Материалдар / " Күлше қыздың жаңа жыл кешіне келуі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Күлше қыздың жаңа жыл кешіне келуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
7-8 сыныпқа арналған, жаңа жылдық сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
777
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 мектеп - лицей

Picture 1

«Күлше қыздың жаңа жыл кешіне келуі»

Picture 2

Picture 3



Дайындаған: Князова Б.Б

Ешмұқанова А.С

Ермагамбетова А.С

29.12.2018 жыл


Тақырыбы: «Күлше қыздың жаңа жыл кешіне келуі»

Мақсаты:

Білімділігі: Жаңа жыл туралы түсініктерін арттыру.Мерекені сезіндіру.Аяз ата мен Ақшақар туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы:Мерекелік көңіл күй ортасын ұйымдастыру.Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету,хормен және жек ән айту шеберліктерін арттыру.Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

Тәрбиелілігі: Ойлау қабілеттерін арттыруға,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын,сұрақ-жауап,ертегі әлемінде.

Кейіпкерлер: Күлше қыз,Ергежейлілер,Патша,Ханзада,Кішкентай ұлпақарлар,Қатал шешей,Фея,Аяз ата,Ақшақар.

Көрнекіліктер: Безендірілген зал,әдемі костюмдер,Фея таяқшасы,қол шамдары.

Фанфары ойналады.

Журналисттің хабарламасы.

Музыка ойналып,ортаға ергежейлілер кіреді.музыка

1 ергежейлі: 
Біз сүйкімді ергежейлі, 
Орманда біз тұрамыз, 
Біз сүйкімді ергежейлі 
Ертегіні бастаймыз.  
2 ергежейлі:

Орманды біз қорғаймыз 
Қазынаны жинаймыз,
Бізді енді таныйсыңдар 
Біз мейірімді құртақандар
Ойын сауық кешіне шақырамыз. Барлық қыздар қауымын. Ханымыз солай бұйырды. 

Фанфары ойналып ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Келді тағы жаңа жыл
       Қуантумен біздерді
       Құтты болсын қуаныш
     Құттықтаймыз сіздерді.

Барша қонақтарды бүгінгі жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын   

Күлше қыз шығуы әуен

(Күлше кыз, билейді)

.Осы кезде әуен ойналып қолында сыпырғышы мен шелегі бар Күлше қыз шығады.

Күлше Қыз: Онда қандай көңілді

Шам шырақтар жағылған

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап,-деп әндетіп сыпырып жүреді

Сол кезде Қатал шешей тәкәппарланып келіп,

Қатал шешей:Тапсырма мен ойлап таптым,

Көңілді сен босатпа

Біз келгенше кешімізден

Жүр үй ішін жинақта,-деп алдына салып алып кетеді.

Жүргізуші:. : Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын-жарқын ән салып

Жалғасады жырға –жыр.

Мінекей жасыл шырша

Қуаныш жалпыға

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра!

Қуан бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

(барлығы бірге айтады, шырша шамы жанады)

Хор: «Шырша жыры».

Қатал шешей қыздарымен кіреді:.әуен өгей шешенің шығуы.Қандай керемет,мереке басталып кетіпті ғой.

Жүргізуші:Я,біз мерекені бастап кеттік,мұнда көңілді әрі қызықты өтеді.

Қатал шешей:Ендеше сұлу қыздарыма әдемі көйлектерін кигізіп алып келейін,-деп шығып кетеді.

Осы кезде бір бұрышта Күлше қыз жылап отырады.

Жүргізуші: Неге жылайсың?Мерекеге қатысуға көмектесеміз.

Күлше қыз: Мерекеге қатысуға әдемі көйлегім жоқ.

Сиқырлы әуен жүріп, Фея кіреді:әуен

Күлше қыз:Сәлем бердім сізге мен

Келгеніңе қуанып.

Фея:Жылама қызым жылама

Жақсылықтың бәрі алда

Орындалып арманың

Сенде кешке барарсың

Күлше қыз:Қандай ғажап адамсың

Ризамын мен өмірге

Ойын сауық кешіне

Кір көйлекпен қалай барамын?

Фея: Ай мен жұлдыз жарығы

Жол көрсетер сендерге

Құпия сиқыр таяғы

Ергежейлер көмекке келер біздерге

Сиқырлы таяғын сермейді,жарық өшіп,қолдарында қол шамдары бар ергежейлілер ортаға шығып қызды айнала тұрп қалады.

Би: «Фея: Тыңда қызым бері қараша

Айтар саған бар сөзім

Сағат тілі 12 соққанда

Сиқыр күші жоғаларын ұмытпа!-деп Фея шығып кетеді.

Күлше қыз: Рахмет!Ендеше жаңа жыл кешіне арнап әдемі ән орындалса.

Берденова Жанар мен Шамғалова Аружанның орындауында

Ән: «Кел Жаңа жыл».

ОPicture 4 сы кезде сарайда сайқымазақтың биі

Би аяқталысымен ортаға Патша ұлымен келеді.

Патша: Бұл не деген бейбастық

Тағы қонақ келген бе?

Танымайтын ханшайым

Қайдан келдің?Қай жақтан?

Ханзада: Келгеніңе қуанып

Көтерілді көңілім

Бейтаныс қыз қолыңды бер

Кел билейік танысып

Би: «Мерекелік вальс».әуен

Күлше қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын

Бірақта мен қала алмаймын

(Сағат тілі соғады.) әуен

Жүргізуші: Балалар,қалайша Күлше қызды жіберіп қоямыз,мүмкін бізге Аяз атамен Ақшақар көмектесер,а?Олай болса қатты дауыстап Аяз атамен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Picture 6

Балалар айқайлап шақырады.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар! 3 - рет
Жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата – аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Келер Доңыз жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.)
8г сынып.кукарелла.
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.

Не болып жатыр ,күлше қызда мында екен гой.

ЖPicture 5 үргізуші:күлше қыз кештен кетем деп жатыр.біз жібергіміз келмейді ,сіз мүмкін кеште қалуына көмектесерсіз.

Аяз ата:Тоқта қызым ,асықпа

Бүгінгі кеш ерекше

Бәріміз қарсы алайық

Жаңа жылды ерекше!

Ақшақар:Айтқан тілек жаңа жылда

Орындалар әрқашан

Тілек тілеп әрқайсымыз

Жаңа жылды тойлайық.

Күлше қыз:Жаңа жылда келіп қалды

Тілек тілер уақыт болды.

Аяз ата:Армысыңдар жараңдар

Атқан таңға қараңдар

Шуағын шашып Алтын күн

Жаңа жылмен құттықтап

Келіп жеттім алыстан

Қуаныштымын мен бүгін.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер біздің кешіміздің арнайы қонақтары.


Аяз ата:.Сені ренжіткен кім?Балалар Күлше қызды кім ренжітті?

Балалар: Қатал шешей.....

Аяз ата:.сиқырдың күшін жою үшін Малифисента мен Афрораны шақырайық.

-Біз келдік Аязата қандай көмек керек

Аяз ата:.Күлше қыздың сиқырын жойып беріңдер

Осы кезде ортаға Қатал шешей келіп,Күлше қыздан кешірім сұрайды.

Жүргізуші: Сізді кешіреміз,жаңа жылда татулықпен жалғастырайық.Ендеше бүгінгі кешіміздің арнайы қонақтары ортамызда қалайша оларға арнап би арнамаймыз.

Би ------цыган биі ата –аналар 7г сынып

Picture 8

Аяз ата: Жарайсыңдар!

Жүргізуші: Балалар, осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?
Ақша қар: Барлығымыз қосылып Жаңа жылды ортаға шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл! 3 - рет. Музыка ойнайды. әуен
Жүргізуші: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Аяз ата: Амансың ба, Жаңа жыл! Балалар биылғы келген жыл - Доңыз жылы.


Доңыз: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым.

Жаңа жыл:
доңыз жылы жақсылыққа бағыттаған
доңызбын мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл!
ит жылының мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

жүргізуші: биылғы ит жылында көптеген оқушыларымыз жақсы жетістіктерге жетті. Мектебіміздің 2017-2018 жылдарында аудандық,облыстық,республикалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған—7в сынып оқушысы Сарина Айкөркем Қазақ әдебиетінен аудандық байқаудан жүлделі 2-орын

7г сынып оқушысы Қанат Назерке ауылшаруашылық республикалық байқауының сертификатымен марапатталды.

7в сынып оқушысы Тлеубергенова Рауан республикалық шығарма жазудан 3-орын алса

7 г сынып оқушысы Алтын күз атты республикалық сурет байқауында 1-орынмен Барлықова Диана марапатталды

7 г сынып оқушысы Шамғалова Аружан аудандық тоғызқұмалақтан 1-орын

8 г сынып оқушысы 2005-2007ж.ж.жасөспірімдер арасындағы темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігінде 46 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болған Жалғасбай Әмір

8 г сынып оқушысы


Ән.Дәрібаевтар

Жүргізуші:
Ал, достар құрметпен ит жылын шығарып салайық.
Ит: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың
алғыс, мен енді қайтайын,қош балалар.
Барлығы: Қош бол, Ит жылы, Қош бол!
Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3 - рет.әуен
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: – Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып – қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.


Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сіздерге арналған балаларлың өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

:Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

:Мұздай моншақ тағынып

Күміс қырау жамылған

Ортада тұр ақшақар

Көптен күткен сағынған.

:Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

:Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Ақшақар: Қандай өнерлі,ақылды,парасатты балалар, жарайсыңдар.Балалар менде сендерге қызықты ойын алып келдім,қәне ойнаймыз ба?

Әуен: Ойын

Picture 7

Шарты: Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.(жеңіске жеткен жеңімпазға сыйлықберіледі)
Жүргізуші: Ақшақар ойыныңызға рахмет,балаларды бір сергітіп алдыңыз,ендеше сізге дайындаған қыздарымыздың үнді биін тамашалаңыз

Би: «7г үнді биі ».

Аяз ата: Ой жарайсыңдар!Балалар өркендерің өссін,өнерлеріңді тамашаладым,сендер секілді балалар күтіп отыр,оларды да қуантайын,жаңа жылды жақсылап қарсы алдық,сау болыңыздар!

Ақшақар:Тыңдаңызшы,ата сіз мені

Ұмыттыңыз сіз нені?

Аяз ата: О,қызым есіме салғаныңа рахмет.

Күлше қыз бүгін достасты

Араздықпен қоштасты

Жаңа жыл келіп ортаға

Бәрімізбен қауышты

Сыйлығым дайын сендерге

Бөліп берем бәріңе!

Осы шыршаның безендіруіне атсалысқан ата-аналар бар деп естіп келдім .Сол ата -аналармен танысып алыстан алып келген құрмет сыйымды беріп кетсем.Қане ортаға шақырсақ.

8г сынып атынан Мұханбетова Назгүл Мұханбетовна

7 в сынып атынан Айболатова Әлия Мұратқызы

7 г сынып атынан-Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы және Естеков Мырзабек Бокашұлы

(ата-аналарды шақырып марапаттау)

Picture 9 Picture 10 Picture 11

Ал, балалар сау болыңдар біз жүрейік!Шығып кетеді. әуен

Жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда

Құс жолымен би билеп біз барамыз.

Флэшмоб:«Көңілді Жаңа жыл»

 І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!