жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
« Мамандық - өмір қалауы»
Сабақ жоспары |
|||||
Сынып |
8 «Б» |
Сабақ №3 |
|
||
Күні |
17.05.2020 |
Ұзақтығы |
40мин. |
||
Сабақтың тақырыбы |
« Мамандық - өмір қалауы» |
||||
Сабақтың мақсаты. |
Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
|
||||
Сабақтың міндеттері: |
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету; Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету; Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру; Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру. |
||||
Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, Таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, Өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру. |
||||
Сабақтың түрі |
Сұрақ-жауап, пікір алысу. |
||||
Қажетті жабдықтар |
Интерактивті тақта, постер, стикер,көрнекілік. |
||||
САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҚЫСҚАША ЖАЗБАСЫ |
|||||
Сабақтың барысы |
Уақыт |
Оқытушының әрекеттері |
Тыңдаушының әрекеттері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Ұйымдастыру |
3 мин |
Оқушылармен амандасу,түгендеу
|
Мұғаліммен амандасу |
|
|
Мамандық туралы мағлұмат |
5 мин |
Мәліметті толық тындайды, сұраққа жауап береді. |
Оқушылар қосымша мәлімет алады. |
Бейне материял |
|
Әңгімелесу |
10 мин |
Әңгімелесу арқылы ой санасын кеңейту. |
Қосымша мағлұмат алады. |
|
|
Пікірлесу |
10 мин
|
Пікір алмасу арқылы ой дамыту. |
Сөздік қорын көбейту |
|
|
Сұрақ-жауап |
10 мин |
Жауап беру. |
Өз ойларын білдіру. |
|
|
Сергіту ойыны |
8 мин |
Таңдау жасай білу. |
Қабілеттілігін дамыту. |
Геометриялық фигуралар |
|
Қорытынды Рефлексия
|
4 мин |
Сабақты қорытындылау. |
Мұғаліммен қоштасу. |
Көрнекілік |
|
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
1.Ұйымдастыру. 3 мин
2. Мамандық туралы мағлұмат. 5 мин
3. Әңгімелесу. 10 мин
4. Пікірлесу. 10 мин
5. Сергіту ойыны. 8 мин 6. Қорытынды 4 мин
Тәрбие сағаты сценарий
Сабақтың тақырыбы: «Мамандық - өмір қалауы»
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту
Көрнекі құралдары: тақта, ақ бет, маркер, стикер, фотосуреттер.
Әдіс-тәсілдер: Қанатты сөздер, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың барысы: «Мамандық»
1. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздерме оқушылар «Мамандық - өмір қалауы» атты тәрбие сағатымызды бастайық!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз.
2. «Мамандық - өмір қалауы» мағлұмат.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Бұған не себеп деп ойлайсыңдар сұраққа жауап беріңдер?
1) Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?
2) Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар?
3)Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
3. Әңгімелесу.
1) Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2) Қандай мамандық таңдайсың?
3) Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4) Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5) Бұл заман талабына сай ма?
6) Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7) Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
4. Пікірлесу.
1) Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
2) Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
3) Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
4) Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
5) Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
6) Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
5. Сергіту ойыны.
Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Қорытынды:
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
6
.
Рефлексия
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
«Бекітемін»___________
Колледж әдіскері: Керимбаева А.Д.
«Келісемін» ___________
Сынып жетекшісі: Увалиева А.А.
ТӘРБИЕ
САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Мамандық – өмір қалауы»
Өтетін орны: «№ 4 ЖОББМ» КММ
Сынып: 8 «Б»
Мерзімі: 17.05.2020
Тобы: 202
Машықкер: Жеңіскан Күлбайыр.
Баға: «___» ___________________
Семей, 2020 жыл
|
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области |
Методическая инструкция СМК МИ-7.5-24-03 Оқу-әдістемелік кешенді құрастыру туралы әдістемелік нұсқаулық/ Методическая инструкция по оформлению учебно-методического комплекса |
Издание /басылым 1/2017 Стр/бет.
|
Технологиялық карта
Орындаған:Жеңіскан Күлбайыр Тексерген:Керимбаева А.Д. |
Семей, 2020

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген