“ Кітап - рухани сарқылмас қазына”.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“ Кітап - рухани сарқылмас қазына”.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге көмекші құрал ретінде ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 22.02.18ж

Тақырыбы: “ Кітап - рухани сарқылмас қазына”. 

Мақсаты:

Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.  

Көрнекі-құралдар:

Интерактивті тақта, презентация, мақал-мәтелдер, тақтадағы суреттер , көріністер, кітап кейіпкерлері мен  бетперделері, жадынама, кітаптар көрмесі. Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері.  
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев. 
«Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» Лев Толстой. 

Кітап маған тақтан да қымбат. В. Шекспир. 
2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні”,ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

М: Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

О: Көңілденіп күлімдеп,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын,

Мен ақылды,білгір баламын.

М: Балалар бүгін бізге аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары қонаққа келіп отыр (таныстыру).

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Тақырыбы: Әке – асқар тау

Әке туралы мақал-мәтел жазып келу,мағынасын айту.

М: - Осы мақал-мәтелдерді қайдан алдыңдар?

О: - Кітаптан,ғаламтордан т.б.

М: Балалар,сонда бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

О: -Кітап туралы.

Бүгінгі «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

М: - Балалар,Елбасының халыққа жолдауы қалай аталады?

О: - «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар» деп аталады.

М: Онда оқу –білім жайлы не айтылған?



Әбілмансұр:

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Ерасыл:

ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып,білім алуғу мүмкіндік жасау.

Жасыл,сары кітаптар алып,түстеріне қарай топқа бөлінеді.

І топ «Оқу»

Ұраны: «Оқу инемен құдық қазғандай»

ІІ топ «Білім»

Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

Екі топ постер қорғайды.
І топқа: Балалар кітаптың қандай түрлерін білесіңдер? 

Қызыл кітап Қазақстандағы азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді жазады, қазақ ертегі кітабы, арнайы оқулықтар, ұлы ғұламалардың өмір баяны туралы т.б түрлері өте көп. 
ІІ топқа: Кітаптың сендер үшін маңызы қандай?

Кітап- адал дос,ақылшы,ұстаз,сарқылмас бұлақ,маңызды құрал т.б.

Әубәкір Нілібаев «Кітап туралы» бейнежазбасына назар аударайық.

Кіріспе.
М: Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдар да дүние жүзінде аз емес. Мысалы: Әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай ұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп, бүкіл әлемге танылады. 
Кітапта алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы 
Кітабыңның әр бетін,-деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. 


Кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз?

Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар  мүлдем басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын біздің елде.

Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина  өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер  түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол.
Арман
Кітап – араб сөзі, “жазба”,ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз.Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.


Ерасыл

Қыш- ең көне кітаптар. Сазбалшықтан арнайы тақтайшалар құйылып.оның жүмсақ бетіне үшкір қаламшалармен жазу жазылды. Олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді де, белгілі бір ретпен текшеленіп жиналды. Міне осылайша қыш кітаптар дүниеге келді.

Нұрали
Қыш кітаптардан кейін сол ежелгі Мысырда жазуға ПАПИРУС қолданыла бастады. Кітап «папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықгалып оралды. Сөйтіп орама кітаптар келіп шықгы.

Ерасыл

Пергамент” кітабы. Кіші Азиядағы пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі.Ол сол патшалықтың атымен”Пергамент” деп аталды.Пергаментке , яғни жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді.

Төлеген:
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші. Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші.Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды.

Мөлдір

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.  Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. 

Кітап басу цехы.( слайд)  
Түптеу цехы.( слайд)  

Мұғалім: Ал балалар, кітап туралы қандай өлеңдер білесіңдер? 
1 - оқушы:Ерасыл

Саған білім жемісін, 
Оқулығың береді. 
Талай адам сол үшін, 
Маңдай терін төгеді. 

2 - оқушы: Арман
Орманшының аялы, 
Алақаны өсірген. 
Сонау ағаш саялы, 
Қағаз үшін кесілген. 

3 - оқушы: Әбілмансұр
Ағаш кесіп қаншама адам
Ормандарда жүреді. 
Аға қанша шаршаған, 
Ағаш тиеп үнемі. 

4 - оқушы: Мөлдір
Машинист боп жасынан, 
Дүбірлетіп даланы, 
Сол ағашты тасыған, 
Білер ме екен көп адам. 

5 - оқушы:  Төлеген
Заводтарда күн - түні, 
Қағаз жасап бағалы. 
Қанша адам кім үшін, 
Маңдай тері тамады. 

6 - оқушы: Әбілмансұр
Оқулықты баршаға, 
Талай ғалым қолға алып. 
Жылдар бойы қаншама, 
Жазады ұзақ толғанып. 

7 - оқушы: Төлеген
Әдемілеп берсем деп, 
Бояу жағып не түрлі. 
Суретшілер көркемдеп
Қанша уақыт отырды. 

8 - оқушы: Нұрәли
Әріп теру үшін де, 
Талай адам терледі. 
Баспахана ішінде, 
Айлап тыным көрмеді. 

9 - оқушы: Мариям
Оқулықты мектебің 
Берер саған теп - тегін. 
Білмейсің - ау еш бірақ, 
Қаншама еңбек кеткенін. 

10-оқушы:Анэль

Кітап бес әріптен құралған

Сиқырлы арман

Өнерге өсиет,жаңа күн,

Сәуле шашқан


11 - оқушы: Нұрәли
Оқулығың құралың, 
Жағар білім шырағын. 
Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір адым. 

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке

Көрініс: «Кітаптар мұңы» 

Әбілмансұр: - Ей, бауырым тұрсаңшы! 
Төлеген:(Ана тілі) - Біз қайда келдік өзі? 
Мөлдір:(Қазақ тілі) – Ой, мазамды алмашы. 
Нұрәли: (Математика) - Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткені дұрыс еді ғой? 
Әбілмансұр:- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің осындай күйге түскен. 
Әбілмансұр.- Ой, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің. 
Төлеген:- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілімін ғой. Мені басып шығару үшін қаншама адам еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым ғой. 
Мөлдір: - Бәрімізде сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім. 
Нұрәли:- Мен ше, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, апасы да, ағасы да қой демеді ғой, шіркін! 
Мөлдір:- Е онда мұңдас болдық қой, достым. Мені де Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді, бетімді, сызып шимайлады ғой. 
Әбілмансұр:- Әр оқушы өз кітапбына ұқыпты болса ғой әттең. әрине әдепті балалар көп. Мысалы менің бір досым бар. Ол екеуміз бір парталас болдық. Оқушы деп соның иесін айт! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды. 
Төлеген:- Иә, енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін, осы екеуміздің мұңымызды естіген балалар болашақта кітаптарын таза, жыртпай ұстайтын шығар деп үміттенемін. 
Бәрі: - Иә, достар кітап, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен. 
Дәптермен жұмыс.

Анэль: Есіңе сақта!   

  • Кітап жатқан үстел беті мен жарықтың ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек.

  • Кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 см  және әрбір 45-50 минуттан соң оқудан үзіліс   жасап отыру керек.

М: Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған,-дей келе сөзді мектеп кітапханашысына береміз.
Мектеп кітапханашысы Мукашева Миргүл

Оқулықтарын таза ұстаған оқушыларға мадақтама қағазын береді.

Кітап оқу ережесі туралы айтады.(Әр балаға  жадынама үлестіру)

1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма;  

2.Кітапты күнделікті үзбей оқуға дағдылан;

3.Кітапты қалай болса солай оқымай,оларды белгілі бір мақсатпен,жоспар бойынша оқы;  
4.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек; 

5.Кітапты оқығанда ойға сақтауға,керекті сөздерді жазып алып,өмірде пайдалануға әдеттен;

6.Кітапты көп оқысаң,сөз байлығың молайып,ойлау қабілетің терең болады;
7.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.  
8.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.  

 “Жалғастыр” ойыны

Екі топ бір-біріне кітап,оқу-білім туралы мақал-мәтелдің жалғасын тауып айтып,мағынасын түсіндіреді.
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық).  
2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы).  
3.Кітап – ... (алтын қазына).  
4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

5. Әліппенің ар жағы- (білім бағы)

6.Көп біл,  «аз сөйле)

6. Оқусыз  білім  жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

7. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).

8.Кітап — оқығандікі, білім тоқығандікі.

9.Күш – білімде, білім – кітапта.

10.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
11.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
12.Көп жасаған білмейді,көп оқыған  біледі
М: Келесі кезекті бізге қонаққа келген Аудандық балалар кітапханасының кітапхана шыларына береміз.

Аудандық кітапхана тарихынан презентация және кітап көрмесімен таныстырады.

Ән: «Кітап»

Қорытынды:  «Ой қозғау» кезеңі деп аталады (сұрақтарға жауап алу)

1.Кітап неден жасалады?  
2.Кітапты қалай ұстау керекпіз?  
3. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім?
4.Алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз?

5.Балаларға арналған қандай газет журналдарды білесіңдер?

6.Өздерің оқып жатқан оқулық қандай баспадан шыққан?

7.Ыбырай Алтынсариннің алғашқы кітабы қалай аталды және осы кітапта қандай өлеңі жарық көрді?
8.Оқыған кітаптарыңды ата.

Қорытынды бөлім.

Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жол басшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы.
Қазақстанның әрбір азаматы білімді,мәдениетті,өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім қажет.Ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор.Өйткені, әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Арамызда кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

Үйге: Кітап туралы эссе жазып келу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2018
1478
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі