« Жарқыра, жалында жас маман! » тақырыбында жас мамандарға арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Жарқыра, жалында жас маман! » тақырыбында жас мамандарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 « Жарқыра, жалында жас маман! » тақырыбында жас мамандарға арналған тренинг
 
     Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.


 Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд
 Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала - бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»


 Құрметті ұстаздар!
  Адамның өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.
 Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.
 Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
 
 І. ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ
 «Жарық құмыра» тақырыбындағы видеороликті көре отырып, негізгі мазмұнының қандай тағылым беретінін ұшқыр ой, шебер тілмен әңгімелеп, өз ойларын ортаға салу.
 
 II. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
 «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
 Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
 Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.
 
 Нұсқау:
 Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
 Жұмыс уақыты - 2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалMay қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
 Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.
 Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….


 Сергіту сәті: «Менің мінезім»
 Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
 Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
 Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
 Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
 Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
 Жылан, Балық.
 Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы:
 1. Түйе- шыдамды
 2. Жылқы- тектілік
 3. Сиыр- өкпелегіш
 4. Қой- жайдарлылық
 5. Ешкі- ұйымдастырушылық
 6. Ит- адалдық
 7. Мысық- жалқау  адамдар
 8. Тауық- шығармашыл
 9. Қаз- тазалық
 10. Аққу- сезімтал
 11. Қарлығаш- бауырмал
 12. Үйрек- ұқыптылық
 13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
 14. Арыстан- қайратты
 15. Қасқыр- жігерлі
 16. Түлкі- бейімделгіш
 17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
 18. Қоян- елгезек
 19. Тауешкі- талғамы жоғары
 20. Тасбақа- мейірімді
 21. Жылан- салқынқанды
 22. Балық- еркіндікті қалайды
 Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?



 IІІ. КІМ ЖЫЛДАМ

Ортаға ұсақ түрлі- түсті қағаздардың түймелері және стакан беріледі, ортаға екі жас маман шығып нұсқаушының айтқан түсін стаканмен екі қолымен қатар бүркеу керек.


IV. ТЕСТ – ДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.
 Сіз қандай мұғалімсіз?
 Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
 1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
 а) жүрек қалауымен
 ә) кездейсоқ
 б) лажым жоқтықтан
 2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
 а) керемет жұмыс
 ә) күнкөріс үшін
 б) бас қатыру
 Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
 а) өте сауатты деп есептейді
 ә) қанағаттанарлық
 б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
 4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
 а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
 ә) кейде
 б) маңыма мүлде жолаMayды
 5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
 а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
 ә) сирек қолданамын
 б) оқулықпен шектелемін
 6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
 а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
 ә) үндемей құтыламын
 б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
 7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
 а) оқушылар арасында жиі - жиі жарыстар ұйымдастырамын
 ә) басшылар ескерткенде ғана
 б) бас ауыртқым келмейді
 8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
 а) мүлде қол жұмсаMayмын
 ә) анда - санда
 б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
 9. Мұғалім болғаныңызға
 а) ризасыз
 ә) сізге бәрібір
 б) өкінесіз
 10. Ұжым арасында беделіңіз:
 а) өте жоғары
 ә) жақсы
 б) орташа
 Уақыты: 5 минут
 Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
 45 - 50 ұпай жинасаңыз:
 Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан - тәнімен берілген жансыз.
 30 - 21 ұпай жинасаңыз:
 Сіз арбаны да сындырMayтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
 15 - 11 ұпай жинасаңыз:
 Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.























Бекітемін:_______________

Мектеп директоры:

Г.К. Есентаева

«___»__________ 2025ж






«Жарқыра, жалында жас маман!»







Педагог-психолог: Л.Б.Оспанова

А.Ж.Нурымжанова





















2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі