Сабақтың тақырыбын және
мақсатын түсіндіру
"Қауіпсіз немесе қауіпті?"
ойыны: мұғалім әртүрлі челлендждердің сипаттамасын оқиды, ал
оқушылар оларды "қауіпсіз" немесе "қауіпті" деп
бағалайды.
Бүгін біз интернеттегі қауіпті
челлендждер мен сынақтар туралы сөйлесеміз және олардан қалай
қорғануға болатынын үйренеміз.
Негізгі
бөлім
1.Мұғалімнің
түсіндіруі
Қауіпті сынақтар мен
челлендждер дегеніміз не?
Интернетте кең таралған,
жасөспірімдерді қауіпті әрекеттерге итермелейтін
ойындар.
Әлеуметтік желілерде танымал
болу үшін жасалатын зиянды әрекеттер.
Қауіпті челлендждердің
түрлері:
Өмірге қауіпті физикалық
сынақтар (биіктен секіру, өткір заттарды
жұту).
Өрт немесе химиялық заттармен
тәжірибе жасау.
Өзін-өзі зақымдау әрекеттеріне
итермелейтін челлендждер.
Бейтаныс адамдармен қауіпті
тапсырмалар орындау.
Қауіпті челлендждердің
салдары:
Денсаулыққа зиян келтіру, ауыр
жарақат алу.
Психологиялық қысымға
ұшырау
Алаяқтардың құрбаны
болу.
Заңға қайшы әрекеттерге
тартылу.
Сақтану
жолдары:
Әлеуметтік желілерде күмәнді
челлендждерге қатыспау.
Достарды да мұндай қауіпті
әрекеттерден сақтандыру.
Ата-ана, мұғалім немесе
сенімді адамдармен кеңесу.
Интернеттегі ақпараттың
рас-өтірігін тексеру.
2. Оқушылармен тәжірибелік
жұмыс
Ситуациялық
тапсырмалар:
1. Егер досың сені күмәнді
челленджге қатысуға шақырса, қалай жауап берер
едің?
2. Әлеуметтік желіде «батылдық
сынағы» атты челлендж тарап жатыр, сенің әрекетің қандай
болады?
3. Егер біреу интернетте сені
қорқытып, челленджге қатысуға мәжбүрлесе, не істер
едің?
Рөлдік
ойын:
Бір оқушы челленджге қатысуға
итермелейтін адам рөлінде, ал екіншісі қауіпсіздікті сақтайтын
оқушы рөлінде болады.
3. Бейнематериал
көрсету
Қауіпті челлендждердің зияны
туралы ақпараттық видео көрсету.
Қорытынды
бөлім
1.
Сұрақ-жауап
Қауіпті челлендждер дегеніміз
не?
Интернетте қандай сынақтардан
аулақ болу керек?
Егер сенің танысың осындай
челленджге қатысып жатса, қалай көмектесуге
болады?
2. Қорытындылау, кеңес
беру
Оқушыларға интернеттегі
қауіпсіздік туралы ережелерді тағы бір рет
түсіндіру.
«Сенің өмірің – ең құнды
нәрсе, оны қауіпке тікпе!» деген ұранмен сабақты
аяқтау.
Ата-аналармен интернет
қауіпсіздігі туралы сөйлесуге кеңес беру.
Үй
тапсырмасы:
Интернеттегі қауіпті
челлендждер туралы ата-аналарымен сөйлесу.
Өздері білетін
челлендждер туралы зерттеу жүргізіп, олардың қауіптілігін
талдау.
|