: Кілем түрлері туралы түсінік. Қағаздан кілемше тоқу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

: Кілем түрлері туралы түсінік. Қағаздан кілемше тоқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға кілем өнері туралы алған білімдерін тереңдету, кілем өнерінің тоқу технологиясын үйрету,ата-бабаларымыздың асыл қазыналарына деген қөзқарасын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:.......................

күні: 13.03.2017ж сыныбы: 3 пәні: Еңбекке баулу


Сабатың тақырыбы: Кілем түрлері туралы түсінік. Қағаздан кілемше тоқу .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға кілем өнері туралы алған білімдерін тереңдету, кілем өнерінің тоқу технологиясын үйрету,ата-бабаларымыздың асыл  қазыналарына деген қөзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз беттерінше кілем тоқи білуді үйрету, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Еңбек сүйгіштікке, шеберлікке баули отырып, ұжымдық жұмысқа белсене араласуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас, шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. түсіндіру, практикалық іс- әрекетте көрсету, ұлттық бағдар беру, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, плакаттар, үлестірме парақ,нұсқаулық қауіпсіздік ережесі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Мағынаны ажырату

  3. Қызығушылықты ояту

  4. Ой тоғаныс

  5. Қорытындылау бөлімі


1.Ұйымдастыру бөлімінде өткен тақырып бойынша «Екі жақты күнделік » әдісі арқылы кесте толтырып келу берілген болатын жазып келген оқушылар оқиды. Тақтада «Сәйкесін тап» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау

«СӘЙКЕСІН ТАП»

АShape1 Shape2 с ішетін үстел

Қоржын

МShape4 Shape3 атадан оюлап тігілген төсеніш

Алаша

ЖShape5 іптен тоқылған төсеніш

Кілем

Түгі бар ,тоқылған төсеніш

Сырмақ

Түрлі жағдайға пайдаланатын матадан тігілген сөмке

Жозы


2.Мағынаны ажырату бөлімінде слайд арқылы оқушыларға кілемнің түрлері туралы мәлімет беріледі. Кластер әдісі арқылы түсіндіру

Shape8 Shape7 Shape6

Shape9

Кілем қалай жасалады?

Shape10

Shape11

Shape13 Shape12


3.Қызығушылықты ояту

Әрі қарай бүгінгі тақырыпты ашу мақсатында ертегі әлеміне сапар шегеміз. Оқушылар оюларды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді , ребус шешу арқылы тақырыпты табады. Шешуі –Кілемші. Балалар, ертеде Ақпан ауылында бір кілемші өмір сүріпті, ол көп кілем тоқып Наурыз ауылына сапар шегеді,онда наурыз тойы тойланып, жәрмеңке болғалы жатыр екен. Алайда ол жолды білмейтін еді. . Келе жатса алдынан екі жол кездеседі бірінде « алыс жол ,бірақ кедергісіз» деп , екіншісінде «Қысқа жол, бірақ кедергі бар» деп жазылған. Ал , балалар қай жолды таңдаймыз? Оқушылар қысқа жолды таңдайды.

Келе жатады жолда алдынан 6 қарақшылар шығады. Бұдан құтылу үшін кілемші сендер сұрақ қойыңдар егер мен жауап бере алмай қалсам кілем беремін дейді , қарақшылар келіседі де сұрақтарын жаудырады. Сұрақтар:

  1. Үй жиһаздарын ата .\ сандық, ағаш төсек, сырмақ, адалбақан. Т.б\

  2. Матамен тігілген сәнді сөмке қалай аталады? \қоржын\

  3. Ағаштан жасалған киім салнатын жиһазды ата. Әбдіре\

  4. Төсекті жинайтын жиһаз қалай аталады? \ жүкаяқ\

  5. Қазақтың ұлттық оюларын ата. \ қошқармүйіз\

  6. Төсеніштің түрлері қандай? Текемет, алаша, сырмақ, киіз\

Барлық сұрақтарына жауап алған қарақшылар өз жөндеріне кетеді . Алға қарай жүрген кезде алдынан көпір шықты кілемші көпірден өтіп келе жатқан кезде ескі көпір сынып сөмкесін түсіріп алды, өзі әрең тірі қалады. Алайда ол Наурыз ауылына жақын қалғанмен оның жәрмеңкеге апарып пұл қылатын еш кілемі жоқ , салы суға кеткен кілемші отыра кетіп жылай бастады. Балалар кілемші көмектесеміз бе? Олай болса , барлығымыз тезірек кілем тоқып апаға қолкөмегімізді берейік.

Сарамандық жұмыс.

Қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, түрлі түсті қағаз, желім, сызғыш,карандаш

Қауіпсіздік ережесін еске түсірейік: 1. Қайшының жүзін жауып қою керек және біреуге ұсынғанда сап жағымен беру керек.

2. Желімді пайдаланғанда қолға жақпай,ұқыпты болу керек

Сарамандық жұмыс нұсқаулық арқылы жасалу жолдары түсіндіріледі, оқушылар сол бойынша кілемше тоқып шығады. Жасалған бұйымдарды көрмеге қоямыз . Ертегіміз әрі қарай жалғасын тапса, кілемші сендердің кілемшелеріңді алып наурыз мерекесіне қатысады.


Қорытындылау бөлімінде Мозайка әдісімен сұрақтар беріледі. Сұрақтар:

  1. Кілемнің түрлері нешеге бөлінеді?

  2. Кілемді неден тоқиды?

  3. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

  4. Кілемге қандай өрнектер тоқылады?

Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушылырды бағалау, қателерін ескерту.

Нұсқаулықпен жұмыс: Қағаздан кілемше тоқу нұсқаулығы




























М.Төлегенов атындағы орта мектебі





АШЫҚ САБАҚ



Сабақтың тақырыбы: Кілем түрлері туралы түсінік.

Қағаздан кілемше тоқу .

(технология әдісбірлестік жоспары бойынша өткізілген)

3-класс







Өткізген : Төребекова Римма

Технология пәні мұғалімі













2016-2017 оқу жылы













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
1065
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі