Материалдар / : «Күз айының ерекшелігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

: «Күз айының ерекшелігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың күз айлары туралы түсінік қалыптастыру.Алтын күздін ерекшеліктері туралы әңгімелеу.Сөйлем құрастырып әңгімелеуге үйрету.Адамдар ушін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы тусінік беру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Күз айының ерекшелігі»

Мақсаты:Балалардың күз айлары туралы түсінік қалыптастыру.Алтын күздін ерекшеліктері туралы әңгімелеу.Сөйлем құрастырып әңгімелеуге үйрету.Адамдар ушін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы тусінік беру.

Көрнекіліктер: пазл, куз корінісі бейнеленген суреттер, жемістер мен көкөністер,ойынга қажетті заттар.

Әдіс-тәсілдер: тусіндіру, көрсету, әңгімелеу,дидактикалык және қимылды ойындар,сұрақ-жауап.

Тәрбисші: Балалар,бізге бугін көптеген ұстаздар келіпті. Сәлемдесу әдептіліктін белгісі. Олай болса келген ұстаздарымызбен амандасып алайык.

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Шаттык шеңбері: Армысың кайырымды Аспан ата.

Армысың мейірімді Жер ана.

Армысың шұғылалы Алтын күн,

Армысың балабакша дос жаран!

Қазақстан Республикасының гимн.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, орындарына жайғасын отырыңдар.

Ғажайып сәт: Күз ханшаймы келеді. Балалармен амандасьш, құр қол келмегенің, өзінің күзгі байлығын және тапсырмаларын ала келгенін айтады:

Күз ханшайымы жердің орналаскан түрлі-түсті текшелерде және тактадағы түрлі - түсті пазлдарды айтып өтеді. Жердегі текшелерде тапсырмалар бар екенің және ол тапсырмаларды орындаган жағдайда пазл атылатынын және онда күз мезгілінде қолданылатын үлкен бір заттың суреті шығатының айтады.

Балалар күз ханшайымның тапсырмаларын орындауга дайын скенін айтады.

Күз ханшайымының 1 -тапсырмасы сұрақ-жауап айдары.

1) Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Төрт жыл мезгілі бар.

2) Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі.

3) Күз бізде неше ай қонакта болады?

Үш ай қонақта болады.

  1. Дидактикалык ойын: «Жылдың төрт мезгілі»

II тапсырма:

1) Күздің үш айың атап бер?

Қыркүйек, қазан,қараша.

2) Қыркүйек, қазан , қараша айларының айырмашылығын айтыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады

3) Суретпен жұмыс,

Ш тапсырма Сергіту сәті: «Жапырағы ағаштың»

Жапырағы ағаштың

Күз келді де тағы ұшты.

Айналады желменен,

Жерге қоңды жәйменен.

Атам оны сыпырды,

Сыбдыр-сыбдыр етілді.

Сары жапырақ жиылды

Таудай болып үйілді.

IV тапсырма: «Дәрумендер»

1. Біз күшті болу үшін не істейміз?

Дұрыс тамақтанамыз, қолды жиі жуып тұрамыз, таза ауада серуен дейміз, спортпен шұғылданамыз,дәруменді қабылдаймыз.

2.Дәрумендерді қайдан аламыз?

Жемістер мен көкөністерден аламыз

Алма мен алмұрта В дәрумені,сәбізде А дәрумені, пиязда АВС ,ал лимонда С, кызаңақта АВ,алманың құрамында темір бар.

4. Дидактикалык ойын: «Иісінен иіскеп танып біл»

V тапсырма:

Педагог жетекшілігімен ойналатын қимыл ойын: «Ак серск - көк серек»..

Максаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратып екіге болу.

VI тапсырма: Күз мезгіліне арналған тақпақтар:

1. Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша

Қандай әсем күз.

2. Нұрга бөлеп көңілді,

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

3. Алтын,сары қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлім деп,

Көз тартады атырап.

4. Сап-сарығып даланы,

Бояпты гой күз деген

Кұстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

5.Күз келді алақай !

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға.

Күз ханшайымы; Міне балалар сендер берілген тапсырмалардың барлығына дұрыс жауап беріл тақтадағы пазлды аштындар. Біз бұл затты жаңбыр жауғанда қолданамыз. Жаңбыр күз мезгілінде көбірек жауады . Олай болса балалар меніңде қайтатын уакытым болып қалды. Бүгінгі ашық оқу қызметімізді «Кім күз туралы көп біледі» сұрақ-жауап арқылы

қортындылаймыз. Балалардын жауаптары;

-Күзде ағаш жапырақтары саргаяды

-Күн суытады

-Жиі-жні жаңбыр жауады

- Егіндер піседі

-Құстар жылы жаққа ұшады

Күз ханшайымы өзінін әкелген байлықтарын балаларға тарту етіп қоштасып қайтады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!