400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

“ Компьютерлік желі” тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік желілердің классификациясы. Internet.жолдары туралы түсінік беріп
Материалдың қысқаша нұсқасы



111504 2 «Электрлік жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электр мантёры» мамандығының ЭЭМ-318тобы.
Ашық сабақ. Информатика пәнінен
Компьютерлік желітақырыбындағы
дайындаған
: Физика және информатика пәні оқытушысы: Дәуренбекова Ақмарал Ергешқызы




Тақырыбы: Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы.

Сабақтың мақсаттары: Студенттерге  компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы. Компьютерлік желілердің классификациясы. Internet.жолдары туралы түсінік беріп тәжірибеде қолдануға дағдыландыру. Дамытушылық:Пәнді оқыта отырып, студенттің  ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Студенттің танымдық, ойлау қабілетін дамыта отырып, жүйелі сөйлеуге үйрету. Болашақта алған білімдерін өз мамандықтарында  қолдана білуге баулу

Сабақ жабдығы: ТҚЕ плакаты, ДК, электронды  оқулық

Пәнаралық байланыс: Информатика, Ағылшын тілі

Сабақ түрі: Жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы





Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

    2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

    3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

    4. Тапсырмаларды орындау

    5. Сабақты бекіту

    6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

Растрлік, векторлық форматтарды қолдану

Жаңа сабақ:

Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар

Телекоммуникация құралдарымен өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).

Компьютерлік желілер желгілікті (локальная) және ауқымды (глобальная) болып бөлінеді де, аппараттық және бағдарламалық қамту құралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.

Жергілікті компьютерлік желі – ортақ міндеттерді атқаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысқан өзара жақын орналасқан компьютерлер жиыны.

Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасу талабын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен құралдар болуы қажет.

Компьютердің желілік аппараттық және бағдарламалық құралдарын қамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.

Негізгі желілік хаттамалар - ISO (International Standard Organization)  Халықаралық стандарттар ұйымымен стандартталған және барлық желілік құралдар өндірушілерімен қамтамасыз етіледі.

Хаттамалар:

  • желінің физикалық және электрлік параметрлерін;

  • орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, ақпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;

  • ақпаратты беру кезіндегі қателікті табу және түзету реті және т.б. қызметтерді орындайды.

Жергілікті компьютерлік желінің физикалық негіздер

Компьютерді ЖКЖ-ге қосу үшін кеңейтілу слотына немесе аналық платаға орнатылатын және желілік сымға қосылатын арнайы қосқышы бар желілік адаптер қажет.

ЖКЖ үшін қазіргі кезде келесі ақпаратты берудің физикалық орталары қолданылады:

  • Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, бірақ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-150 м-ге дейін;

  • Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға қарағанда қымбат орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-500 м-ге дейін;

  • Көпталшықты сым (сур.4) – ең қымбат нұсқа, көбінесе қуатты компьютерлерге қолданылады; компьютерлердің арақашықтық ұзақтығы 2 км-ге дейін;

Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалық радиоканал қолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды қажет етпейді, бірақ сымды байланыстарға қарағанда қымбат.



Сабақты бекіту: Студенттерге төмендегі сұрақ қойылады. Жауаптары арқылы тақырыпты толық түсіндіріп өтемін.

Компьютерлік желі дегеніміз не?
*Жергілікті желінің қызметі қандай?
*Корпоративті және аймақтық желілер деген не?
*Шлюз деп нені атайды?
*Желілік құрылғыға не жатады?
*Желілік адаптердің қызметі қандай?
*Интернетке қандай анықтама беруге болады?

Үйге тапсырма: Компьютерлік желілер              



Түркістан облысы

Созақ ауданы, Таукент елді мекені, «№24 колледж» МКҚК

Физика және информатика пән оқытушысы: Дәуренбекова Ақмарал Ергешқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі