Оқу іс-әрекетінің
тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы
ойындар.
Мақсаты:
-
Балаларды қысқы ойындарды
әңгімелеп айтуга баулу.
-
Табиғат көрінісін сипаттап,
қызықтарын әңгімелету арқьілы бүлдіршіндердің шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
-
Бір-біріне қамқор болуға,
ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің
барысы:
1.Ұйымдастыру. Кіріспе
бөлім.
а) Жұмбақ
шешу.
Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ
сурет салады көп.(Аяз)
ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы
сабақ тақырыбын ашу.
-
Аяз жылдың қай мезгілінде
болады?
-
Қыс мезгілінде
болады.
-
Аяз қандай
болады?
-
Қатты, суық. Бетті, қолды
үсітіп жібереді.
-
Аязды күні ойнауға бола
ма?
-
Болады. Суықтан қорықпау
керек.
-
Қандай қысқы ойындарды
білесіңдер?
-
Аққала соғамыз, сырғанаймыз,
шаңғы, шана, коньки тебеміз.
-
Хоккей
ойнаймыз.
-
Негізгі
бөлім.
а) Түсіндіру. Қарлы боранымен,
сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз,
денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала
жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала
келеді).
Ауыл алды
ақшақар,
Ақша қарда
балалар.
Соғып жатыр
аққала,
Жалқауы жоқ
жұмысқа.
Сергіту:Қыздырайық
денені,
Кел, балалар, кел
бері.
Қыздырайық
денені,
Орнымызда
тұрып-ақ.
Жүгірейік бір уақ бір, екі,
үш,
(Орындарында тұрып жү-
гіреді).
Бір, екі,
үш!
Екпіндей
түс,
Аяқты алға
созайық.
(Аяқтарын
алга кезек-кезек көтереді).
Тік көтеріп
қозғайық!
б) Аққаланың келесі
тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не
ертегі құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді
шығарады. Сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып,
сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін
айтады.
Тірек
сөздер:
Ақ қоян, мәнерлеп сырғанау,
сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен
жүйткиді.
Тірек
сұрақтар:
-
Ақ қоян, сүр қасқыр, түлкі
және кірпі қандай ойындар
ойнады?
-
Ақ қоян не
істеді?
-
Хоккей ойнау үшін қандай
құралдар қажет?
-
Кірпі сыртқа не алып
шықты?
Қыс түсті.Ақ қоян, сұр қасқыр,
тцлкі және кірпінің іштері пысты. Олар ойнамақ болды. Мұзайдында
қоян конъкимен мәнерлеп сырғанады. Сұр қасқыр шаңғы тепті. Түлкі
хоккейге қажетті құралдарды алып шықты. Барлығы хоккей ойнады.
Кірпі қырдан (дөңнен) шанамен
сырганады.
Дәптермен
жұмыс:Дәптерге қысқы ойынға қажетті
құралдың суретін салады.
3. Оқу іс-әрекетін
қорытындылау.
а) «Кім жылдам?» дидактикалық
ойыны.
Тақтаға шананың, шаңғының,
коньки, аққала, т.б. суреттерді іледі. Балалар суреттегі заттардың
атын айтады, сонан соң сол сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін,
сөйлемдер құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шағгы,
жып-жылтыр коньки, аппақ аққала,
т.б.
ә) Балалар қысқы ойындар
туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға
салады.