400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Кто поможет Айболиту?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Упражнять детей в звуковом анализе слов, различать гласные, твердые и мягкие согласные звуки, определять словесное ударение. Учить называть слова с заданным звуком. 3. Упражнять в делении слов на части-слоги. Разгадывать простейшие кроссворды. Развивать логическое мышление, коммуникацию, желание помочь товарищу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі!


Тәуелсіздік- кешегі ел үшін егеулі найза қолға алып, ұлтарақтай жеріне ат үстінен түспеген батыр бабалардан қалған жәдігер сөз, тәтті ұғым. Жұмыр жердегі қай халық үшін болса да, азаттықтан асқан ұғым жоқ. Сондықтан Тәуелсіздік қашан да киелі құндылық, асыл қазына.

Міне, көзді ашып жұмғанша осы жылы да Қазақ халқы тағы бір мәрте тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлағалы отыр. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамыған және дамып келе жатқан мемлекетпіз.

Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

Бақыт құсы қонып, Тәуелсіздік туы желбірегеннен бері, бірінші Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жетекшілік етуде. Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі кезеңінде Президент еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол - Қазақстандық жолды қалыптастырды. Тұңғыш Президент күні мерекесінің аталуы- соның бір дәлелі.

Еліміздің күні бүгінгі көк туын мақтанышпен, үлкен құрметпен ортаға шығару үшін қаншама адам тер төкті, қаншама адамның жаны пида етілді. Осыны біздер, ұстаздар, әр баланың санасына жеткізе отыра, олардың өз жеріне деген патриоттық сезімдерін одан әрі жандандыра түсеміз. «Парасат» мектеп-лицейінде күнбе-күн өтіп жатқан әртүрлі іс-шаралар, күнделікті тәрбиелік мәні зор сабақтар осының асқақ діңгегі болмақ.

Күні бүгін Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау. ЭКСПО-2017 көрмесі еліміздің тағы бір мәрте асқақтағанының белгісі. Иә, тарих парағының қайсысына үңілсек те, Тәуелсіздіктің бізге бергені мол екеніне көз жеткіземіз.

Енді міне, күні бүгін әр азамат басын тік көтеріп мәңгілік елде тұрып жатырмын деп айтса артық етпес деп ойлаймын. Жүрегімді кернеген қуанышты еш жасыра алмаспын. Иә, менің елім «Мәңгілік елге» айналды. Қай жағынан алып қарасам да тереземіз басқа елдермен теңбе-тең келді. Көк туымыз үлкен мереймен шарықтап, құрметке толып, дархан елде желбіреп тұр. Енді бұдан артық не керек? Елдің де көксегені осы емес пе? Иә, нақ осы шақ...

Қазақстан үшін мәңгілік ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті осы.

Тас бұғаудан босанған тәуелсіз ұлтымның басына қонған бағы -төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты ата -бабаларымыздың жолын әрдайым аялы алақанда құрметтеп өтейік, ағайын! Тәуелсіздіктің жиырма алты жылдығы бәрімізге де құтты болсын!


«Парасат» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Құлатаева Анар Жақсылыққызы






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі