400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

" Күзгі орман"(Күз мерекесіне арналған ертеңгілік )

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды күзгі табиғаттың ерекшеліктерін сезінуге,әсемдікке баулу.Мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлау. "Күзгі орман" Муз залға кіріп балалар би қимыларын көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

" Күзгі орман"

(Күз мерекесіне арналған ертеңгілік )

Мақсаты: Балаларды күзгі табиғаттың ерекшеліктерін сезінуге,әсемдікке баулу.Мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

"Күзгі орман" Муз залға кіріп балалар би қимыларын көрсетеді.

Жүргізуші:Сәламатсыздар ма құрметті қонақтар,ата-аналар!

Біздің балалармен бірге күз мерекесін,молшылық мерекесін тойлауға келгендеріңізге көптен-көп рахмет.

-Балалар біздің тобымыз ғажайып орманға айналып кетіпті гой.

Сендер білесіңдер ме бұл орманда Күз ханшайымы тұрады.

Ал оның өзі кайда екен?(жан-жағына қарап іздейді)

Балалар біз оны дауыстап шақырайықшы Күз ханшасы болмаса мерекені қалай тойлаймыз

Барлығы:Ауу, аууу

Күз ханшасы: Сәламатсындарма балалар!

Мен күз ханшасы боламын,менің ғажайып орманыма хош келдіңдер,сендерді көргеніме қатты қуанып тұрмын.

Бірақ, менің орманыма келген адамдар менің жұмбақтарымды шешуін табу керек,дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия,ия

Өрік алма,Шие,алша

Жидек жүзім піседі,

Қауын қарбыз,қияр,сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,орақ түсіп

Қырман дәнге толады

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар:Күз

Күз.Х:Жарайсындар балалар екінші жұмбағымды тыңдаңдар.

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары

Балалар: Жапырақ


Күз.Х:Ой балалар,күні бойы ормандағы барлық ағаштарды сары түске бояймын деп қатты шаршадым.

Жүргізуші: Күз ханшасы сіз шаршасаңыз демалыңыз біздің балалар сізге арнап тақпақ айтып ,ән салып би билеп көңіліңізді көтерсін.

Балалардың тақпақтары

Ән: Жаңбыр

Бұлт кіреді

Бұлт: бұл не мереке менсіз өтіп жатқан(ашуланып балаларға су бүркеді)

Балалар:Күз мерекесі

Бұлт:Менсіз күз мерекесі ха-ха-ха күз деген мен емес пе?

Бұлтсыз жаңбырсыз күз болушы ма еді тоқтатыңдар рұқсат бермеймін,жаңбырлатып,селдетіп мерекелеріңнің астан-кестенін шығарайын.

Күз Х:Тоқтат!

Мерекенің шырқын бұзба

Жүргізуші: Бұлт апай ренжімеңізші біз сізден кешірім сұраймыз бізді кешіріңізші,

Балалар: Кешіріңіз

Жүргізуші:Оданда бізбен бірге көңіл көтеріңіз,біздің балалар сізге арнап ән салып би-билеп берсін.

Бұлт: Жәрайды,жәрайды кешірдім,келіңдер бірге ойын ойнайық

Ойын: "Күн мен жаңбыр"

Би:Балалардың орындауында

Бұлт шығып кетеді

Жүргізуші :Құрметті қонақтар бұл ғажайып орманда түрлі қызықты оқиғалар болады,сіздердің ертегі тамашалағыларыңыз келе ме олай болса бідің балалар сіздерді "Шегіртке мен құмырсқа"ертегісін тамашалауға шақырады.


Муз саздық қойылым: "Құмырсқа мен шегіртке"

Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Гүлдерді аралап шегіртке ән салып жүреді.

(Айкөркем гүлдерге су құяды)


"Гүлдер" биі

"Аралар" биі


Шегіртке:

-Достар ,ұзақ күнге дамыл таппай не істеп жүрсіңдер?

Ара:

-Сұрама ,әр гүлге бір қонып шырын жинап жүрміз?

Шегіртке:

-Жинаған шырыныңнан не істейсің?

Ара:

-Бал жасаймыз?

Шегіртке:

-Балды қайтесің?

Ара:

-адамдарға сыйлаймын,Адамдар салқын тигенде осы балмен емделеді.

Шегіртке:

Адамдар сендерге не береді?

Ара:

-Үйшік жасап қамқорлық көрсетеді.Ал,сен не істеп жүрсің?

Шегіртке:

-Ой,мен егіннің дәніне тойып алып ән салып,би билеп жүрмін.

Ара:

-Жиған дәніңді не істейсің?

Шегіртке:

-Не істеуші едім,тойғанша жеймін.Басқан ізіме у шашатын адамдарға сыйлайды деп пе едің, сен сияқты.

Ара:

-Түіндім,түсіндім адамдардың сені неге жақсы көмей улайтынын

(Шегіртке аранының сөзін ұнатпай бұрылып ұшып кетеді,аралар ізінен қуып кетеді.) Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра.

Шегіртке: Қарағым жылыт,тамақ бер

Жаз шыққанша асыра!

Құмырсқа:Мұның жаным сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа,

Ала жаздай қылмап па ең?

Шегіртке: Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу,үйлі ме.

Көгалды қуып ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме?

Құмырсқа:

Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші әнші есіл ер.

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де,билей бер.

(Құмырсқа шығып кетеді,шегіртке жылап келе жатады)

Жүргізуші: Шегіртке жылам біздің балдар сені еңбек етуге үйретеді,ал қазіше кел балалармен бірге ән салып би биле.

Ән "Еңбек етсең терлеп"

Ойын: "Орамжапырақ"

Би: Бәрі керемет болады (кішкентай жұлдызда)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі