Материалдар / « Жаны саудың- тәні сау»
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

« Жаны саудың- тәні сау»

Материал туралы қысқаша түсінік
/ оқушылардың тазалық, денсаулықтарын сақтау туралы ұғымдарын кеңейту ә/ қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа, еңбекқорлықтарын тәрбиелеу б/ оқушыларда жинақтылық, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру. Түрі: топтық, ұжымдық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2022
545
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Жаны саудың- тәні сау»

Мақсаты: а/ оқушылардың тазалық, денсаулықтарын сақтау туралы ұғымдарын кеңейту

ә/ қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа, еңбекқорлықтарын тәрбиелеу

б/ оқушыларда жинақтылық, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру.

Түрі: топтық, ұжымдық

Көрнекілігі: слайдат, мақал- мәтелдер, нақыл сөздер

БАРЫСЫ.

1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында « Жаны саудың- тәні сау» сайысына қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші: Армысыздар, Болашақтың бастауы

Балғын шақта балалар!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе бірің еріңдер

Білімінді тексеріп,

Ойынға қатысып көріндер!

Сайысқа қатысушыларды шақырамыз 1 топ “ Шырым” тобы, 2 топ “ Денсаулық” тобы, 3 топ “ Сымбат” тобы

1 Жүргізуші: Білімінді саралап,

Төрелігін айтатын

Әділ баға беретін

Әділқазы алқасын

Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін, әділ қазы алқасымен таныстырайын.

Педагог- психолог Касенова Гулия Жайлауқызы,әлеуметтік педагог: Мусина Динара Мұратқызы, дене шынықтыру мұғалімі Мұсылманбеков Сейльбек Бадынұлы

2 Жүргізуші: Алақанды ашайық

Күннің нүрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрек жылуымызды

Қонақтарға сыйлайық.

Сайысымыздың шарттарымен таныстырайық. Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. 1 бөлімі. “ Сәлем берем халқымы”

1 топ: “ Шымыр” тобының ұраны: “ Шынықсан, шымыр боларсың”

2топ: “ Денсаулық” тобының ұраны : “ Денсаулық- ел байлығы”.

3 топ: “ Сымбат” тобының ұраны : “ Сымбатты болу- өз қолында”

1 Жүргізуші: II бөліміміз  «Кім көп біледі деп аталады.
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған сөз қалдырған еселі.
«
Кім көп біледі сайысына қатысып,
Жалғасы мен жауабын кім шешеді.
Бұл бөлімде  мақал мәтел жалғасын табау керек.
                                           (
Үш топ мақал мәтел жалғасын табады)

(1 топ)
а) Жарлының байлығы … (Денінің саулығы )
б) Айналдырған алмай қоймас (ауру )
в) Ауырып ем іздегенше ,…
    (
Ауырмайтын жол ізде)
г Арақ ішіп,  … шеккен, (темекі)
     
Денсаулық түбіне жеткен.

(2 топ)

а) Жолдасың көп болса, сорлымын деме,
Тәнің сау болса (Жарлымын деме)
б) Дені саудың, … (жаны сау)
в) Тазалық  денсаулық  кепілі,
    (Денсаулық )     … байлық негізі.
. г) Ішің ауырса, ауызыңды тый,
     Көзің ауырсы, … (қолыңды тый)

(3 топ)
а) Шынықсаң …  шымыр боласың (шымыр)
б) Жан ауырса тән азады,
   
Қайғы басса (жан азады )
в) Аман болса бұл басым,
     Тағы шығар бұл … . (шашым)
г)   Ауру батпандап кіреді,…
     (Мысқылдап шығады)
2-  жүргізуші  :
Басталады кім тапқыр деген сайысың,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Қане шәкірт, көрінеді қай ісің?
Ал жұмбақтың жауабын  табыңдар
III бөлім «Кім тапқыр?» деп аталады, яғни берілген жұмбақтарды шешу керек. 
Таңдау тапсырылыады

1топ: 1. Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмін,

Кім бар жеп көрген? / құрт/


2. Ұрмай-соқпай жылатады,

әркім бірақ ұнатады. / пияз/


3. кірге суда кезігеді,

Сүйкенем деп езіледі. / сабын/

4. Оны күткен адамдар,
    Ұзақ өмір сүреді.
    Қадірін білген адамдар,
    Байлық оны деседі
(Денсаулық)

2 топ: 1. Ақ қиыршық еритін,

Ас жоқ одан жеритін. / тұз/


2. Аппақ су- дәмі тәтті,

Ішсең сусын қандырады,

Шөлдегенде қатты / қымыз/


3. Темір тайым,

Тамақты еш жоқтамайды./ велосипед/

4. Әр айда мен аламын,
    Он жаңа айды.
    Он жаңа айды алсам да ол жамалмайды. (Тырнақ)

3топ: 1. Ең мықты дәрі,

Жұрттың бәрі.

Аусап ішер,

Бал татыр дәмі,

Ненің нәрі / шұбат/

2. Жағасы құрақ,

Мөлдір суат./ көз/

3. Сөз ұққыш-

Қос тұтқыш / құлақ/

4.Жанды   мотор сынбайды,
    Күні-  түні тынбайды.
    Кейде оның жүрісін,
    Дәрігерлер тыңдайды (Жүрек)
1-  Жүргізуші  IV Бөлім.   «Ол кім, бұл не?» деп аталады.
1- топқа
- Никотин кімнің есімімен қойылған? Ол кім? (Жан Нико)
- Адамның ақыл ойы мен оның дамуына, мишықтың жүмысының нашарлауына,  адами құндылықтарды  жоюға  әкелетін зат (Арақ)
- Жүйке жүйесін тітіркендіреді, қан қысымын жоғарылатады, ұсақ қан тамырларын тарылтады, ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясын күрт арттырады. Ауыз, тамақ, қолқа, кеңірдектің сілекей қабатын тітіркендіреді.   (Никотин)
2- топқа
- Темекі құрамындағы улы зат?   (Никотин)
- Витаминдер тіршілікке қажетті заттар.  Ол латын тілінен аударғанда  қандай   мағынаны білдіреді. (VITO -  өмір ,      AMIN-   қажетті деген мағынаны білдіреді).
- Егер сен оның  дәмін бір тапып көрсең одан құтыла алмайсың,  оған тәуелді боласың, ол ақырында сені өлімге әкеп соғады. Ол не?
(Есірткі)
3- топқа
-  ХХI ғасыр  обасы ? ОЛ не? (СПИД)
- Тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді  (Темекі)
- Оның зияны қаншалықты бар екенін білсеңде, сен онымен қазір қатты доссың. Тіпті ұйықтаған сәтте  оны ерте тұрар кезде  «ояту» қызметіне қосып, бас жағыңа жастап қоясың. Ал ол адамды «ми ісігі»  ауруына әкеп соғатынын ғалымдар анықтаған болатын. 

1Жүргізуші: V Бөлім. Бұл бөлімде әр топ өз жарнама көрсетеді

1топ: Айранның денсаулыққа пайдасын айту

2топ: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт.

3топ: Бұл қымыз, оның пайдасы.
2- жүргізуші : 
              Жасырмай тартасың сен шылымыңды,

             
Шылымға берілдің ғой мәңгі енді.

             
Өкпеңнен не қалды, қарағым -ау

             
Ертерек ойласаңшы өміріңді.

Дей отырып ортаға топ басшыларын шақырамыз. Оларға сұрақ қоямыз.

1топ: Темекі тартудың адамға зияны?

2топ: Денсаулықтың достары мен қастарын ата.

3топ: Зиянды әдеттерге нелер жатады?


Ән: “ Әр қашан күн сөнбесін” 5-6 сынып оқушылары

1 Жүргізуші: Бұл өмірде не керек?

               Дұрыс жүріп, дұрыс сөйлеу керек

               Ішімдік ішпей, шылым шекпей

               Денемізді шынықтыру керек

2 Жүргізуші:  Ерте тұрып, кеш жатып,

                Есіркеге еліктемей

                Ерінбей еңбек ету керек,

                Бәрінен де салауатты өмір керек

                Денсаулықты сақта, түзеу өсесің,

                Күнәдан пәк жанат өмір кешесің,

                Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса

                Қараменен тәнді улап не етесің

               Жаман әдет көп шектірер қасірет

              Сақта өзінді, жақсылыққа жетесін

 Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз Бүгінгі « Жаны саудың- тәні сау» атты сайысымыз аяқталды.

1- жүргізуші
Денсаулықты сақта, түзу өсесің,
Күнәдән пәк  жаннат өмір кешесің,
Көрген күнің қараңғы қой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етесің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!
(
Жеңімпаздар анықталады, мақтау қағазымен  марапатталады).
ӘН: “ Улыбка” орындайды 6 сынып қыздары

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!