400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

« Күз- береке, Күз –мереке!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілі жайлы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Күз- береке, Күз –мереке »

Мақсаты: Балаларға күздің байлығы жайында түсінік беру. Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру. Мерекелік көңіл күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс- әрекеттерге тарту,бейімділіктерін арттыру.

Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Балалар қол ұстасып топқа кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар !

Бүгін біздің балабақшамыздың балаларының дайындаған «Күз береке- Күз мереке» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық.

Қараңдаршы, бүгін біз келген сарайдың іші қандай әдемі екен. Қолдарыңа не ұстап келдіңдер балалар?

Балалар: Жапырақ з рет

Жүргізуші: Жапырақтардың түсі күзде қандай болады балалар?

Балалар: Сары з рет

Жүргізуші: Дұрыс айтасындар балалар күз мезгілінде жапырақтар сарғайып жерге түседі.Әр мезгілдің өз құбылыстары бар.

Жүргізуші: Бұл не дыбыс балалар ! Желмен бізге не келе жатыр?

Балалар : Күз ханшайым з рет

Жүргізуші: Олай болса балалар Күз ханшайымын қарсы алайық!

Күз ханшайым! Күз ханшайым!

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар :Сәлеметсізбе

Күз ханшайымы: Уа халайық.дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсан

Тал мүсін, ханшайым

Күзің бүгін келіп отыр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен Күз ханшайымын. Сендерді көргеніме өте-өте қуаныштымын!

Жүргізуші: Қош келдің Күз ханшайымы! Төрлет төрлетіңіз!

Күз ханшайымы: Балалар, сіздерге бір жұмбақ жасырайын?

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары Бұл не?

Балалар : жапырақ з рет

Дұрыс балалар жарайсыңдар !

Жүргізуші: Балалар Күз ханшайым бізден ән сұрап жатыр. «Жапырақтар жерге түседі» әнін орындап берейік.

Балалар : Ән «Жапырақ жерге түседі.»

Жүргізуші: Ортаға қыздар «жапырақтар» биі

Жүргізуші: Балалар күз мезгілінің айларын атап шығайықшы .....

Балалар : Қыркүйек, Қазан ,қараша

Жүргізуші : Ендеше ортаға күз айларын шақырайық

Қыркүйек – Жасмин

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады

Мал мен аң жур билеп

Құс шарлап аспанды

Қазан- Айбар

Жаратқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап-ай

Осынау заманда

Орнатқан қазан ай

Қараша – Әмина

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Қараша өрледі

Қараша ән салып

Жүргізуші : Мінекей балалар күз айларымен таныстық.

Өнім биыл тамаша

Көз тоймайды қараса

Сәбіз пияз қияр картоп

Қызанақ орам жапырақ

Көкөністер дауласты

Ортаға көкөністерді шақырып алайық

кызылша - Талғат

Менде сөз айтайын

Мақтанайын бәріңе

Менсіз борщ болмайды

Салатта үстелде



қияр -Айбопе

Дәмім тіл үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне



қызынақ – Инжу

Піскен кезде қызанақ

Көз тартады түсімен

Барма адам сүсінбей

Томат шырын ишпеген.



Асқабақ-Айғаным

Өсемін бау бақшада

Ұқсаймын қатты қауынға

Жемек болып шикідей

Күлкі болмай қауымға

Жүргізуші : Күз ханшайым сізге балалардың өнері ұнап жатыр ма?

Күз ханшайым: Иә, балалар өнерлі екен, ризамын

Жүргізуші: Балалардың орындауында Қолшатыр биі

Жүргізуші:Ал енді ән шашу Күз жомарт әні

Жүргізуші:Күзде балалар дәнді дақылдарда піседі

Ортаға дәнді дақылдарды шақырайық :

Бидай – Асанали

Нан анасын бидаймын

Елге астық силаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын



Тары- Еламан

Ақ қарамын ,сарымын

Мен өнімді тарымын

Халқым еңбек сіңірген

Қайтарамын қарызын

Жүргізуші: Ортада «жапырақтар жинау» ойыны ойнатылады

Жүргізуші: Біздің Алтын күзге аранап жасаған киым үлгісін тамашалаңыздар!!

( Амина, Жасмин,Асанали,Талшын, Елдана )

Жүргізуші: Балалар біз Күз ханшайымымен қоштасайық!!! Күз ханшайым бізге тағы келіп тұрыңыз!Біз сізді сағына күтеміз!

Қош сау болыңыз!!Күз ханшайым:

Ал балалар сендерге көп рахмет

Қош сау болыңдар!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі