық болады.

Мемлекетте тыныштық болса - әлемде тыныштық болады.

Отбасы - ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.


2. Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл-ойының жетілуіне дейін үлкен көңіл бөлген, деп жазады аsylarna.kz.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өзінің зарыға күткен перзенті дүниеге келгендегі тебіренісі әр адамның ұрпақ сүйгенде бастан кешетін сырлы сезімін бейнелегендей.

Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!

Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!

Шырылдаған үніңнен айналайын,

Шыныменен өмірге келгенің бе?!

Қызым болсаң – қырымда құралайсың,

Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың.

Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,

Менен неге сүйінші сұрамайсың?!

Иә, ақын толғанғандай, күллі әлем сүйінші сұрайтындай қуаныш қой бұл. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген. Іңгәлап, дүние есігін ашқан соң бала аппақ парақтай пәк болары анық. Ал сол ақ параққа ақпарат берер – ата-ана, қоршаған орта. Сол себепті ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де маңызды мәселе. Бесікті тербете отырып ән айтып, тілге тарқан. Бұл – тәрбие басы. Бұл – халқымыздың сан ғасырдан бері баланы бағып-қағап, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақтаған тәжірибесі. Ертеде қазақ баласының балалық шағы, тәрбиесі қандай болып еді?! «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» демекші, сәбилі отбасы қашанда береке мен қуанышқа толы. Алланың берген таптырмас сыйы.


Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар


  1. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

  2. Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз?Игі істерін қалай мадақтайсыздар?

  3. Отбасында әке ретінде өз балаңызға қандай нәрселерді үйретесіз?

  4. Балаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?

  5. Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін қандай қасиеттер қажет?

  6. Сіз үшін балаңыздың өтініш-тілектері қаншалықты маңызды?

  7. Балаңыз мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе?

  8. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды, тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға көзқарастарың қандай?

  9. Білім сапасын көтеруде ата-ананың ролі бар ма?

  10. Бақытты болудың негізгі шартына нені жатқызар едіңдер?


4.Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі. Ұл балалар және қыз балалар тәрбиесі.

Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.

Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қарапайымдылық, адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы шешуші рөл атқарады.



  1. Бейнеролик көрсету

« Бала тәрбиесі туралы »

(Бейнероликті тамашалап, талқыға салу)


  1. 6.Топпен ән айту.

БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Сөзі Т. Молдағалиевтікі

Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім?!
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.

Қайырмасы.
Келбилейік, кетпеменің қасымнан,
Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған.
Сезім, шіркін, ақжаңбырғаұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

Әнбісің төгілген,
Жырмысың армандай.
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай.
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады.
Қайырмасы.
Күнәсіз шуақпын
Жаныңа үңілген.
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген.
Сүйемін мен күнді
Көңілді, жалынды.
Сен биле еркімді,
Әлдиле жанымды.
Қайырмасы.


Талдау

Үйге тапсырма. Балаларыңызды құшақтап, оны жақсы көретініңізді, қандай жағдай болмасын қолдайтыныңызды сезіндіру.

Жиналыстың қорытынды сәті. Ата-аналар семинардан алған әсерлерін айтып, пікірлерін жазады.


Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.


Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет!








Мұғалім_____________

Директор____________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!