400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Күз байлық береке Қош келдің мереке"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!»

Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбелеу.

Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Балалардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешеліктерін дамыту.  күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу. балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Шара түрі: Мерекелік шара

Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, өлең шумақтары, ән айту, би билеу.
Көрнекілігі: мерекелік кешке орай безендірілген сахна,

Ойын түрі: «Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан қорықпаймыз»

«Тамшылар мен жапырақтар»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жер берді жемісті

Күз келді келді келісті

Күз-байлық,береке

Алтын күз мереке(хормен) Қош келдіңіздер,

-Кеш жарық, армысыздар қадірлі қонақтар!

Тәрбиеші:

«Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!» атты меркелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші: Біздің балалардың күз мезгіліне арналған өлең шумақтарына кезек берейік.

Мирас: 1.Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз,

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

Амина:Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады сіздерді.

Жантөре:Наступила осень,

Пожелетал наш сад.

Листья на березе,

Золотом горит.

(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

Тәрбиеші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп шығар.
(жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Бұлт:
Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).

Тәрбиеші:
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғынды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
– Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.

Ән: «Ақ жауын»

Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)

Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ!

Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?

Тәрбиеші:

Міне, біз қандай батылмыз!
(қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуғы шакырады)

Бұлт: Сеңдердің ойнағыларын келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.

Ойын: «Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан қорықпаймыз»

Шарты: (Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, бидейді . Әуен тоқтаған кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).

Мақсаты: Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: балалармен:
Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Жаңбыр келіп жауады
Тамшылары тамады.

(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, бидейді . Әуен тоқтаған кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).

Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстап алмадым.

Тәрбиеші: Бүлдіршінбіз бәріміз,

Отбасындай ұямыз.

Ендеше қарап тұрмайық,

Би өнеріне кезек берейік.

Би: Ортаға «Қолшатыр» биімен бүлдіршіндерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар!

Мирас Айару Эмир Кәусар Жантөре Аяла Баубек Аруназ Димаш Айша Мақсат Амина

Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Тәрбиеші: - Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қаймезгілде ойлайсың?
Балалар:күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?Күз мезгілінде неше ай бар?


(Балалардың жауабы).
Өтежақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!
(Әдемі әуенмен , Күз ханшайымы ішке келіп кіреді).

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Ырысқа толы қоймалар,
Сабан тойы тойланар.
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың майланар.
– Сендер мені шақырдыңдар ма?

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сізді шақырған біздің балалар. Алтын күз мерекесі сізсіз қалай болмақ,Біздің бүлдіршіндерімізге көңілді ойыныңыз болса,солайма балалар.

Күз ханшайымы: Жарайды балалар кәнекей көңіл күйімізді көтеріп ойын ойнаймызба?

Балалар: Иа

Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар»
Шарты :(Кілемге үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 5 – 5 бала шығып, бірінші тақтағы бұлтқа тамшыларды, екінші талға күзгі жапырақтарды жабыстырасыздар.)

Мақсаты: жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күз ханшайымы: Бәрекелді, керемет!
Тәрбиеші:
Күз ханшайымы, біздің балалардың күз мезгіліне арналған өлең шумақтарына кезек берейік.

Балалар ортаға шығып өз тақпақтарын күз ханшайымына арнайды


Айару: Келді міне күз.

Айнала сары түс,

Керемет тамаша,

Қандай әсем күз.

Айша: Келеді көшіп комбайн,

Алтын дария егінді.

Жинап маржан бидайын,

Күзіміз неткен көңілді

Дінмұхаммед:Жапырақ ұшты,

Суықта түсті.

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Амирхан: Кап кап стучит окно,

Непоседа дождик.

Мы возмем сабой гулять,

Разносветный зонтик

Тәрбиеші: Бүлдіршінмен бәріміз,

Отбасындай бір ұямыз

Береміз ендеше

Би өнеріне кезегін.

Ортада бүлдіршіндерімізді «Көкөністер мен жемістер» биімен қошеметтеп қарсы алайық. Айша,Еламан,Арафат,Амирхан,Марал,Ибрахим,Самир,Алинұр,Бахадүр,Мұхаммед, Айдана

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп! Күзде біздің дастарханымыз дәнді-дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады. Бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбектену керек. Күзге біздің алғысымыз шексіз!

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын! Сіздерге сыйлық ретінде жемістер алып келдім, топтарыңызға апарамын, қош сау болыңыздар!

Ән: «Күз келді»

Хормен : сау болыңыз!

Тәрбиеші Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі : «Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.












«Орда Султан» ЖШС Алтын сақа балабақшасы





Тақырыбы: «Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!»

Тәрбиеші: Асан Қапиза Абылайқызы

Күншуақ тобы






Атырау 2019-2020 оқу жылы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі