15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
" Жасыл шырша жанында " тәрбие сағаты
Жасыл шырша!
Мақсаты: оқушылардың жаңа жылды көңілді, тамаша қарсы алуына
жағдай туғызу. Өз өнерлерін көрсетуге, достыққа,
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Өтілетін күні:
Өтілетін жері: мәжіліс залы.
Көрнекілігі: безендірілген шырша, ойыншықтар, шарлар, газеттер.
Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар, тыңдаңыздар.
Келді, міне, сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып,
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 – жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші:
Армысың, аманбысың, Жаңа жылым,
Жаңа жылым! О менің Жанға жылым!
Тауық жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры Ахметова Айнұр Аязбекқызына береміз.
2-жүргізуші: Ән: « Жаңа жыл » Мәулетхан Әдемі.
1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
2 – жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Қуаныш, бүгін мереке,
Тойланып жатыр ортада.
Әдемі, әсем киінген,
Балалар гүлдей жайнайды.
2 - жүргізуші: Тыңдаңыздар, барша жан!
Жиналыңдар ортаға.
Қол ұстасып бірлесіп,
Мерекелік думанды
Ән-шашумен бастайық.
1 - жүргізуші: Қол ұстасып бәріміз,
Шырша айналып ән салсақ
Мерекенің думаны,
Арта бермек асқақтап.
Келіңдер, шыршамызды айналып, ән салайық.
Хоровод: « Шырша жыры »
2 – жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. (балалар айқайлайды.)
1-жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар жаңа жыл балапан келеді).
2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!
Аяз ата: Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл - қызы өнерлі, халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз.
Мен өте қуаныштымын.
Ақ қырауға малынған,
Сақалым да, мұртым да
Аяз ата сағынған
Сәлем берем жұртыма.
Ақшақар: Иә, Аяз ата бұл өзіміздің сағына көруге аңсаған Алтынемел елді мекеніндегі Алтынемел орта мектебінің - білім ордасының шырша тойы екен.
Қардан шыққан Қарғашпын сұлу айдай қиылып ,
Жаңа жылмен құттықтап сәлем берем иіліп.
Келе жатқан Тауық жылы,
Құтты болсын, көпшілік!
Аяз ата:
Ау бүлдіршін қыздарым,
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
-Қане, бастаңдар әндерің мен билеріңді!
1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?
2 - жүргізуші: Балалар, аяз атаға арнап бір би билейік. «Буги-буги» биі.
1 - жүргізуші: Аяз ата, балалардың сізге арнаған ән, биі шашуы көп. Осы кештің ең кішкентай бүлдіршіндерінің тақпақтарын тыңдаңыз.
Мектепалды даярлық тобының тақпақтары.
2 – жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
1 - жүргізуші: Тамаша, балалар! Енді бәріміз шырша айналып, ән салайық.
Хоровод: « В лесу родилась елочка »
2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
1 - жүргізуші: Біздің елде өткен жылы,
Мешін жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Мешін жылы,
Қош, аман бол көргенше.
Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.
Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға жаңа Тауық жылы келеді.
Тауық жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Тауықпын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Мешіннің мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын! Маған арнап өз өнерлеріңді көрсетесіңдер ме?
2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
3-сынып қыздарының орындауында «Ақшақар» биі.
1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
Ән: «Шырша жыры» 1-сынып
2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қолқала.
Би: 2-сынып « Аққала »
Ойын ойнатылады.
Ойынның шарты: Сіздер Жаңа жылға арнап тілек айтуларыңыз керек. Мысалы: «Жаңа жыл құтты болсын». Чупа – Чупсты аузына салып айтуы шарт.
1 - жүргізуші: Ал, қанеки балалар,
Ән мен жырға басайық.
Той думанды жалғайық,
Жарқыраған шырағы шыршамыз да нұрланды,
Бақытты жас балалар айтады шат жыр –әнді.
Ән: «Ван дуду» 4-сыныптың орындауында.
2 - жүргізуші: Жаңа жылда сайланып,
Шыршамызды айналып.
Би билейік, ән салып,
Баршамыз да жар салып.
1-сынып қыздары « Шығыс биі ».
1 - жүргізуші: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!
3- сынып «Чингел бенс» әні.
2-жүргізуші: Ардақты ұл-қыздарға,
Бүлдіршін балаларға!
Шарықтап асқақ әні,
Болсын той маскарады.
1-сынып « Шыршаға бардық» әні.
3-сынып «Жігіттер» биі
1-жүргізуші: Ал , балалар бәрің де бүгін жарқыраған жұлдызсыңдар. Сондықтан 3-сынып қыздарымен бірге «Біз кішкен жұлдыздармыз » биін билейікші.
2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздерге арнаған 1-сынып ұлдарының орындауында тамаша бір би бар екен. Оны көріп, тамашаламау мүмкін емес. Кезекті 1-сынып ұлдарына берейік.
Сынып би « Танец джентельменов »
1-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілдісіздер. Сіздер кетпей тұрып сіздермен бірге тамаша бір би билейік. « Флэшмоб » билеу.
Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен, достар! Шанамызға мінейік Ақшақарым. Бұл мекеннің балалары өнерлі, білімді екен, барған жерде айтып жүремін. Алда барар ауыл бар, Жаңа жыл қуаныш әкелсін барша елге.
Ақшақар: Ия, ата. Бүгінгі кеш иелері маған да қатты ұнады. Құрметті балалар, ата-аналар жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Көріскенше сау болыңыздар!
Барлығы: «Қош бол, Аяз ата, Ақшақар!» 2 рет.
2 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз, шырқалар ән тоқтамас.
1 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.
2 – жүргізуші: Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымыз әрқашанда ашық болсын, көк туымыз желбірей берсін!
1 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!
Шырша жанында би кеші.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген