« Көңілді ойындар» (математикадан қорытынды кіріктірілген ойын)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Көңілді ойындар» (математикадан қорытынды кіріктірілген ойын)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1.Балалардың сан және санау,геометриялық пішіндер,кеңістікті бағдарлау бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту. 2. логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. 3.ойындар арқылы математикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықтарын арттыру,шапшаңдыққа,тапқырлыққа үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Көңілді ойындар» (математикадан қорытынды кіріктірілген ойын)

Мақсаты: 1.Балалардың сан және санау,геометриялық пішіндер,кеңістікті бағдарлау бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.

2. логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3.ойындар арқылы математикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықтарын арттыру,шапшаңдыққа,тапқырлыққа үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекіліктері: Сандар,әртүрлі пішіндер,суреттер,робот тышқан.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Бақыт деген-осы шаттық шеңбері,

Қол ұстасып тұрайықшы,кел бері.

Бақыт деген-көрмей қалса сағынып,

мені іздейтін, адал жүрек сендегі.



Жұмбақтар жасыру


1.Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар? (шеңбер)

2. Төрт қабырғасы тең болса

Төрт бұрышы тең болса,

Жауап берер балақай,

Ой өрісі кең болса.

Бұл қандай пішін екен? (төрт бұрыш)

3. Бұрыштарын табамыз,

Бұған келер шамамыз,

Төбесінен сырғанап,

Құлап қалсақ күлеміз.

Бұл қандай пішін ? (үш бұрыш)

Ендеше балалар, осы пішіндерге байланысты әркім өз орындарына жайғасыс жыл бойына алған білімдеріңді тексеру үшін ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі көңіл-күйімізді біліп алайық.

Бүгінгі көңіл-күйіміз қалай?

Жүргенде қалай?

Жүгіргенде қалай?

Ойнағанда қалай?

Ұйықтағанда қалай?

Отырғанда қалай?

Бүгінгі күнімізге сәттілік!


Ғажайып сәт:

Қораптан істен шыққан Робот шығады жанында тапсырмалары бар. (тәрбиеші балаларға роботтың қуаты азайып бұзылып қалғанын айтып,әрбір тапсырманы орындаған сайын роботтың қуаты артып,күш алатынын айтады)


1Shape1 -


Shape2

2-

3Shape3 -




Робот тышқан арқылы бірінші қай тапсырмаға бару керегін анықтайық.



1-тапсырма

«Дұрыс орналастыр»

Шарты: көрсетілген үлгіге қарап роботтарды дұрыс орналастыру


Тапсырманы орындап қайта робот тышқанға барып келесі тапсырманы анықтау.


2 — тапсырма: 


«Сәйкестендір» ойыны

Шарты: Заттарды санау арқылы сандармен сәйкестендіру


Тапсырманы орындап қайта робот тышқанға барып келесі тапсырманы анықтау.




3 — тапсырма:

«Сыңарын тап» ойыны.

Шарты: киіз үйдегі түстерге қарап пішіндерді орындарын тауып орналастыр.



4- тапсырма: «Пирамида» ойыны

Шарты: берілген үлгіге қарап түрлі-түсті стақандармен пирамида құрастыру



Балалар,байқайсыңдар ма, әр тапсырманы орындаған сайын робот қозғала бастады. Соңғы тапсырмада толық қуатталып сөйледі.

Робот:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Маған сендердің үлкен көмектерің тиді,сендер болмағанда мына тапсырмаларды орындамағанда мен былай сөйлемес едім.

Дүниеге қайта келгендей сезініп тұрмын. Маған екінші рет өмір сүруге мүмкіндік бердіңдер,рахмет сендерге. Сендерге менің сыйым бар.

Сыйлығын беріп,алғысын айтып кетеді.

Сергіту сәті:

«Кеңістікті бағдарла» лентамен ойын


Қортынды: Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік.

Ендеше, осымен ашық ойын іс-әрекетімізді аяқтаймыз.


Тәмам болды осымен,

Ашық ойын біздегі.

Қошемет сын сіздерден,

Рахмет айту біздерден.

Сау-саламат болайық.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2024
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі