400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
« Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдері»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №4 ЖББОМ» КММ










Педагогикалық оқу

Тақырыбы:« Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдері»














Дайындаған:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Долдай Алемгул



















Теміртау 2019 жыл

«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын

жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.»

Н.Ә.Назарбаев

Ұлтаралық татулық – мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлықтай екені даусыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жеттік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр.
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.

Сонымен қатар Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде үш тілді білу қажеттілігі туындап отыр. Алдымыздағы өскелең ұрпақтың алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.Осы орайдағы біздің мақсатымыз: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушыларды ізденуге дағдыландыру.Мемлекеттік тілді білу – парыз, өзге тілдерді үйрену – құқық. Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптан бастап оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеру болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.  Қазір ағылшын тілін білу – заман талабы.

Шет тілін оқытудың тиімділігі тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы  тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа  жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің  білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік-психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту шаралары сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жаңартылған білім мазмұны бойынша жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады. Егер оқушы бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта әр дағды бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану керек.

Ендеше мен осы тыңдалым, сөйлем, оқылым, жазылым дағдылары бойынша өз тәжірибемде жиі қолданатын әдіс-тәсілдермен бөліскенді жөн көрдім.

Тілді меңгеруде ең басты мақсаты - айтатын ойын түсінікті етіп жеткізу. Айтылым - адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу, хабарлау сияқты процесстермен іске асады. Сондықтан сабақ барысында оқушылардың айтылым дағдысына үлкен мән беріледі. Әр сабақта, әр оқушы өз пікірін ортаға салып, ойымен бөліскен жөн. Айтылым дағдысын жетілдіру үшін диалог, рөлдік ойын, интервью, монологты қолдануға болады. Түрлі жағдаяттар, рөлдерге бөліп ойнау, бір-бірін тыңдап, сөйлеу арқылы оқушылар жасаған іс-әрекеттерін ұзақ есте сақтайды. Сонымен қатар, ойлануды қажет ететін тапсырмаларды қолданған кезде, оқушылар оларға анализ жасап, өз пікірлерін қорғауға, дәлелдемелерді келтіріп айтуға дағдыланады.

Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту, нұсқау беру жəне тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-əрекеттерді жасай алуы тиіс. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, əр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нəрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Қазіргі кезеңде жиі қолданылып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» «Do you know?»

Жаттығулары: What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Washington D.C.? What would you like to see in London?

Оқушының ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мəтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен əңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мəтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Сабақта «суретті сөйлету» әдісін қолданғанымда, білім алушылардың сөйлеу шеберлігінің шыңдалып, сыни тұрғыдан ойлауға, сындарлы сөйлеуге уйреніп шығармашылық қабілетінің дамуына мол мүмкіндік бергенін де айтып өткім келеді.

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Жазылымды үйретудегі ең басты мәселе грамматика болып табылады.. Құрылым мен ережелер грамматика деп аталады. Жазуда алдымен сөйлем құрылымынынан бастап күрделі сөйлемдерге көшуді ұсынады. Осы мақсатты жүзеге асыратын әдістерді бірі - Mind-Map әдісін жиі қолданамын. Бұл әдіс бойынша оқушылар сурет бойынша əңгіме құрастыру, қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап жазу жəне əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып жазу жұмыстары басты рөл атқарады. Нәтижесінде оқушының сөйлемдерді дұрыс құру дағдысы қалыптасады және оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша білімін шыңдайды.

Ағылшын тілінде сөйлем құрауда сөздердің орналасу тәртібі, сол арқылы дұрыс сөйлем құрау, сөйлемдерді мағынасына қарай бір-бірімен байланыстыру, бір идеяны бір абзацта көрсету және сол абзацтарды мәтінге біріктіру секілді дағдыларды қолданылады.

Жазылым дағдысы негізінде анализ жасау, пікір, хат, эссе және т.б. тапсырмаларды қолдануға болады. Сонымен қатар сюжетті суреттерді пайдалану арқылы оқушылар тарапынан креативті жұмыстар орындалады. Мысалы: "Берілген суретті пайдаланып, достарыңа хат жаз немесе блогқа ақпарат жаз" - деген тапсырмаларды беруге болады. Кез-келген жазба жұмысын орындау кезінде оқушы жазба жұмысының стилін сақтауды ұмытпау керек.

Жазба жұмыстарының ішінде ерекше орын алатын тапсырмалардың бірі ол эссе жазу. Эссе жазудың өзіндік жүйесі бар. Көп оқушылар эссе мен шығарманың аражігін түсіне бермейді. Дегенмен бұл екеуі бір-біріне ұқсамайтын дүниелер. Эссе жазған кезде автордың позициясы, проблеманы ашу, түйін шығару деген мәселелер алдыңғы қатарда болу керек.

Тыңдалым-сөздік Тыңдалымға негізделген тапсырмалардың өте көп түрлері бар.Мысалы, тыңдалым мәтінін бірінші тілде тыңдап, оны екінші тілде айтып беру. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты бір тілде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады. Сонымен қатар тез ойлап, ақпаратты жүйелі, мазмұнды жеткізуге жетелейді. Тыңдалған мәтіннің негізгі ақпаратын қосымша ақпараттан бөліп алып, оны өз сөзімен айтуға дағдыланады. Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма, комикс немесе ментальді картаны жасауға болады. Ол тыңдалған ақпараттан кілтті сөздерін іріктеп алып, оларды дұрыс топтастыруға үйретеді. Тыңдалым тапсырмаларын орындатуда "Шын" және "Жалған" тапсырмасы. True false әдісін жиі қолданамын. Және төмендегідей әдістер бар.

Оқушылар мәтінді тыңдайды және   таныс емес сөздерді жазып алады.  Сол сөздермен жеке немесе жұптасып жұмыс істейді.Тыңдай отыра оқушы өз  пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады.

Болжау: Оқушы мәтіннің бір бөлімін тыңдап, болжау жасайды.  Болжау аяқталған соң, сынып қабырғасына жазылған  мәтін түп нұсқасымен салыстырып, ақпаратты анықтайды. Мұғалім негізгі мәселе мен ақпаратты түсінуге , болжай білуге бағыттайды

Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі - ол перифраз. Яғни, оқушыға берілген бір сөйлемдерді өз сөзімен жеткізу. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлемді қаншалықты түсінгендігін айқындайды, сонымен қатар екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.

Сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасы да оқушылар үшін өте қызықты. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген ауа райы болжамы туралы ақпаратты сурет арқылы жазып, оны екінші тілде оқып бере алады. (Үлгі: 2019 жылдың 15 мамыр күніне ауа райының болжамы. Теміртау қаласында сәрсенбі күні түнде күн бұлтты, жаңбыр жауады, +6 градус жылы)

Көптеген оқушылар үшін ағылшын тілінде мәтінді оқу қиындық тудырады. Сол себептен олар үшін мәтін таңдағанда олардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Сондықтан мәтінмен жұмыс істегенде мынадай ескертулерді есте сақтау қажет:1.қызықты тақырыптарды таңдау қажет. Мұнда оқушыларды қазіргі кезде қандай мәселелер мен тақырыптар қызықтыратынын анықтап алу керек. Мысалы, кино, музыка, саяхат және т.б.2. Мәтінді оқымас бұрын оның тақырыбы мен сөздердің мағынасымен таныстыру. Мәтінмен танысар алдындағы кезең - тілдік және психологиялық қиыншылықтарды азайтып,, мәтінмен жұмыс icтeyгe жаттықтырады, негізгі (тірек) сөздерге сүйене отырып, мәтіннің мағынасын жорамалдайды.

Қорыта келгенде, өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Осыдан келе, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Сонымен қатар біз жалпы оқытудың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Жаңартылған білім мазмұнының әдістерінің ұтымды тұстарын көріп отырмыз.

Дәстүрлі білім беру мазмұны бойынша шетел тілін үйретуде сабақ барысындағы қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың жазылым,оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған болса жаңартылған білім мазмұны бойынша жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылуды. Бұл оқушының жан-жақты дамуына, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлғаның тәрбиеленуіне ықпал етеді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 28 сәуір. - 2007 жыл.

2. NIKULA, T. (2015). Hands-on tasks in CLIL science classrooms as sites for subject-specific language use and learning. System, 1-14. http://dx.doi.org/10.1016/j.system.2015.04.003

3.Қойшығұлова Л. Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. —2014.

4.Брекеева А.С. Жаңа білім беру əдісі // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — 2014.

5.Мадиева С.С. Benefits of extracurricular activities for students // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — № 1




 
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі